тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы. Дақылдың өнуі — өсімдік тіршілігіндегі маңызды құбылыс.
Түкымның (жемістің) өнуі — күрделі физиологиялық үрдіс, эндоспермдегі қорлық қоректік заттарды пайдалана отырып ұрық өскінге айналады. Әрі қарай дамудың нәтижесінде өскін астотрофты қоректену қабілетіне ие болатын егін көгіне айналады.
Тіршілікке қабілетті тұқымның өнуіне су, жылу және міндетті түрде оттегі кажет. Жинап алғаннан кейінгі пісуін өткен (биологиялық тыныштық) тіршілікке қабілетті тұқымдар ғана қолайлы жағдай туғанда қалыпты өне алады.
Өну судың әсерінен тұқымның бөрткен кезінен басталады. Құрғақ топырақта тұқым өнбейді. Судың әсерінен ұрықтағы ферменттік үрдістер белсендіріледі де суда ерімейтін қоректік заттардың ұрықта сінімді түрге айналуы тездетіледі. Тұқымның бөртуіне қажетті судың мөлшері оның химиялық кұрамына байланысты, өйткені оған кіретін заттар әртүрлі мөлшерде су сіңіреді: белоктар - 150, крахмал - 70, қатайып кеткен клетчатка - 30 % (В. В. Гриценко, 3.М. Калошина, 1984). Тұқымның өнуіне қажетті судың ең аз мөлшері дәнді дақылдар мен астық тұқымдас өсімдіктерде тұқымның ауалы құрғақ массасының шамамен 50 пайызына тең, дәнді бұршақ дақылдар мен бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарында 100 %-дан артығырақ. Майдың суды жұтпайтындығынан майлы дақылдар тұқымына қажетті су ондағы белок пен крахмалдың мөлшеріне және жамылғы тканьнің ерекшелігіне байланысты.
Ылғалмен қатар тұқымның калыпты өнуіне қолайлы температура жағдайлары қажет. Температура дәрежесінің 3 түрі ажыратылады: ең аз (минимум), одан төмен болғанда тұқымның өнуі мүмкін емес; оңтайлы (оптимум), өсіп-өнуге ең қолайлысы, ең көп (максимум), бұдан жоғары болғанда тұқымның өнуі тоқтайды. Әр дақылда өзінің минимум, оптимум және максимум өсу температурасы болады. Қолайлы (оптимум) температура бөрту жылдамдығын арттырады және ферменттер қызметін күшейтеді.
ХІХ ғасырдың 70-жылдарындағы Ф. Габерландтың зерттеулері көрсеткендей, екпе дақылдардың жылуға қажеттілігі жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары анағүрлым көп. Ол тұңғыш рет көптеген екпе дақылдар тұқымының ең аз, колайлы және ең жоғарғы өну температураларын белгілеп берді. Кейінірек В.Н. Степанов (1948) зерттеулерімен екпе дақылдар тұқымының өнуіндегі температура шегі егжей-тегжейлі анықталды.
Тұқымның ең төменгі өну температурасы: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, асбұршақ, ноғатық, сиыр жоңышқа үшін 1-20С, қарақұмық пен ноқатта – 3-40С, тары мен жүгеріде – 8-100С. Көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша әртүрлі танаптық дақылдарда оңтайлы температура да әртүрлі: астық дақылдарының бірінші тобында (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) және кейбір дәнді бұршақ дақылдарында (ноғатық ж.б.) – 20-220С, астық дақылдарының екінші тобында (тары, жүгері, шәй жүгері ж.б.) – 26-280С. Ең жоғарғы (мах) температура – тиісінше астық топтарында 30-32 және 38-400С.
Дала жағдайында егін көгінің пайда болуына қажетті ең аз температура лабораториялық жағдайғы тұқым өну температурасынан анағұрлым жоғары болатындығы. Көптеген дақылдар үшін бұл айырмашылық 2-3сС деңгейінде.
Тұқымның өнуіне ең кажетті жағдайдын бірі тұкымның тыныс алуына және эндоспермдегі қорлық қоректік заттардың тотығуына жеткілікті мөлшерде оттегініңкажеттігі болып табылады. Оттегі жетімсіз болғанда анаэробтық тыныс күшейеді, мұның өзі өсуге кедергі келтіретін тотықпаған метаболиттердің жинақталуына әкеліп соғады. Аэрацияның болуынан және көмірқышқыл газының 17%-ға дейін кобеюінен тұқымның өнуі қысымшылықпен өтеді, ал ол 35%-ға жеткенде тұқымдар өліп қалады (Қ. М. Фирсова, 1969).