Зертханалық жұмыстар:
Студенттер хаттаманы жазады (реакциялардың химизімін, бақылауды және негізгі қорытындыларын). Оқытушы студенттердің тәжірибелік дағдылану жұмыстары барысын бақылайды.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДҰРЫС ЖАЗУ МЫСАЛЫ
Күні:
Тақырыбы: Гомофункционалды көмірсутектері туындыларының реакцияға түсу қабілеттіліктері. Спирттерге, фенолдарға, аминдерге, альдегидтерге, кетондарға және карбон қышқылдарына сапалық реакциялар.
№1 Жұмыс. Спирттер мен фенолдардың суда ерігіштіктері.
Реакциялардың химизмі:
1 . С2Н5ОН + Н2О мөлдір ерітінді
этил спирті
2.
+ Н2О лай ерітінді
3-метилбутанол-1
3.
+ Н2О мөлдір ерітінді
глицерин
4.
+ Н2О лай ерітінді
фенол
БАҚЫЛАУ:
Этил спирті мен глицерин ерітінділері мөлдір, ал изоамил спирті мен фенол ерітінділері лай екендігі байқалды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР:
Төменгі молекулалы спирттер, мысалы этил спирті суда жақсы ериді. Көмірсутек радикалдарының артуына қарай, мысалы изоамил спиртінің ерігіштігі төмендейді. Глицерин молекуласында гидроксил топтарының саны көп болғандықтан оның ерігіштігі артады.
№ 1 ЖҰМЫС. спиртТЕР МЕН ифенолДАРДЫҢ СУДА ЕРІГІШТІКТЕРІ.
Реактивтер: спирттер: этил, изоамил, глицерин; фенол.
Үш пробиркаға 2-3 тамшыдан этил спиртінің, изоамил спиртінің, глицериннің ерітінділерін тамызады, төртінші пробиркаға фенолдың 1-2 кристалын салады (Сақ болыңыз! Қолмен алмаңыз!). Этил спирті мен глицерин мөлдір ерітінді, ал изоамил спирті мен фенол лай ерітінді түзеді.
Реакциялардың химизмі:
Гидроксилді топтары бар көмірсутектерінің туындылары сумен сутектік байланыс түзеді.
Осының нәтижесінде төменгі молекулалы спирттер суда жақсы ериді.Радикалдарының артуына қарай ерігіштіктері төмендейді.Молекулада гидроксил топтарының көбеюіне қарай оның ерігіштігі артады.Этил спирті мен глицерин ерітінділері бар пробиркаларды келесі тәжірибелер үшін сақтаңыздар.
№ 2 ЖҰМЫС. спиртТЕР МЕН фенолДАРДЫҢ индикаторҒА ӘСЕРІ.
Достарыңызбен бөлісу: |