6. Қыздың көзі қызылда [12, 4].
Қалың көпшілік тарапынан қолданылып жүрген мақалдың бірі.
Бұл мақалдың мәні мен құрамындағы сөздері жалпы түсінікті десе болады. Бір қа-
рағанда бұнда «қыздың көзі қызылда, яғни қыз баласы қызыл түске, қызыл киімге, қызыл
бұйымға жақын болады» дейтін мән бар сияқты. Бұл да қызыл сөзінің тура мағынасынан
туындаған анықтама. Алайда бұл қызыл сөзінде басқа мән бар сияқты, зерделей келе
бұндағы қызыл сөзінің басқа мәнде, яғни «алтын» мағынасындағы сөз екенін байқау қиын
емес. Сөзімізге бірнеше дәлел келтіруге болады. Ең алдымен, тілдік факторлар. Тілдегі
сөздің мағынасын ашу үшін көне немесе орта түркң тілі және туыстас тілдер деректеріне
сүйену қажет, яғни тарихи-салыстырмалы әдісті қолданбай сөздің мәнін ашу мүмкін емес.
«Алтын» мағынасындағы қызыл сөзі орта ғасыр жазба ескерткіштер тілінде
көрінген. Мысалы, Хорезм түркі тілі дәуірі (XIII-XVғғ.) ескерткіші Нехжүл ферадис
жазбасында «алтын» мағынасында қызыл-алтын (NF.64.13) қос сөзі қолданылған. Шағатай
жазба ескерткіштерінен Шайбани хан сөздігінде қып қызыл алтун тіркесі бар (Şiban.71a-5);
Қорқыт ата кітабында қызыл сөзі «алтын» мәнінде жұмсалған (DKK.10-7).
Қазіргі түркі тілдерінен түрік анадолы диалектілерінде kızıl (DS
VIII 1972: 2863)
және азербайжан тілінде gızıl (AzTS 1994: 521) сөздері «алтын» мәнінде сақталған; түркмен
тілінде ғызыл
:
тұлғасы актив қолданылады, тіпті, біздің Алтын көрсе періште жолдан таяр
мақалымыз бұл тілде Ғызыл гөрсе қызыр йолдан азар (TДС 1962: 222) болып жұмсалуда;
қарайым тілінде қызыл сөзі «алтын ақша» (KРПС 1974: 383) мәніне ие; якут тілінде қыһыл
|