«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет22/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

АБИЛОВА Г.Ж. 
(АТЫРАУ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – 
білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім 
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға 
жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Ұстаздың ең басты міндеті 
оқушыларға кез-келген білім саласын меңгертудің тиімді жеңіл жолдарын 
қарастырып, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру. Білім дайын 
қалпында қабылдамай, өздігімен құрастырылған білімнің ұзақ есте 
сақталатындығы бүгінгі күні дәлелденіп отырғаны белгілі. Болашақта 
өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. 
Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, 
терезесін тең ететін – білім.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді 
ұғымдырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады.Сыни 
тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып 


47 
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың 
да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен 
қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың 
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойын еркін айтуға және зерттеуге 
талпындырып, тұжырым жасауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау — ой қозғай 
отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін 
талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, 
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп 
шығармашылық жұмыс жасау. Оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы – бұл 
сын тұрғысынан ойлау. Оқушыны сыныптастарымен, мұғаліммен еркін 
сөйлесуге, пікір алмасуға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті 
мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын 
бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Ал мұғалім — 
әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту 
бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің 
бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис 
С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский 
теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-
келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін 
таңдауға 
саналы 
шешім 
қабылдауға 
сабақтарда 
үйрету. 
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден, сын тұрғысынан 
ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Екіншіден, сын тұрғысынан 
оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, керсінше терең ойлау 
арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап 
табуы мүмкін. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін 
табуды қарастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты 
ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту 
оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұл кезеңде оқушының 
тақырып туралы не білетіндігі анықталады,белсенділігі артады,оқушыларды 
сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту
стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы 
оқушлыларды жаңа сабаққа тарту. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі – «жаңа 
білімге көпір салу». Бұл кезең оқушылардың білетін білімдерін еске түсіріп 
отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады. Физика сабақтарында сын 
тұрғысынан ойлау стратегияларын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, 
дидактикалық ойындарды, интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану 
оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын оятуға, белсенділігін 
арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Тәжірибе барысында оқытудың жаңа 
технологияларын қолдануымыз теориялық кезеңде алған біліміміздің нәтижесі 
кілті десекте болады. Мысалы: «бос орынды толтыр», «ой қозғау», «жұбыңмен 
ақылдас», «ойлан бөліс» т.б. беру арқылы оқушылардың қызығушылығын 
оятып, сыни тұрғыдан ойланып, жұмыстануына жағдай жасауға болады. Күш 
тақырыбын өткенде жеңілден күрделіге қарай өтіп, төмендегідей сұрақтар қою 
арқылы, оқушыларды сыни тұрғысынан ойландыруға болады. Мысалы: үйкеліс 
не себептен пайда болады? Горизонталь және көлбеу бетте тыныштықта тұрған 


48 
денелердің үйкеліс күштерінің айырмашылықтары барма? т.с.с. сұрақтар 
болды. Сабақты қорытындылау кезеңінде «жуан-жіңішке» сұрақтар арқылы, 
«ыстық орындық» т.с.с. әдістері арқылы алған білімдерін тексеруге болады. 
Сыни ойлауына мүмкіндік туады. Сұрақтар нақты анықтамалармен 
формулалардан ғана емес, күнделікті өмірдегі құбылыстарға байланысты 
болды. Мысалы, жеңіл сұрақты күш тақырыбы бойынша «сыныптас досыңа 
үйкеліс күшінің қандай өлшем бірлікпен өлшенетін туралы ақыл бер. Неліктен 
олай?», кеңейтілген сұрақты «білмеске үйрет. Үйкелісті арттырудың немесе 
кемітудің қандай тәсілдері бар?» күрделенген сұрақты «екінші сынып 
оқушысы, мұз қатқан жолмен автомашина жүргізу неткен қауіпті? жаяу адам 
мұндай жағдайда қандай сақтық жасауы қажет сен қандай ақыл берер едің?» 
деген сияқты ойландыратын сұрақтар беруге болады. Сонымен қатар 
оқушыларға күнделікті өмірден сұрақтар қойып
отырса аса қызығушылықпен орындайтын болады. 
1.Қыздыру шамы жанған кезде қыл қысымы күйіп кететіні неліктен? 
2.Аспазшы азықты алюминий табадан гөрі шойын табаға дайындауды жөн 
көретіні неліктен? 
3. Еріннің бірдей қозғалысымен ауаны шығарып қолды жылытуға, ал 
шайды
салқындатуға болатыны неліктен? 
4. Асханада екі кісі шай алды. Бірінші кісі стақанға қантты бірден салып 
ертті, ал екінші кісі тамағын жеп болған соң стақанға қантты салып ертті. 
Қайсы 
ыстық 
шай 
ішеді? 
Қант 
ерігенде 
жылу 
жұтады? 
Сыни ойлауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қою мақсат, сыни көзқараспен 
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және өз бетімен ізденуге, өз бетімен түйін 
шығарып, дағдылануға үйрету. Мұғалім бірінші өзі сыни тұрғыдан ойлай алса, 
оқушыларында сыни тұрғыдан ойлаттыруға мүмкін береді және ойын мен 
тілдік қорын дамыта алады. Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр 
шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған 
сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның 
ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді 
патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-
жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, 
тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін. Менің басты мақсатым-сол шәкірттерімді 
жетелей жүріп өзім де жетілу. Жaлпы физикa – күрделі пән. Оны жaттaп aлу 
мүмкін емес, түсініп оқуды қaжет етеді. Егер физикa сaбaғынa деген оқушының 
қызығушылығы болмaсa, мұғaлім не істеуі керек? Міне, осындaй әр түрлі 
ойлaрдaн кейін бaлa жүрегіне жол тaуып, білімге жетелеу үшін мұғaлім 
оқушылaрды қызықтырaтындaй әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы тиі Сабақты 
сыни тұрғысынан ойлау– сынау емес, шыңдалған ойлау.Оған қадағалау, талдау 
қорытынды жасау , бағалау, түсіндіру метатану жатады. Сыни тұрғыдан ойлау 
негізінде адамнын өз ойын бағалауы, оны жүзеге асыруы, өз мен өзінің пікіріне 
сеніммен қарауы, және шешім қабылдауы қажет екенін түсінді. Әрине, 
оқушының дербес іс-әрекеті білімді өз ізденістерімен алу қажеттілігін 
түсіндім.Сабақтарда мына талаптарды ескерілуіне толық қосыламын. 


49 
Cабақмақсатының түгел орындалуы, сабақтың ұтымдылығы, пән аралық
байланыстың болуы, сабақта туындайтын проблемалар, оқушының
танымдық дамуы, оқушының жеке ерекшелік қасиетін ескеру, өз
беттерімен орындайтын тапсырмаларды ұғындыру, білімді бағалау жинақтау
қажеттілігі ескеріледі. XXI ғасыр мұғалімі – XXI ғасырдың дағдыларына 
қарай икемделген проблемаларды шеше білетін, ізенімпаз, сын тұрғысынан 
ойлауды, іскерлікті бағалай алатын болуы керек(Б.Обама). Оқыту арқылы жеке 
тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани 
құндылықтарды игерудің бірден-бір жолы – Блум таксономиясы. Осы әдісті 
қолдана отырып үлкен нәтижелерге жетуге болады деген сенімдемін. Сонымен 
сөзімді қорытындылай келе, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің 
жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Ең бастысы оқу 
үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім 
алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет