Тарих кафедрасы


Білімді тексеру, есепке алу және бақылау сабагы



бет5/16
Дата03.02.2017
өлшемі3,12 Mb.
#8639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Білімді тексеру, есепке алу және бақылау сабагы

Бақылау сабағы тақырът немесе бөлім бойынша кезендік бақылау жүргізіп жөне оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтау үшін еткізіледі. Бүл жүмыс тарихи диктант немесе тестілеу, синхронды салыстырмалы кесте қүрастыру, кескін карта толтыру сияқты тәсілдерді қүрайды. Бақылау мақсатында мүғалім түсіндірген немесе сабақ үстінде оқып үйренген материал бойынша жазбаига сүрау жүргізгеп тиімді. Оқуіпыларга жазба жүмысты оқулық мәтінімен салыстырып, өз қатесін анықтау қызықты болмақ. Мысал келтірейік; "1920-1930 жылдардағы біздің ел" тақырыбына екі сағат бөлінген. Бірінші сабақта оқушылардың жартысы тапсырманы жазбаша, ал екінші бөлігі ауызша орындайдьі. Екінші сабақта өрекет сипаты езгереді. Жазбаша тапсырма бірнеше нүсқада беріліп, Қүжатпен жүмыс, тестілеу, кескін картамен жүмыс, үғымды түсіндіру сияқты тапсырмаларды қүрайды.

Бұл жерде білімді жинақтау емес, оны анықтау жөне бағалау міндеті қойылады. Бүл сабақ тақырып бойынша мүғалімнің кіріспе сөзімен басталады. Жан-жақты әңгімелеу барысында оқушылардың жауабын жолдастары тольіқтырьт немесе түзегіп отырады. Жазбаша жүмысты тексеруде мүғалім тесті талдайды немесе тапсырма нүсқаларын белгілеп, үлгілердің жауабын ойластырады. Жазбаша жүмысты мүғалім кейінгі сабақтарда тексеріп бағалайды немесе окушылар бір-бірінің жүмысына пікір айтады.

Егер мүғалім оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін тексергісі келсе, негізгі сүрақтардан бірнеше тақырыпты жазбаша жауап беру үшін оқушылардың өздеріне таңдатады. Парталастар бір-бірінен көшірмес үшін оларға өртүрлі нүсқадағы тапсырма беріледі. Жүмыс барысында оқушылардың қандай мәселелерді ескермегендігі анықталады. Мүғалім ол олқылықтарды келесі сабақтарда жоюға тырысады.

Әңгіме және өзара сүрақ. Жан-жақты әңгімелеуді үйымдастыру кезінде сүрақтардың мазмүны мен өңгімені жүргізудің техникасына назар аудару керек. Бүкіл сыныптағы оқушылардың жүмысқа белсенділігін арттыру үшін мүғалім оларға сүрақ қойып, ойлануға аз гана уақыт береді. Содан соң оқушыны жауап беруге шақырады. Оқушылардың ес, ойлау жөне зейін лроцестерін іске қосу үшін мугалім "Қане, еске түсірсйік", "Сеіщср қалай ойлайсыңцар?" "Осылай деген дүрыс па?" деген сүрақтар қояды.

Жауаптағы қателерді өңгімелесу барысында мүғалім немесс оқушылардың өздері түзетіп отырады. Қажет болған жағдайда мүғалім қосымша сүрақтар қояды. Жоспардың әрбір пункті бойынша мүғалім қорытынды жасайды. Әңгімелесу сүрақтары мазмүны жағынан қысқа, ғылыми көзқарас түрғысынан дәл, дидактикалық түргыдан одай жәнс корнекті болуы тиіс.

Әңгімелесу тарихи дсректерді салыстыруга, олардың өзара байланысын анықтауға, басты мазмүнды анықтап, оқушылардын белгілі бір түжырым жасауына көмектесуі тиіс. Әңгімелесу оқушылардың ойлауын ынталандырып, оларды алға қойған міндетгерді шешуге үмтылдырады. Дайындығы жогары сыныптарда оқушылар жинақтауды ез беттерінше жүргізе алады. Ал, дайьіндығы темен сьшьштарда мүғалімнің өзі қысқаша қорьпынды жасап, баға қояды.

