24. Мәтінді оқы. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрлері қолданылып тұр.
Бұл отбасында күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ақ орамалды ананы мазасызданып жіберді.
- Даниярдың өзі келіп айтпақ ойы бар еді, жұмыстан қолы тимейді, - деп Ілияс сөзін аяқтады.
Кеше ғана жоғарғы оқу орнын қызыл дипломға аяқтап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ұлының неге мұндай шешім қабылдағанын Жібек апа біле алмады. Оған бұл хабардың әсер еткендігі сонша - бір нүктеге қадалып отырды да қалды.
- О несі - әй а? Оның бүйткені қай сасқаны? Бір жылға емес, он жылға емес, біржола кетемін дегенді қайдан шығарып жүр? - деген әкенің назын да Жібек естіп отырған жоқ.
А) Себеп салдар салалас пен кезектес салалас
В) Талғаулықты салалас пен түсіндірмелі салалас
С) Қарсылықты салалас пен түсіндірмелі салалас
Д) Ыңғайлас салалас пен кезектес салалас
Е) Қарсылықты салалас пен ыңғайлас салалас
25.Мәтінді оқып, салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі қолданылып тұрғанын анықта.
Адамзат адам құқығы мәселесі төңірегінде ерте кезден - ақ толғанып келеді. Егерде қоғамда күш, қатігездік пен зорлық- зомбылыққа шектеу қойылмаса, ол өмір сүре алмайды. Әлемнің барлық діндері мен философиялық ілімдерінде адам құқығы мәселесі қозғалды, дегенмен әрбір адам өз ерекшеліктерін ескере отырып, бұл мәселеге түрлі жолдармен келеді.
А) Ыңғайлас салалас
В) Себеп салдар салалас
С) Талғаулықты салалас
Д) Қарсылықты салалас
Е) Кезектес салалас
Достарыңызбен бөлісу: |