Дәптермен жұмыс
А, В-1, В-2 тапсырмаларын орындау
Ұяшықтарға отбасына табыс әкелетін отбасы мүшелерін, отбасы мүшелерінің нақты табыстарын (жалақы,
зейнетақы) шамалап жаз. Отбасында табыс көзінің көп жұмсалатын түрін жасыл қарындашпен, аз жұмсалатынын қызыл қарындашпен белгіле.
Ой бөліс
Балалар мектепте білім алып, қандай еңбектің түрімен шұғылданады?
Тағы қандай еңбек түрін атауға болады?
Мектептен алған білімдеріңнің өмірде қандай пайдасы бар?
Кестені мамандардың қызметіне қарай сәйкестендіреді.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Плакат суреттері
Дәптер
Соңы
2 мин
Сабақсоңындағырефлексия.«Көзжұмыпойлану» Бүгін мен не білдім?
Сабақта өзімді қалай сезіндім?
Мен үшін қызықты не болды?
Мен кешегі күнмен салыстырғанда білімім толықты ма? Үй тапсырмасы:Мәтінді оқу. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау сыпайылық әдебі туралы әңгімелеуге дайындалу.
Тапсырма бойынша ой қорытып, өз іс- әрекеттерін айтады, сабаққа
рефлексия жасайды.
Смайликтер
сабақ
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Педагогтің аты-жөні
Күні:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Менің құқығым және міндетім
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.1.5.1. Өз өмірінің мысалдары негізінде құқық, міндеттер және жауапкершілікті ажырата білу.
Сабақтың мақсаты
Барлықоқушылар: құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажыратып, мысал келтіре алады.
Көптегеноқушылар: өзінің міндеттері мен жауапкершіліктерін талдайды.
Кейбіроқушылар: адамға құқықтық сауаттылық қажеттілігін дәлелдеп, қорытынды жасайды.
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 2 мин
6 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: көңіл күйді көтеретін ән тыңдау.
Оқу материалын жариялау: «Сөз моншақ»
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
ралиащнқұқықпывыыкеаннушәміндетжпгвпвущпдпщ
Қандай сөздер құрадың?
Құқық деген не?
Конституция туралы не білесің? Ол не үшін қажет?
Өзіңнің қандай құқығың бар?
Міндет туралы не айта аласың?
Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білетін боламыз?
Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (құқық, міндет)
Мұғалім үшін:компьютер, экран, мультимедиалық проектор,
дыбыстық колонкалар, электронды
қосымша, кестелер мен мазмұнды
суреттер.
Оқушыүшін: оқулық, оқушы дәптері (№1, №2).
Ортасы 17 мин
(ҰЖ) 1-тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Президентті кім сайлайды?
Президент «сайлауы» дегеніміз не?
Заң дегеніміз не?
Еліміздің Ата Заңы?
Конституцияда сенің құқығың жайлы не деп жазылған?
Сенің қандай құқықтарың бар екен?
Сенің ойыңша өз құқығың сақталған ба?
Өз міндеттеріңді орындап жүрсің бе?
Құқық, міндет, жауапкершілік туралы әңгімелейді.
Мысалдар келтіреді.
Дескриптор: – Құқық, міндет, жауапкершілік туралы әңгімелеп айтып береді. Мысалдар келтіреді.
Смайликтер
Оқулық, оқушы дәптері, СД дискі
2 мин
15 мин
Сенің тағы қандай міндеттерің бар? Мысал келтір.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарау дегенді қалай түсіндіресің?
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісіарқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға:
Адамға өз құқығын білу қажет деп ойлайсың ба? Жаңа сөздер енгізеді.
Балалар, мына сөздерге мән беріңдер: азамат, мемлекет. Әр адамның өз құқығы мен атқаратын міндеті бар.
Қазақстaн азaмaттары өздерінің құқығы мен міндетін
еліміздің Конституциясынан біле алады. Оны елдің негізгі Ата Заңы деп атaйды.