Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет18/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Суды  залалсыздандыру.
Суды  коагуляция, ары  қарай  ағарту  жəне
түссіздендіру  əдістерімен  өңдеген  кезде, ондағы  бактериялардың 95 пайызы
жойылады. Алайда  олардың  қалған  бөлігі  ауру  таратушы  вирустар  мен
бактериялар  болуы  мүмкін. Сондықтан  фильтрленген  суды, ол  ары  қарай


30
шаруашылық –ауыз  су  мақсатында  қолданылатын  болса, міндетті  түрде
залалсызсыздандыру қажет.
Суды залалсыздандырудың көптеген əдістері бар, олар негізгі төрт  топқа
бөлінеді:
- термиялық  əдіс – суды 12-20 минут  бойы  қайнату,  осы  кезде  ұрықсыз
микроорганизмдердің  барлығы  өледі; ал  микроорганизмдердің  ұрығын  жою
үшін суды 120
0
С дейін қыздыру керек;
- суды  тотықтырғыштармен  залалсыздандыру – күшті  тотықтырғыштар,
бактериалдық  клеткалардың  энзимдерін (ферменттерін) тотықтыра  отырып,
бактерияларды  өлтіреді.  Суды  залалсыздандыру  үшін  хлор, бром, иод, хлор
диоксидін,  озон, калий перманганатын, сутектің асқын тотығын қолданады;
-  асыл  металдардың  иондарының  əсерімен  залалсыздандыру – мысалы,
суды күміс иондарымен өңдеу;
- Физикалық əдістер – ультракүлгін жəне иондағыш сəулелердің  əсерімен,
ультрадыбыстың əсерімен залалсыздандыру.
 Залалсыздандырудың  кең  тараған  əдістерінің  бірі  хлорлау. Суға  хлор
қосқанда бактерия протоплазмаларының құрамына кіретін заттар тотығады да,
бактерия жойылады. Суды  хлорлау əдісі эпидемия  болуын тоқтататын  сенімді
əдіс.  Патогенді бактериялардың көпшілігі  тиф жəне  дизентерия  бациллалары,
холера  вибриондары, энцефалит вирустары  хлор əсеріне  өте тұрақсыз. Алайда
бұл  əдістің  кемшілігі, ұрық  түзетін  бактериялар  хлор  арқылы  жойылмайды.
Хлорлау  əдісінің  тиімділігі  енгізілген  хлордың  мөлшеріне  жəне  оның  сумен
контакт  уақытына  байланысты. Микроорганизмдерді  тотықтыруға  қосылған
хлордың аз мөлшері жұмсалады, басым бөлігі судың құрамындағы органикалық
жəне  минералды  қоспаларды  тотықтыруға  кетеді. Сондықтан  енгізілген
хлордың  мөлшері  судың  хлор  сіңіргіштігінен, судағы  бактериялар  мен
органикалық  заттардың  тотығуы  аяқталғандығын  көрсететін, қалдық  хлор
мөлшерінен  үлкен  болуы  тиіс. ГОСТ 2874 – 82 «Ауыз  су» бойынша  қалдық
хлор мөлшері 0,5 мг/л-ден көп болмауы жəне 0,3 мг/л-ден аз болмауы керек. Су
тарату  жүйелерінде  бактерицидті  тиімділікпен  суды  хлорлау  жалғыз  сенімді
əдіс  болып  табылады. Хлордың  суды  залалсыздандыру  əсері  хлорды  қосқан
жерден  бастап, тұтынатын жерге  дейін  сақталады. Суды  сапалы  хлорлау  үшін
жақсы  араластыру  керек, одан  соң  суды  тұтынушыларға  берместен  бұрын,
сумен 30 минуттың  контактада  болуы  керек. Контакт  фильтрленген  судың
резервуарында, немесе  су  құбырының  ұзындығы  жеткілікті  болса, су
құбырында болады.
Суды  хлорлаудың  негізі,  хлорды  суға  қосқан  кезде  оның  гидролизі
жүретіндіктен:
Сl
2
 + Н
2
О → НСl + НСlО
Түзілген  хлорлы  қышқыл  гипохлорит  ионын  түзіп  диссоциацияланады
(Ю.Ю. Лурьенің қызметкерлерімен бірге гипотезасы). Хлорлы қышқылдың өзі
де, гипохлорит ионы да (ОСl
-
) микроорганизмдерге тотықтырғыш əсер етеді.
Хлордың орнына хлорлы известь қолданса төмендегі реакция жүреді:
2Са(ОСl)
2
  + 2 Н
2
О ↔  СаСl
2
 + Cа(ОН)
2
 +2НСlО


31
Хлорлы  қышқылдың  ары  қарай  диссоциациясы  жоғарыдағы  механизм
бойынша  жүреді. Хлорды  хлораторларда  дозалайды. Олар  жұмыс  істеу
принциптері  бойынша  вакуумды  жəне  қысымды  болып  бөлінеді. Қысымды
хлораторлардың  кемшілігі, мұнда  газ  түріндегі  хлор  атмосфералық  қысымнан
жоғары қысымда  болады, сондықтан өте  улы газ  сыртқа шығып кетуі  мүмкін.
Вакуумды хлораторлардың мұндай кемшілігі жоқ.
Хлор станцияға баллондарда сұйытылған түрде жеткізіледі, сосын аралық
баллондарға  құйылып, газ  күйіне  өтеді. Хлоратордың  көмегімен  газ  күйіндегі
хлор  құбырдағы  жалпы  су  құбырына  қосылатын, хлорлауға  арналған
тасымалданатын суда хлор суын түзіп, ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет