Қорытынды: дайындалған ерітіндінің концентрацияларын есептеп шығарады.
№3 тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫБЫ: Протолиттік тепе-теңдік және процестер. Ерітінді рН-н колориметрлік әдіс арқылы тәжірибелік жолмен анықтау. Ерітінділердің буферлік сиымдылығын анықтау
МАҚСАТТАРЫ:
ағзадағы протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;
әр түрлі ерітінділердің сутектік көрсеткішін есептеуді және оны тәжірибелік жолмен колориметрлік әдіспен анықтауды үйрету;
рН-ы әр түрлі буферлік ерітінділерді дайындау үшін есептеу білудің және ерітінділердің қышқыл мен негіз бойынша буферлік сыйымдылығын анықтай білудің дағдыларын қалыптастыру;
оқыту міндеттері:
ерітіндідегі протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;
буферлік ерітіндінің рН-н колориметрлік әдіспен іс жүзінде анықтауды көрнекілікті көрсету;
рН-ы әр түрлі буферлік ерітінділерді дайындау үшін есептеу білуді үйрету;
ерітіндінің буферлік сыйымдылығын қышқыл мен негіз бойынша есептеуді көрнекілікті көрсету;
есептеу үшін қажетті мәндерді табу үшін анықтамалық әдебиеттерді дұрыс қолдана білуді дағдыландыру;
тақырыптың негізгі сұрақтары: Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш рН – орта қышқылдығының сипаттамасы ретінде.
Буферные системы. Определение, классификация, состав.
Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі). Буферлік әсер ету механизмі.
Ерітіндінің қышқыл мен негіз бойынша буферлік сыйымдылығы.
Қандағы буферлік жүйелер, олардың ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі биологиялық ролі. Ацидоз. Алкалоз. Буферлік сыйымдылық.
ОҚЫТУ әдістері: Үйлескен түрде:
- материалды мәселелік түрде баяндау;
- кіші топтарда жұмыс (лабораториялық жұмыс жасау)