Сабақ барысында оқушылардың өзара сүрак, қою төсілі де қолданылуы мүмкін. Ол үшін мүғалім тақырып бойынша сүрақтар мен тапсырмалар түзуге үй тапсырмасын береді. Сабақ қарсаңьшда ол сүрақтар мен талсырмалар тексеріліп, түзетіледі. Сүрақ беруші оқушы оның жауабын өзі білуі тиіс, өйтпесе жауапты түзетіп, бағалай алмайды. Сабақта жақсы дайындалған бір немесе бірнеше • оқушы тақтаға шақырылады (одарға ойлануға біршама уақыт беріледі). Мүгалім атаған оқушылар кезегімен сүрақ қояды. Сол кезегімен жауап беріледі. Тақтадағы бір оқушы жауап берсе, екінші оқушы жаңа сүраққа дайындалып түрады. Бүндай езара сүрақ беру жарысын екі оқушының арасында немесе бүкіл сынып оқушыларын қатыстырып өткізуге болады.



Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:

• сабактың басын үйымдастыр

- оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;

• іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып-үйрену;

• біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жүмыс істету;

• білімді және біліктілікті шығармаіпылықпен қолдану;

• дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;

• үйге тапсырма;

• оқушылардың жүмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.

Білім, іскерлік және дағдыларды дамыту сабақтарының құрылымы.

• оқу жұмысының маңсатын оңушыларға хабарлау;

• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;

• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;

• олардың орындаған жүмыстарын тексеру;

• қателерді талдау және оларды түзету;

• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;

Қайталау сабағы. Бүл сабақтардың максаты - оқушылардын, білімдерін еске түсіру және кеңейту.

Түсіндіретін бөлік мүғалім нүсқауы, оқупіыларды оңу жү-мыстарына психологиялық жағынан өзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жүмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жү-мыс істеуіне мүғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оңу қай бағытта жүретіні айты-лады.

Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:

• мүғалімнің тапсырманы түсіндіруі;

• оқушылардың сүрақтарына жауап;

• оқушыларға тапсырма беру;

• тапсырманы тексеру;

• үйге тапсырма, сабақтың аяңталуы.

Жинақтап қайталау сабагы

Мақсаты, түрлері, мазмүны. Оқылған материалды қорытып жөне жинақтауға мәселелер, тақырыптар, курстың бөлімдері және түтас курсты қорытып қайталау үшін жинақтап қайталау сабақтары қызмет етеді. Оның мақсаты — білімді жүйелеп, оқиғаның түтас картинасын жасау; оқып танысқан деректер мен процестердің қатынастары мен жаңа байланыстарын ашу; оқушыларға жеке деректен жинақтауға, маңызын анықтаудан себеп-салдарлы байланыстың мәнін ашуға етуіне көмектесу.

Қайталау сабағының қүрылымы:

• ұйымдастыру бөлімі;

• білімдік, төрбиелік, дамыту міндеттерін қою;

• негізгі үғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және аңыл-ой) ңайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру; • тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;

• үйге тапсырма.

Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:

• сабақтың мақсатын ңою;

• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бүрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;

• бүрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;

• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;

• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оңушыларға түрлі жаттығулар жасату;

• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жүмыстарын жүргізу;

• үлгі, алгоритмге, нүсқау бойынша машықтану;

• іскерлік пен дағдыны үқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;

• шығармашылық жаттығулары;

• сабақтың қорытындысы;

• үйге тапсырма.


Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.

1. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:

  • Оқытатын пәннің оқу бағдарламасын, оқу материалын жақсы білу.

  • бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;

  • бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оңып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;

  • тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;

  • негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;

  • сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;

  • тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;

  • сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;

  • сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсаң, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;

  • техникалық оқыту құралдарын тексеру;

  • мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;

  • сабақта орындалатын өздік жүмыстардың көлемін және түрін аныңтау;

  • білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;

  • білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;

үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеп, оны орындау әдістемесін табу;

  • сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;

  • тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;

  • сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.

Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.

Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.

Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар:



  1. диагностикалық,

  2. болжау,

  3. жобалау (жоспарлау).

Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдың еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге қажетті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкіндіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уаңытты мұңият талдайды.

Жобалау - бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді.

Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пән аралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.



2. Сабаққа дайындық мазмұны:

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формаларының бірлігі мен байланысының көрінісі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Онда әр тақырыпқа бөлінген сағат саны, сабақ түрі, күні, пән аралық байланыс, тақырыптың қысқаша мазмұны, оқушы жұмысының түрі, қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Сабақ жоспары - әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы, яғни мұғалімнің нақты сабаққа дайындалуы мен жұмыс түрлерін анықтауды айтамыз. Сабаққа дайындық мазмұны:

1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.

2. Жеке сабақтарды жоспарлау.

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.

4. Сабақтың типі мен құрылымын белгілеу.

5. Сабақ мазмұнын анықтау.

6. Білім беру әдістерін белгілеу.

7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.

8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.

9. Бекіту жаттығуларын дайындау.

10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.



11. Үй тапсырмасын түсіндіру.

12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.



Сабақ жоспарында жазылатындар:

Күні.


Айы, жылы.

Сыныбы.


Тақырыбы.

Мақсаты.


Сабақ типі, құрылысы.

Оқыту әдіс-тәсілдері.

Көрнекі құралдар.

Өздік жұмыстар.



  1. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.

  2. Қойылатын сұрақтар.

  3. Үй тапсырмасы.

Мұғалім оқу жабдығатын жан-жақты білу үшін негізгі және қосымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек, оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.

Негізгісі - жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.



Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі -сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.

Сабақ жоспарының үлгісі:

  • сабақтың өтетін уақыты, тақырыптың жоспардағы нөмірі;

  • сабақтың таңырыбы, сабақ өтетін сынып;

  • оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;

  • сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;

  • оқу материалының мазмұны;

  • әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;

  • сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;

  • үйге тапсырма.

Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко)

Нақты түжырымдалған тақырып.

Сабақ мақсаты:

а) дидактикалық;
ә) тәрбиелік;

б) дамытушылық.

Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте, оқу құралы):

Дыбыстық құралдар.

Сабақ барысы (сценарий жасалады, оқушыларға сабақ үстінде берілетін сұрақтар,сабақтаноқушылар өздері қорытынды жасауы керек).

Сабақ қорытындысы.

Шығармашылық тапсырма.

Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын, не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын сұрау.

Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рахмет айту.

Сонымен сабаққа әзірленгенде мүғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және қүрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.

Жаппай - жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.

Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:

оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқ-шылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;

мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой-толғаныстарын білдіреді;

әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;

мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;

мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қояды. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;

жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.

егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жүмыстың кемшіліктері көрінеді;

нәтижелеріне жалпы баға беріледі.



Оқушымен жеке жұмыс.

Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.

Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындаи алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.

Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.



  1. Сабақты бағалау критериясы.

Сабақ тиімділігі мен сапасы мұғалімнің өзінің жетістігі мен кемшілігін талдауды білуге байланысты. Сондықтан педагогтың шығармашылық тиімділігінің негізгі элементі – талдау болып табылады. Талдауды сабақ аяқталғаннан соң жүргізеді.

Өз-өзіне талдау жасау – жоспар негізінде жүргізіледі, онда мұғалім осы сабақта алдына қойған мақсатына жетті ма сол мәселелерге байланысты жалпы өз әрекетіне баға береді. Сабақты талдаудың көп түрі бар. Мысалы, Т.А. Ильинаның сабақ талдау үлгісі.

  1. Сабақтың жалпы құрылымы

  2. Сабақтың дидактикалық мақсатының орындалуы

  3. Оқыту кезінде оқушыларды дамытудың іске асырылуы

  4. Сабақтың тәрбиелік мәні

  5. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының сақталуы

  6. Оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау

  7. Сабақтағы мұғалімнің жұмысы (оқушымен байланыс техникасы, тактісі, конспектіні пайдалану, пед. әдібі т.б.)

  8. сабақтағы оқушының жұмысы

  9. Сабақтың санитарлық-гигиеналық нормаларын тексеру

  10. Арнайы тапсырмалар (зерттеу жұмыстары, пән аралық байланыс т.б.

Сабақты талдаудың мақсаты:

- Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын баңылау.

• Мүғалімге нүсңаулар беру.

• Педагогикалың шеберлікке жетуге көмектесу.

• Мүғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.

• Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.

Сабақты өткізу деңгейлері:

• Жақсы: Мұғалімнің сабаң мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншыльщтарды жеңуі.

• Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арңылы тақырыпты меңгертуі.

• Орташа: Оңушылардың білімін және іскерліктерін анық-тауы және тақырыпты сабақ маңсатына сәйкес ашуы.

•Төменгі: Оқушылардан өткен тақырыпты сүрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс-, әрекеті аз, белсенділіктері төмен.

Әр сабақты уақытында талдау болашақ жаңа сабақты дұрыс құрып, ұйымдастыруға ықпал етеді. А.В. Сухомлинский. «Сабақта мұғалім оқушыларға білім әлемін ашып қана қоймайды, өзін көрсетеді де,»- дейді



Сабақ жоспарының үлгісі.

  1. Күні.----------------------------

  2. Айы, жылы.-------------------------

  3. Сыныбы.-------------------

  4. Тақырыбы.----------------------

  5. Мақсаты:

А) Білімділік--------------------

Б) Тәрбиелік міндеті------------------

В) Дамытушылық------------------


  1. Сабақ типі, құрылысы.-----------------

  2. Сабақ түрі---------------

  3. Пән аралық байланыс ---------------------

  4. Оқыту әдіс-тәсілдері.---------------------

  5. Көрнекі құралдар.--------------------

  6. Өздік жұмыстар.-------------------

  7. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.---------------------

  8. Қойылатын сұрақтар.----------------------

  9. Үй тапсырмасы.---------------------


Сабақтың барысы:




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушы

іс-әрекеті

Әдіс-тәсіл

Көрнекілік















Күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі




Мер

зімі


Тақырып

тар мен тараулар



Сағат

саны


Сабақ түрі

Пән ара

лық бай


ланыс

Оқушы

жұмысы


ның

түрі


Сабақ

көрне


кілігі

Қолдан

ылған әдебиет

тер


Ескерту






























Семинар — жоғары сыныптар арасында кең тараған оқу түрі. Оқудың бұл түрі оқушылардың диалоітық сөйлеуін дамытуға көмектесіп, түпдеректермен дербес жүмыс істей алуын қалып-тастырады. Әдетте, семинарлар түтастай жаңа материалды оқып-үйренуге арналады. Мүғалім бір апта бүрын семинардың тақырыбын, жоспарын, қаралатын мәселелер мен өдебиетгер тізімін хабарлайды. Қабілетгі оқушыларға күрделі мөселелерді үсынып, қысқа хабарлама дайындауга тапсырма береді. Хабарламалар тыңдалып, талқылау біткен соң мүғалім басты мәселелерді қорытып, оқушылардың еңбегін бағалайды.

Зертханалық сабақтар — оқушылардың алған білімдерін қолдану икемділігі дағдыларын қалыптастыруға арналады. Бүл сабақ түрі негізінен оқушылар үшін жаңа білім көзін игеруге арналады.

Өлке тану, туристік жұмыстар - оқу – тәрбие процесінің бөлінбейтін бөлігі бола отырып, шәкірттердің білімге деген дамытудың құралдарының бірі болып табылады, ғылым негіздерін тереңдетіп үйренуге, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүгізу дағдыларына ие болып, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, болашақ мамандықты таңдап алуға көмектеседі.

Тарих сабағында өлке тануды пайдалану бұл пәнді нақтылы бай материалға сүйеніп оқытуға, тарихты оқытудың ғылыми дәрежесін арттыруға көмектеседі. Туған өлкенің тарихын оқу программасында көрсетілгендей оқу курсының құрамдас және міндетті бөлігі болып саналады. Оқыту процесінде оқушыларда өз өлкесінің тарихы туралы байланысты және тұтас түсінік және осы негізде тұтасымен алғанда еліміздің тарихи дамуы туралы түсінік қалыптасады. Сөйтіп, жергілікті фактілер мен құбылыстар негізгі курсқа қажетті қосымша материал ретінде пайдаланылады.



Комплексті экскурсияның жоспары мен оған байланысты оқушыларымен берілетін тапсырмалар оқу программаларына сәйкес және оқушылардың жасын ескере отырып, түрлі пәндердің мұғалімдерінің белсене қатысуымен жасалады. Сыныптан тыс туристік өлке тану жұмысының тақырыбы сабақтардың білімдерін тереңдетуге, олардың пәнге деген ынтасын дамытуға бағытталуы тиіс, идеялық бағытына, ғылыми шындығына және жергілікті жерге сай болатындай іріктеліп аланады. Жоспарда оқушылардың шаруашылық және қоғамдық ұйымдарының, ғылыми мекемелердің, мектеп және мектептен тыс мекемелердің тапсырмалары бойынша ғылыми – зерттеу және қоғамдық пайдалы әрекеттерге ( іздеу, кен байлығын барлау, табиғатты зерттеу және байыту, тарих пен мәдениет ескерткіштерін табу және қорғау тағы сол сияқты. ) шамалары келгенше қатыстырылуын да қарастырған жөн.

Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап ңорыту туралы нұсқаулар береді.

Әр экскурссия тақырыппен байланысты. Ол арқылы оқылып жатқан құбылыстар, заңдардың байланысын көреді, оларғы қолдануға үйренеді. Экскурссияға батарын топтарды 10 оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут. Экскурссия түрлері.


        1. шолу экскурссия

        2. тақырыптық экскурссия

        3. Қорытынды экскурссия

Кіріспе әңгімеде мүғалім әкскурсияның мақсатын айтады, содан кейін оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орын-дауға кіріседі; суретсалады, жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, кергендерінен қорытынды жасайды.

Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен үштастырады. Оқушылардың баңылауларына басшылың етеді. Экскурсияның соңында мүғалім оңупіылардың жүмыстарын тексереді, ңорытынды әңгіме болады. Керек жағдайда оқушы-лар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия материалдарын кі-рістіріп сабақ өткізуге болады.

Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан, оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағ-дыларын қалыптастырады. Ол үшін экскурсияларға тапсырма-лар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет