«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет150/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Сырдария бассейні:
1.Жоғарғы Нарын; 2. Ферғана өлкесі; 3.Шыршық – 
Ангрен; 4. Сырдарияның орта ағысы; 5. Арыс – Түркістан; 6. Төменгі 
Сырдария. 
Амудария бассейні:
1. Жоғарғы Амудария; 2.Қашқандария; 3.Қаршы; 
4. Бұхар; 5. Түркімен жағалауы; 6. Заравшан; 7. Төменгі Амудария; 8. 
Қарақұм каналы. 
Арал өңірінің суармалы аймағы:
Амудария, Сырдария бассейні: 1. 
Қарақұм каналы; 2. Амудария дельтасы; 3. Аму – Бұхар каналы; 4. Қаршы 
даласы; 5. Мырза шөл; 6. Ферғана өлкесі; 7. Қызылорда егістік алқабы. 
ХХ ғасырдың 60-шы жылдардың ортасына дейін Сырдария өзенінің 77 
пайыз суы Нарын өзенімен келсе, 23 пайыз суы Қарадария өзені арқылы келген. 
Өзеннің жылдық, маусымаралық су қорларының көлемі жыл сайын өзгеріп 
отырған. 
Тау басынан тосқауылсыз аққан тасқын су таудың басы мен баурайындағы 
неше түрлі құм – қиыршық, шірінді мен салындыларды өзеннің арнасымен 
төмен қарай тасымалдап, бұл қоспалар Сыр өзенінің ұлтаны мен арнасының екі 
бетіндегі кемерін биіктетіп отырған. Осының салдарынан Дария төмен қарай 
сай – саламен бос топырақты шайып, өзіне жаңа арна іздеп, арнасы жиі өзгеріп 
отырған. Табиғаттың заңдылығы мен судың керемет күшімен қазылған 
«Арнасайдан» бастап, төменгі Сыр бойында ескі арналар мен көлдер жүйесі 
көптеп кездеседі. Олар: Яшы көл, Тайпақ көл, Қандыарал, Күркіреуік, Нәнсай, 
Ақсай, Көксу көлдері, Іңкәрдария, Қарақұс келіс, Шаха, Мортық, Көктің көлі, 
Жетікөл, Тораңғылсай, Шіркейлі арнасы, Шаған көлі, Жаңадария, Қуаңдария, 
Қараөзек көлдер жүйесі, Ақсай, Бозкөл т.б. қалған дариялар мен толып жатқан 
көлдер ертеден бар. 
Осы ескі арналар бір – бірімен ұштасып, бір кездері Сырдария өзенінің 
тармақтары болып, Арал теңізіне құйған. 
1958 жылы Қызылорда су торабының жоғарғы жағына саға салып, Құр 
өзек, Тораңғылсай, Құтырған сай, Томар өткел сияқты бөлек – бөлек өзектер 
мен сайларды жалғап, сағасына секундына 50 текше метр су жіберетін шлюз 
соғылып, Жаңадария арнасына су жіберілді. Жаңадарияның ұзындығы 625 
шақырым, оның 535 шақырымы Қызылорда облысының жерінде, 90 шақырымы 
Қарақалпақстан жерінен өтіп, Арал теңізіне құятын. 
Қуаңдария арнасы Жаңадария каналының 210 шақырымынан Майлыөзек 
арнасы арқылы сағасын алып, Бозкөл ойпатымен Арал теңізіне құятын, барлық 
ұзындығы 436 шақырым. 
Шіркейлі арнасының сағасы Қызылорда қаласынан 12 шақырым төмен, 
дарияның сол жағында болған. Ұзындығы 120 шақырымға созылып, Қуаңдария 
көлдеріне құйған. 70 шақты әртүрлі арықтары бар ескі арнамен Аламесек 
көлдеріне дейін кеме жүрген.
Қараөзек арнасы Сырдария өзенінен Қараөзек стансасының төменгі 
жағынан бөлініп, солтүстік – батысқа қарай 183 шақырым қашықтықтан кейін 
Жосалы стансасы тұсында Сырдарияға қайта қосылады. 


273 
Бір сөзбен айтқанда, Сыр бойының табиғаты бай жерлері мен құнарлы кең 
егістік алқаптары ғасырлар бойы судың астында жатқан көлтабандар екені 
анық. 
Неше түрлі шалғындар, тоғай, талы, суларындағы балығы мен сыңсыған 
аң, құсы Сыр бойы әлімсақтан бері жерұйыққа айналған. 
Қазіргі кезде Сырдария өзенінің жоғарғы салаларында толып жатқан майда 
су қоймалары мен су тораптарының су шығаратын қуатты насостарды, тағы 
басқа ірі су құрылысы нысандарын есептемегенде, 32 текше шақырым су 
сиятын бес ірі су қоймасы бар. 
Міне осының барлығы өлкенің су айналымының табиғи заңдылығын 
өзгертті. 
Мысалы: Нарын өзені бойында су сиымдылығы 19,5 текше шақырым 
Тоқтағұл су қоймасы, Үшқорған су торабы бар; 
Қарадария бойында су сиымдылығы 1,9 текше шақырым Әндіжан су 
қоймасы, Тесіктас, Күйгенжар су торабы бар; 
Шыршық өзенінде су сиымдылығы 2,0 текше шақырым Шарвах су 
қоймасы, Газалкент су торабы бар; 
Сырдария бойында су сиымдылығы 4,0 текше шақырым Қайраққұм су 
қоймасы, Фархад су торабы бар. 
Түркістан облысы жерінде су сиымдылығы 5,7 текше шақырым Шардара 
су қоймасы, Арнасай қашыртқысының сағасы Шардарада ГЭС бар. 
Қызылорда облысының жерінде Қызылорда, Қараөзек, Әйтек, Қазалы, 
Ақлақ су тораптары мен Көкарал бөгеті бар. 
Сырдария өзенінің жоғарғы салаларында жұмыс істеп тұрған ірі қуатты су 
электр станциялары: Нарын өзенінің бойында Тоқтағұл, Құрсай, Ташқұмыр, 
Шамалдысай, Үшқорған – бес ГЭС жұмыс істеп тұр. 
Қарадария өзенінің бойында Әндіжан, Шыршық өзенінің бойында Шарвах, 
Сырдария өзенінің бойында Қайраққұм, Фархад, Шардара – бес ГЭС жұмыс 
істеп тұр, барлығы 10 ГЭС. 
Нарын өзенін қосқанда Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейінгі ұзындығы 
3026 шақырым, оның ішінде Сырдарияның ұзындығы 2337 шақырым, су 
бассейнінің көлемі 4064 шаршы шақырым. Сырдария өзенінің 1274 шақырымы 
Қызылорда облысының жерінде. 
Жоғарыда атап өткендей, адамның теріс әрекетінің нәтижесінде Сыр 
бойына келетін су көлемінің жасанды азаюынан мынадай мәселелер туындап 
отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет