Барлықоқушылар: туризм туралы біледі, бейнекөріністерге назар аударады.
Оқушылардың көпшілігі: сұрақтарға жауап береді. Өздерінің саяхаттары туралы айтып береді. Сәйкестендіруді дұрыс орындайды.
Кейбіроқушылар: бейнекөрініс бойынша сұрақтарға жауап береді. Қазақстанның туристік орталықтары туралы біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
10 мин
Өз денсаулығымыз – біздің қолымызда. Денсаулықты қалай
сақтау керек? Кәне, сендердің барлық ұсыныс-ойларыңды «Ой- пікірлер себетіне» салайық.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын оқиды, егер де «саяхат, сапар» сөздері болмаса, ол сөзді өзі айтып, мазмұнын
түсіндіреді:
Туризмді таңдауда сендер денсаулықпен бақытты өмірдің игілігіне таңдау жасайсыңдар! Жиһанкездік немесе саяхат – бұл тауда, теңізде, орманда – әрдайым таза ауада болу. Таза
ауа, мөлдір су, табиғи өнімдерден отта дайындалған тағам. Бұл адамның ағзасына және денсаулығына өте пайдалы.
Жаңа сөздер: «емделу», «ойын-сауық», «спортпен шұғылдану». Туризм тек сауығу мен емделу ғана емес. Бұл демалыс, ойын-
сауық, «таным» сөздерінен тұрады.
Оқушы дәптеріндегі А тапсырманы орындау.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықты ашып, мәтінді оқиық.
Әңгімелесу
Ойланыңдар, мәтінге «Кім?», «Не?», «Қашан?», «Қалай?» (аталады) сөздерінен тұратын үш «жіңішке» және «...болды ма?» «...мүмкін бе?» «...бола ма?» «Мүмкін...?» «...сендер
келісесіңдер ме?» «...рас па?» сөздерінен тұратын үш «жуан» сұрақтар қойыңдар.
(мәтін ватманда немесе интерактивті тақтада көрсетіледі).