289
Республика аумағына діни түсініктегі әдебиеттердің таралуы, араб елдерінде
оқып жатқан студенттер арқылы жүзеге асты. Сәләфилер еліміздің барлық
аймақтарында таралған. Сәләфилер ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді,
жоралғыларды мойындамайды. Өлілерге құран бағыштауды, қарт кісілердің
батасын алуды, келіннің иіліп сәлем беруін, молаға зиярат етуді бұрыс деп
санайды. Исламның бекітілген төрт мәзбабын мойындамайды. Зайырлы
Қазақстан Республикасын «кәпір ел» деп санайды. Өздерін шариғат
заңдарымен жүрміз деп санайды. Сәләфилік ағым қазақ халқының ертеден келе
жатқан салт-дәстүріне жат ағым. Қазіргі таңда Сәләфилік елімізде өршіп тұрған
ағымдардың басты қатарында.
«Ахмадия ағымы» ХІХ ғасырдың соңында Үндістанда пайда болған.
Ахмадия жамағаты Мырза Ғулам Ахмед Қадияни ілімдерінің негізінде
құрылған. Оның айтуы бойынша Алла оны Мәсіх әрі Мағди етіп тағайындаған.
Ғулам Ахмедтің әкесі Мырза Ғулам Мұртаза Үндістандағы беделді ағылшын
үкіметінің адамы еді. Ғұлам Ахмед Үндістанда ағылшындардың орнығуына
көмектескен әкесінің қызметін мақтанышпен айтып отыратын болған екен.
Ахмадия ағымы 1994 жылы Пәкістандық миссионерлердің ықпалымен Әділет
министрлігінде тіркеледі. Қазіргі таңда рсепубликада ахмадиялердің жүзден аса
сенушісі бар деп есептеледі. Ахмадия ағымының бұрынғы басшысы Музаффар
Ахмад Пәкістанға үлкен көлемде заңсыз қаржы аудару арқылы Қаржы
полициясының назарына түсіп, елден қашып кеткен.
Біз жоғарыда Қазақстандағы ең өзекті және ықпалды ағымдарды ғана
көрсеттік. Жалпы алғанда олардың саны өте көп. Қазіргі кезде Қазақстандағы
діни ахуал күрделі деп айтсақ та болады. Қазіргі Қазақстанда 18 конфессияға
тиесілі 3600 діни бірлестіктер жұмыс жасайды. Оның 3464-і культтік
ғимараттар, 2550-і мешіт, 294 православ және 109 католик шіркеуі, 495-i
протестант ғибадатханалары, 7-I иудейлік синагога, 2-i буддистік ғибадатхана
және 7-i «Кришна Санасы» және Бахаилер дұға үйлеріне тиесілі.
Қазақстандағы
миссионерлік
ағымдардың
елімізде
көпшілігі
алаңдатарлық жағдай. Біз бұл миссионерлік ұйымдардың етегінен еріп кете
бермей, олардың саяси мақсаттарын да көре білуіміз керек. Әр түрлі секталарға,
миссионерлік топтардың, ағымдар мен қауымдардың жетегінде кетпеу үшін
еліміздің әр азаматында қорғаныс қабықшасы болуы керек. Мұндай
миссионерлік топтардың қармағына көбінесе жастар түсіп жатады. Жастар
біздің болашағымыз, үмітіміз, елімізді дамытып, Отанымыздың бірлігін, елдің
тізгінін ұстайтын болғандықтан, мектеп табалдырығынан бастап оқушылардың
діни сауатын аша бастауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: