Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты нақты мысалдармен талдаңыз



бет42/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

22. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты нақты мысалдармен талдаңыз.
Сұлушаш ” поэмасы 1928 жылы жарық көрген драмалық поэма.. Бұл поэманың негізіне Сәбит Мұқанов Сұлушаш пен Алтайдың махаббаты туралы халықтық аңызды пайдаланған . Сұлушашты бай қызы етіп , ал оның сүйген жігіті Алтайды кедей , құл баласы етіп суреттеу арқылы жазушы ескі қазақ аулы өміріндегі әлеуметтік тартыстарды жаңғыртады. Әдебиетте ғасырлар бойы қалыптасып, орныққан бай мен кедей, тап тартысын, оған феодалдық күштің әсерін, сол замандағы қазақ жеріндегі әділетсіздікті жырлау дәстүрін жалғастырады.
Ақын Сұлушаштың сұлулығын ұзақ жасалған сурет арқылы жан - жақты танытуға тырысады .
Қаз мойынды , кең иық , сұлу тұлға ,
Тіп - тік боп тауда өскен қарағайдай .
Кір - қожалақ табанын тас тілсе де ,
Жүдемеді , үдеді гүл боп жайнай , — деп жазды . Авторлық теңеулері арқылы С.Мұқанов басты образды аша түсу дәстүрін де жалғастырған.
Қазақта бірін-бірі жастар қанша сүйгенімен қыз айттырылған жағына күйеуге кетуге мәжбүр. Сұлушаштың бай баласына айттырылуын суреттеу арқылы автор бел құда, бесік құда, ерте жастан сырға салып кету деген сынды қазақтың ескі дәстүріне қарсы екенін имплицитті түрде жеткізген.
Олардың махаббатында романтикалық көтеріңкілік леп күшті . Кейде олар төтенше кезеңдерді бастан кешіреді . Ондайда реалистік шығарма аңыз сарынына көшеді . Мұны біз Сұлушаштың қайтып бара жатқан қаздарға тіл қатуынан көреміз. Ақын осы эпизод аркылы заман уын ішкен қаһарманының әділдік іздеген арманын айқын танытады. Әрі құстармен тілдесу деген қазақ аңыздарындағы орныққан дәстүрді жалғастырған.
Алтай мен Сұлушаштың кездесуіне куә болған табиғат суреттері мысал бола алады . Поэма композициясы да шебер қиюласқан . Ондағы Оқиғалар кейіпкерлер әрекеті арқылы ширақ дамып , биіктеп отырады . Сөйтіп , шарықтау шегіне жетеді . Поэманың дәстүрлі шығармадан гөрі жаңашылдығы басым. Жазушы фольклорлық дәстүр,әдебиеттегі бейнелеу дәстүрінің жаңаша қырын көрсеткен. Поэманың композициялық құрылымы шебер, тілі көркем. Бейнелеу құралдары әр алуан. Оқиға барысын, кейіпкерлерінің іс-әрекетін баяндағанда, ауыл тіршілігін, жылқышылар өмірін, табиғат көріністерін сипаттағанда, ақын қарапайым бояумен әдемі өрнек салады. Поэма кейіпкерлерінің ішкі толғаныстарын, сезім күйлерін әсерлі бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет