Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2-нің 4 молекуласымен байлан
Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2-нің 4 молекуласымен байланысады.
Гемоглобиннің түрлері:
HbP – примитивті гемоглобин эмбрионның жатырда дамуының
9 аптасына дейін;
HbF – феталдық гемоглобин ұрықта және жаңа туған нәрестелерде;
HbA - A гемоглобин ересек адамдарда.
Гемоглобиннің газдармен қосылысы
Физиологиялық:
HbO2 - оксигемоглобин
HbCO2 - карбогемоглобин
HHb - тотықсызданған гемоглобин
Патологиялық:
HbCO - карбоксигемоглобин
HbOH - метгемоглобин
HbS - сульфгемоглобин
Hb қалыпты мөлшері: ерлер – 130-160 г/л әйелдер – 120-140 г/л ең жоғары мөлшері 166,7 г/л