2.Ауылдық басқару: Қазақ халқының ең бірінші басқару жүйесі болып табылады.Ауылды басқаратын адамды «ауылнай» немесе «ауылбасы» деп атаған.Басты міндеттері:ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп, жоғарыдан келетін бұйрықтармен жарлықтарды өз кезінде орындап отырды.
3.Ата-аймақ: Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды.Басқаратын адамды «ақсақал» деп атады. Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік мәселелерін шешуге құқылы болды.
4 .Рулық басқару: Ру он немесе он бес аймақтан тұрды.Басқаратын адамды «ру биі» немесе «рубасы» деп атады.