2.2 Білік дайындаудың технологиялық үрдісі
15-сурет. Білікті фрезерлеу процесі.
Өңделетін бұйым:
ең үлкен диаметері – 142,5;
ұзындығы – 1500мм;
жұмыр қималы созба МЕСТ 2590-88;
жадығаты: болат 40хGв=80кг/мм2; қаттылығы НВ-230-260.
Кесте бойынша кесу тәртібін таңдаймыз:
кесу тереңдігі t=3мм;
кескіш тұтқасының қимасы үшін кестеден 16х25мм-лік, берілуі S=0,5мм/айн таңдап аламыз.
Кесу күші:
Pz=K1*t*S=194*3*0,5=291кг,
мұндағы K1-өңделетін жадығатқа байланысты алынатын еселік, болат үшін Gв=80кг/мм2- K1=194.
16-сурет. Білікті жону процесі.
Кесу тереңдігі 3мм және берілуі S=0,5мм/айн болғандағы кесу жылдамдығы кесте бойынша анықталады. Бастапқы жонғанда V=40м/мин.
Gв=80кг/мм2, K2=1,46 болат үшін кесу жылдамдығын анықтауға түзету еселігін K2-ні енгіземіз:
V=V*K2=40*1,46=58,4м/мин.
Айналдырушы қарымды анықтайық:
Қажетті қуат:
Қажетті қуат шамасы мен өңделетін өнімнің өлшемдеріне байланысты каталог бойынша 1Н7В таңбалы көшірмелі жартылай автоматты жону станогын таңдап аламыз.
Білік дайындаудың технологиялық үрдісінде кез келген затты не
өнімді дайындау үшін жұмыр қималы созбаны аламыз:
өнімнің диаметрі 142,5мм;
ұзындығы 1500мм;
жадығаты: болат 40х.
а) станоктағы өңдеу үрдісі екі кезеңнен – бастапқы және соңғы, таза өңдеуден өткіземіз;
ә) беттерді ажарлау жұмыр ажарлағыш станогында жүргізіледі;
б) ойықты фрезерлеу станогында фрезерлейміз.
Бастапқы өңдеу.
Жанын дайындау:
а) берілуі – S=0,12мм/айн;
б) кесу жылдамдығы 64,5м/мин;
в) өнімнің айналу жылдамдығы
г) минут ішіндегі берілуі
Орталық саңылауды өңдеу.
а) сақталу диаметрі d=4мм;
б) бұрғылау тереңдігі l=12мм;
в) кесте бойынша қаттылығы НВ=230-260 болат үшін диаметрі 4мм бұрғыны қабылдаймыз;
г) кесу жылдамдығы
Диаметрі 140 мм және ұзындығы 1500мм-ге тең өнімді өңдеу:
а) кесу тереңдігі t=1,5мм;
б) берілуі S=0,6мм;
в) кесу жылдамдығы V=125м/мин;
г) өнімді айналдыру жылдамдығы
д) минут ішіндегі берілуі:
Соңғы таза өңдеу.
Кесу тәртібі
а) кесу терңдігі t=0,3÷0,5мм;
б) берілуі S=0,1мм/айн;
в) кесу жылдамдығы V=125м/мин;
г) өнімнің айналу жылдамдығы
д) минут ішіндегі берілуі
Буат ұясын фрезерлеу.
Ойықтың өлшемдері: ұзындығы – 146мм, ені – 20мм, тереңдігі -10мм.
Фрезерлеу үшін диаметрі 20мм буаттық фрезаны аламыз:
а) кесу тереңдігі t=10мм;
б) фрезаның тіске берілуі S=0,1мм;
в) фрезаның айналымдық берілуі
г) фрезаның айналу жылдамдығы n=118айн/мин;
д) ойықты ұзындығы l=146мм аралықта фрезерлегенде фреза nф=l/Sайн=146/0,2=730 айналым жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |