262
олнвң шөккен жеріне «Оба» құрып, басына махбара тұрғызған екен. Тарихшы
Мунис шежіресінде қазырет шайық Мұрат хожаның абырына хан зиярат
қылғаны жазылған.
«Ақ жағыс» елді
мекенінен бір фарсақ жерде
Молда Имаматдин
Мұхаммед ишан
ның киелі орны, рухани, ислам тәлім-тәрбие орталығы барын,
Хиуалы Сарай кәтібі (хаткері)-Мұхаммед Риза ахун ибн Мұхаммед Кәрім
деван тарапынан көрсетілген. Жаңа дәуірде, бұрын өткен әр заманда қарақалпақ
елінде ишандар мен ахундардың қоғамдық-әлеуметтік тұрмыста орны және
рөлі жоқары, мәртебесі биік болған.
Соңғы орта ғасырлар және ерте жаңа дәуірлерде арқа өлкеде –«Дауқара»
теңізі, «Тукра» теңіз-көлі, арқа «Қызылқұм» етегінде қарақалпақтар
бөлшектеніп, шашау-шашау болып жасаған. Шығыс Арал бойы Сырдария,
Қуаңдария, Жаңадария, Ақ жағыс, Көкдария, Көкөзек бойларында, Құсқанатау,
Порлытау, Қырантау кішіаймақтарында
«
Қоңырат» ұлысы, «он төрт ру» және
«жеті рулардың» кіші этностары шаруашылық, балықшылық, диқаншылық
және қолөнер қожалық мәдениетін қалыптастырған еді. Жаңадария, Қуаңдария
аралығындағы ел-жұрт басқарған би-батырлар: Маңғытты Орынбай би-аталық,
Ақмаңғытты Маман би, үлкен ақсақал, Қоңыратты
Сұлтан би ұрпағы - Айдос
би-аға баба, Ашамайлы-үшбас Есенгелді би, ел-жұрттың таянышы, сүйеніші
және қорғаушылары- Ер Нұртай,Тайлақ баһадүр, Төлеген баһадүр- жүзбасылар
өздері басқарған аймақтарында қала-қорғанлар құрып, мұсылманшылық
шарттарын орындап, мешіт-мектеп, мешіт-медресе құрғызған. Халық
балаларына сауат ашу, тәлім-тәрбие, білім сырларын үйретіуге Хорезм және
Бұхара қалаларында жоқары тәлім, медресені бітірген ғұлама-зиялыларға
үлкен
құрмет көрсетіп, рухани мәдениетке және діни-ағартушылық тәрбиеге
кең және жан-жақты көңіл берген еді.
ХVIII ғасырдың соңы-ХIХ ғасырдың басында қарақалпақ елінде, қоғамдық
тұрмыста, діни-ағартушылық қызметтерде қазыреті шайықтар, «шынжырлы»
ишандар, ахун-ишандар, ахун-қазылар және хожа-ишандар мәртебесі, әсері
болды.Арқа өлкеде Молда Имам ишанның рухани тәрбиесі және діни-
ағартушылық қызметтері үш тарихи географиялық этно мекенде болған.
ХVIII ғасырдың ақырында Бұхара жоқары тәлім медресесін бітіріп келген
төрт ахун-ишанның бірі- Молда Имам ишан «Қуаныш» арна бойлап
саяхаттап,ел аралаған кезінде: Ол бастап қазыреті шайық жәлил,әулие Аз-
Шыблий Ашық ата мазарына, қазыреті шайық Ас-Қошқар әулие ата мазарына,
Қазыреті шайық Мұрат хожа-ахун, әулие ғазиздер қабырына зиярат қылған еді.
Ол «Шоқ тораңғыл» жағыс-елді мекеніндегі нағашылары-анасының
жұртына сейіл еткен. Ол Шоқ тораңғыл елді
мекенінде жарым жер төле
үлгісінде «қалендер-порқандар» және «дәруиштер үйлерін» құрғызған, олар
ел-ішіндегі ауру-кеселдіктерді емдеуге үлес қосқан. Сол жерде, жертөле
мешітте, соң жер үстіне ылайдан мешіт құрып, жас молдаларды оқытқан. Бұл
қасиетті жер Шоқ тораңғыл арқада Хәкім ата және Боғрақ қаламен, шығыста-
Бұхарамен, құбылада-Хиуамен байланыстырған керуен жолдар аялдамасы
болған еді.
263
Х1Х ғасыр басында арқа өлкеде, Жаңадария бойында, Ақжағыс
және Дауқара теңіз аймағындағы ел-жұртқа «көз тиді», сол арқа аймақтың
берекеті қашты, табиғи-географиялық орталықта, биоресурстардың азаюына,
сулар азайды, экологиялық сусыздық әсері сезіле басталды, жайлаулар үшін
талас–тартыс, ұрыстар басталды. Бұл трагедиялық апатшылық этнопоэзияда
және халық шежіресінде өз сәулесін тапты.Тарихи
деректерге назар салсақ,
1810 жылы 20 ноябрьде Хиуа ханы Мұхаммед Рахим басшылығында көп
мыңдық атты әскерлері Жаңадария қарақалпақтарға кезектегі экспанциясын
бастаған. Олар Сырдария, Қуаңдария аралығындағы ел-жұртты тоз-тоз етіп,
есеп-сансыз малдарын және ұл-қыздарын тұтқындап алып кеткен.
Арқа өлкедегі халықты мәжбүрлеп, «Шылпық» төбеден бастап- Қыран тау
аймағына көшірген еді. Қарақалпақтар-«Босқан ел» аталып, бөлінген ел-жұрт
ішінде, босып келген халққа рухи медет, мұсылмандық шариғат, үгіт-нәсихат
беруші-жаңа әлеуметтік топтар-«
ишанд
ар» болды. Арқа өлкедегі қарақалпақ
ишандарының орындарда, жайласуы және ислам тарбиесіндегі қызметтері
жаңа ғалымдар назарында болмақта. Соңғы орта ғасыр және жаңа дәуірдегі
қарақалпақтардың
ескі мекен жайлары- Қырантау,Қалмақ қала, Нөкіс базар,
Маңғыт
қала,
Сәтемірқала,
Порлытау,
Құсқанатау
кішіаудандар
болған.Қырантау аймағындағы ескі бабалар мекеніне көшіп келген «он төрт
рулар» кенегес-маңғыттар, қытай-қыпшақтар, қанлы-хожалардың билері,
батырлары бірлесіп, бір жағадан бас шығарып, ел ішінде мешіт-медресе құрған,
рухани, ұлттық құндылықттарды, діни-ағартушылық тәрбиені дауам еткен.
Молда Имаматдин ишан Қырантауға,Әмудария бойына жаңа қоныс басып,
мешіт құруына,оның демеушісі және таянышы Қаңлы Төлеген баһадүр,
жүзбасы, би себепші болған. Есенгелді мехрем нәслі Мақат би де Имам
ишанға демеуші болған.Тарихшы Мунис Хиуа ханының арқа өлкеге
зияраттары және құс салу бойынша дәстүрлік «жол картасында» жаңа
мәліметтерде жазған.
Мұхаммед Рахим хан саяхатында Аранг қыры (Үстүрт жанбауырына),
Қоңыратқа, Хәкім атаға, Гур-курауға, Майлы өзекке, Қарабайлы аймағына құс
салған, Әмударияның жаңа тармағы - Құлжарған, Кегейлі арнаға келген, сол
жерден қазыреті Имам ишан қонысы үстінен өткені баяндалған.
Қырантаудағы қасиетті жайлар
және зиярат орындардың
этногеографиясын анықтаулар және этноархеологиялық зерттеулер жаңа
басталмақта.
Бұл жерлердің өткені мен бүгіні және мәдени мұрағат обьекттері
жайында Х.Есбергенов «Қалмақ қала» мазары жайында, Ғ.Хожаниязов
Қырантауда қарақалпақтардың ескі мекені-қорған қаласы, мазары, мешіт-
медреселері барын этноархеологиялық аспектте зерттеді және бірнеше мақала
жазды.
Қыран тау аймағында ел-жұртқа- «жеті рулар» және «он төрт руларға»
рухани діни-ағартыушылық қызметтерде қыпшақ Аллаберді әулие азиз хожа,
ахун-ишан, Айтеке Бектемір ахун-ишан, Қаңлы Имаматдин ишан, Марқабай
қазы-ишан, Ибайдулла ишандар аймақтарда,
қоғамдық орындар мен мешіт,
махбара ханоқох құрып әлеуметтік және рухи қажеттілікті іске асырған.
264
Қырантау зиярат мекені. Имам ишан дария бойында діни-ағартушылық пен «ақ
дақлы» адамдарға ем-дәрі бұйырып, мейірім-салдарлы, тәуіптік өнері де болған.
Қыран тауда қазыреті шайық Имам Мухаммед ишан жаңа мешіт құрып
жатырғанда Ақмаңғыт елінің үлкен ақсақалы - Маман би құтты болсынға
барған екен.Сонда Имам ишан қара мал сойып, ақсақал-дана биге үлкен
мейірбандық үлгісін көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: