Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011



бет25/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Құран және құдай патшалығы.
Құран үгітін меңгерудің нәтижесі; жалпы жаратылыс сипаттарымен, бүкіл әлемнің тұтастығын танып, әлемді жаратқанның жалғыздығына және адамзаттың негізі бір ата-анадан тарап, адам баларының өз-ара түсіністігін қалыптастырып, бейбіт өмірмен ұрпақ сабақтастығын, ұлттық ерекшелігімен, діл білімін қалыптастырып және әр халықтың, ұлттың, рудың өз ерекшеліктерін сақтай отыра, бір-бірімен ара қатынастық шараларды меңгерумен ерекшеленеді. Бірақ осы қарапайым қағидалардың өзін жаңылыстырып, адам баласының есту, көру, ойлау қабілеті және ерік естілігін өзгертіп, бір-біріне дұшпандық түрлі әрекеттерді, қулықтарды, соғыстар арқылы бірін-бірі қанап, құлдап, өз өмірлерінде тозаққа, азапқа айналдырып, адамдық қабілет, қасиеттерін шыңдап, заманына сай жетілдіріп отыру үшін де түрлі сынақтармен қарсылық күштерін жаратқан. Осындай қарсылық күштерді жеңіп, өзіне бағындырып және қасиеттерін көбейтіп, меңгеру барысында; күн астына, жан шуағына таласқан өсімдік, көбірек азық жинауға жан таласқан жәндіктер мен, өз үстемдігімен жайлы орынды жерді көбірек иемденіп, ұрпақтарының қауіпсіздігін, өсіп-өнуін қалыптастыратын хайуандар сияқты, адамзат та осы қарсылық күштерді жеңу үшін де, түрлі қулықтарды, ақыл-ойды жетілдіру амалдарын меңгеріп, ол үшін білімді, заманына қарай үнемі жетілдіру арқылы, ілімізді тазарттып отырумен ғана өсіп өнеміз де, аспан астындағы, жер бетіндегі өз еркіндігімізді қалыптастырамыз. Сондықтан Адам ата, Хау анамен бірге бүкіл жаратылыс періштелерімен қоса жер бетіне түсіргенде; «... Оларға: «Бір-біріңе қас болып түсіңдер: Сендер үшін жер жүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік.» (2-36) Бұл аяттағы 36 санды белгіні, осы мәндегі Ясин сүресін құранның жүрегі деп атаудың да құпия сыры да, жалпы құран аяттарының көлденеңінен осындай сандық мәндерге де байланысты болмақ. Әрбір жаратылыс егелерінен, 36-санымен шегін мезгілін белгілеп, 38-сандық мәндегі белгіде, тура жолда кездесіп, бірленіп, жаннатқа кіруге ұлықсат етілген де; «Сақ болыңдар!» яғни «Абай» болыңдар, сөздің астарын зертеп, құран құпиясын, сөз хикметін меңгеріңдер! деп ескерткен. Сондықтан, адамзатқа берілетін несібені алу үшін, осындай бір біріне қастардың бірлігін қалыптастырып, татуласып, «Бір» деген бастапқы негізге, таза ақылға, Раббыларына келуімен ғана жүзеге асады. Алланың адамзатқа түсіріп қойған тіршіліктік несібелерінің өзі, осындай сипаттардан жарыққа айналған; «Алланың қасында» яғни біздің көзіміз көріп анықтай алмайтын, көмес өмірде, ақиретте яғни өлілер сипатында болып, оны қайта тірілтіп азыққа, қуатқа айналдыру үшін де, пайда, зиянын артық, кемін белгілеп, ақыл кітаптарын мегеруді, тек адам баласына ғана ерікті түрде беріп қойған. Сондықтан адамзат баласы жер бетінің халифасы меңгерушісі болып есептеледі. Осы қабілеттерді меңгеру барысында, Алла жолында күресіп, Алланың сүйікті құлы, досы болған, жер жүзінің бізге көрінбейтін, жер әлемінің ризығын ретеп тұрушы, Алланың орынбасарлары, біртұтас адамдардан болған, періштелер әлемінің ісін жүргізуші және құдайдың патшалығының әскерлері, жаннаттық құлдары болып есептеледі. Сондықтан жер бетінде түнектің, қараңғылықтың, ібіліс әскерлері мен құдай патшалығының әскерлері үнемі өз-ара қырқыс соғыста болып, қарсылық заңымен, бүкіл қозғалысты, заман, табиғат өзгерістері мен, жаратылыс түрленуін, адамзаттың несібелік ризығын қалыптастырады. Негізінен барлық несібе, адам жанының өнімі арқылы болғандықтан, күнәлік болмыс та адам жаны арқылы өсіп-өніп, жақсылық нұр да, адам жаны арқылы көбейіп, өнімін береді. Бірақ көп жағдайда, адам баласының басым бөлігі күнәні өсірумен; ойын, күлкі түрлі арсыздық істермен, дайын өнімдерді пайдаланумен ғана айналысып, екінші аз ғана бөлігі осы қателіктерді түзеумен, ал енді бір ортасы екі жаққа да жәрдем берумен, негізінен үш топқа бөлініп алып, өз ара үнемі қызу тартыста, дүние тіршілігін өмір базарын жүргіземіз. Егер де берілген, көрсетілген ғибадаттардан, кітаптардың өсиеттерінен, ата-баба өмір тәжірибесінен, қалған аманаттардан орындаудан сәл босап, тек енді жеңіс біздікі, осылай рахат өмірде, тек ішіп, жеп ойнап күлумен ғана айналысып, тіршіліктің қызықтарын, жаратқанның жақсылық нығметтерін, дүние қызығына пайдалану мақсатын ұстана бастасақ, дереу зұлымдық күштер өсіп өніп, бойларын тіктеп, қайта адам баласын құлданып, түрлі бәле, өлімдерге ұшыратып, арты тағы соғыс, қирау ұлттардың, халықтардың жер бетінен бірін-бірі жойып жіберуімен аяқталып отырады. Ал, зұлымдық күштері өздігінен қозғалып, ойланып істер жасауға, көбеюге де қауқарсыз. Зұлымдықты да, әділетті, ізгілікті істерді де, адам баласының иман жолдасы, кісілігі және кісілікке жетпеген жындардың, шайтандардың, шеріктердің көмегімен атқарылады. Барлық жаратылыс қозғалыс негізі періштелер, негізінде ібілістен басқасы, Адам атаға сәжде, қызмет жасаған періштелер болып, кейінен «қастар»-зейнет болған, түп негізден басталып, олардың адам арқылы және табиғат басқа жаратылыс егелері арқылы, пайда болған және міндетті түрде көктік үш, жерлік бес топқа бөлінетін, барлығы 8 қуаттық шамамен белгіленген түрлері бар. Ал 9-шы қуат; көркем сөз және иман негізі болып, тек адам баласына ғана берілген ерекше ризық болып есептеледі. Құрандағы Тәубе сүресінің Алланың атымен басталмай барлық сүрелерге қосылуға, жалғануға, түрленуге негіз болып, және әрбір 9-санымен аяқталатын, нәтижеленетін аяттардың өзіндік сыры да тек адам жанымен, рухымен байланысты болады. Негізгі қуатты меңгеруші жын және шайтан, адам баласы (иман жолдасы, періштесі) осы үш бұтақтан тағдыр ағашы пайда болады. Сондықтан бастапқы жаратылыс негіздерінен, үнемі қуаттанып отыратын, осы негізгі үш сападан барлық жаратылыс иелері пайда болып, адамның дүние тіршілік өнімдеріне жатады. Енді оны қарапайымдап түсіндірсек, тек-ұрық, ген-қан (діл) және жан болып үш түрлі сапаға бөлінеді. Діншілердің басты қателігі де, осындай адамзаттың жаратылыс негіздерінің сипат ерекшеліктерінің ара-жігін айырмай; жындарды, шайтандарды адам тағдырынан, жанынан, рухынан бөлек жаратылыс негізінде қарастырады. Шындығында бастапқы жаратылыс негізінде, олар жеке сипаттағы періштелер болғанымен, бәрі адамзатқа біртұтасқа ғана айналумен сәжде, қызмет жасауға бұйырылғандықтан азықтық, несібелік нәрселердің бәрі ортақ болып, адамзатпен бірге ішіп жеп өсіп, өнуді көбейуді қалыптастырып, өлім арқылы ғана ақ-қара және түрлі түстерге ажыратылып, тозақ сатыларынан, тазарудан өтіп барып, қайта бірігу, дәрежелену арқылы жаннатқа «Бір» және «Тұтас» періште болып, және құдайлық негіз, нұр жанмен, Раббымыздың білім болған иманмен бірігу арқылы бір тұтастықта кіруіміз керек. Сондықтан жын да адам бейнесінде, шайтанда адам бейнесінде, періде адам бейнесінде, ібілісте адам арқылы бейнеленіп, тәрбиеден, білімнен, ақылдан жеңіліп, керісінше адамға қызметке тұрып, қасиетке айналып, бірігіп бастапқы жаратылыс негізіне жанға, жарыққа, жарға қайта оралу діннің негізгі шарты. Дәрігерлік ғылымдағы адам баласының «імүнін» (имун) (момындық) ауруға,түрлі сыртқы әсерлерге, қоздырғыштарға қарсылық күшін қалыптастыру, яғни ақ уызын, «белокты» жетілдіру мақсатында, тымау т,б жұқпалы дерттерге қарсы, сол ауру қоздырғыштарын аз мөлшерде егу арқылы ғана тәннің қарсылығын қалыптастырса, ал енді рухқа және жанға байланысты «імүнді» (момындықты) қалыптастыру үшін, тек дін қағидаларын, намаздарынын орындау арқылы ғана құдайдан келетін несібе, зейнет болып нәтижесін бермек. Олай болса, рухани және жандық сипаттағы «үмінді» (момындықты) қалыптастырудың екінші, үшінші сипаты көмес, ғайып түрде жан қарсылығын, сезімдердің қуатылығын қалыптастыру үшін, дін ережелерін міндетті түрде меңгеру керек. Тек бұл жағдайда да, кімдерден, қалай және қандай үлгіні алау керек, деген мақсатта, түрлі пәтуалар мен қарсылықтар да туындауы сөзсіз. Ата дәстүріміздегі, осындай рухты тазарту мен, жанның қуатын өсіріп, қалыптастыру мақсатындағы сопылық мақамдағы «шарап» ішу, «У» ішу, мас қылмайтын «арақ» ішу, «май» ішу деген түрлі астарлы сөздердің астында ақпарттық, рухани азықтық көмес бейнелермен қатысты деп түсінген абзал. Қазіргі таңда, осындай тән, жан, рухтың сүнетеліп, жетілу шартарының, үш түрлі дін ережесінің біреуін ғана ғылым-білім қылып, тәнді емдеп, шынықтыруды білгенімізбен, рухтың яғни ақыл-ойдың емін және сана-сезімге жататын жанның емін, мүлде теріске шығарудан, әлем халқы азып-тозып, құрдымға құлаудың алдында ғана тұрмыз. Ал ислам дінінің құндылықтары әулиелермен бірге көміліп, содан тек шариғат білімін, дін рәсімдерін ғана ұстанудан, әлемде таза дін ұстанушы ел қалған жоқ десек, өтірік емес. Енді бұл пәтуамызға дәлел болған, әлемдегі бар мемелекетті қамтып жатқан, жаратушыдан түскен қамшы сынақтардың белгісі де хақиқатың бейнелену екені сөзсіз. Әзірше, жан сырының ғылымын қарапайымдап түсіндіретін болсақ: ібіліс тобының әскерлері өзінше тіршілік иесі болып, сыртта көмес, ғайыпта жер жүзінде азықтық қуат бейнесінде, жансыз шеріктер түрінде және жын да шайтан да, адам баласы аталған жандық, қуаттық денелер де, барлық жанды жаратылыс нәрселерінің бейнесінде болса, оған қарсы ақылмен толық басқарылатын жарық-нұр, кісілік сипаттары да бар болып, адам рухының нәтижесі, түрлі қасиеттер бейнесіндегі періштелер де, жер бетіндегі тәндік сипаттағы адамзатқа, яғни адам жанына қызмет етеді және өздерінің дәрежелеріне қарай топтарға бөлініп, ақирет тіршілігінің саудасын да жүргізеді. Бұл жаратылыс нәрселерінің бәрі де, дүние тіршілігіндегі адамзатың тәнінде, жанында, рухани сарайында, өсіп-өнетін орындары бар, және адам баласының бұларсыз тәндік, қуаттық өсіп-өнім беруі де мүмкін емес. Ал олардың жетіліп, адам баласына қызмет етуіне, біртұтас жарыққа, қозғалысқа адамның кісісі болып қалыптасуына да, басты себепші, жаннатық жан періштелері ғана барлығын өз мақсатына қарай бағыттап, жұмсап, тазарған жоғарғы ақыл-ой арқылы басқарылып, шектеп отыру шарт. Енді шайтан негізгі қызметі; етті ағзаны өсіруші болса, ал жын болса, қозғалыс себепшісінің, адам баласының ұрпақтық көбейуінің де негізі болып, адам қуатын белгілі бағытта дамытуға, өсіруге негізделген. Ібіліс-пері болып, кеңістіктегі, сырттағы енуші қуат негізінде бейнеледі де, жын негізінен адам баласының өнімі болып, іштегі, сыртағы және бастапқы және 5-қуат негізі болып, сырттан қосылып отыратын, түрлі сипатағы жын қуаттарымен, бейнеленген жүректермен де, адам баласының жарықтық сипатағы ақыл-ой, сөзі арқылы дәрежеленеді, тазарады. Бұлардың барлығына да ортақ қызметші шайтан, көздерге айналған аралық тілмаш болса, ал бұлардың барлығын басқарушы, атқарушы адам жаны болмақ. Адам жаны сандармен, иманмен яғни сана қуатымен тікелей байланысты көбейіп, өсіп өнімін бермек. Бірақ адам өз ақылымен ондай көрінбейтін, білінбейтін, ұстатпайтын нәрселерді қалай басқарады? Әрине Алладан сыйға берілген бастапқы негізгі жан және үнемі толықтырылып, жетілдіріп отыратын сөздің қуаты, ақыл-ой жарығы, нұры рухы арқылы басқарылады. Сондықтан адамзаттың бойында өлмейтін екі «Мен» бар. Енді осы адамзатты «Мен»- сөз, нұры-май арқылы басқару және басқарылу заңдылығын, бастапқы сөздің нұры, жарығы болған; құдай патшалығы деп атаймыз. Құдайды қалай танимыз десеңіз ол, тек күнә арқылы ғана өзін көрсетеді. Неге?- деген заңды сұрақ туындайды. Қараңғылық, тұрақты емес, сондықтан да негізінен жоқ, себебі уақытша қараңғылық, жарықтың аздығының немесе болмауының ғана өлшемі. Егер жарық бар болса онда қараңғылық өліп, жоғалады. Керісінше қараңғылық келгенімен жарықтың жоғалуы мүмкін емес. Сол сияқты суықтық та, жылудың белгілі мөлшерінің жетіспеушілігін білдіреді. Сонымен, адамзат өміріндегі; түнек, күнә салыстырмалы ұғым, бұлар Құдайды мойындамауды ғана пайда болады. Сондықтан әрбір адам баласына берілген, өзінде тұрған жарық негізіндегі құдайлық бастауларды меңгеріп, мойынсұнбаудан, құдайлық несібе нұр жарықты алудан бас тартудан, оларды түнек қараңғылық басады да шамадан тыс болып, адам өміріне қауіп төне бастағанда, дереу құдайдан нұрдың белгілі бөлшегі, бастапқы нұрға қосылады да, күнәнің кім, қандай екені жарықта әшкере болып жанып, өледі басқа жаратылысқа айналып түрленеді. Адам баласында бұндай тосынан қуаттардың енумен кенеттен шабыт, ақыл пайда болып, жан-жағына, өз қылығына, өмір, тіршілік салтына, жаратылысқа басқаша баға бере бастайды. Немесе, құдайлық ережелерді, шектеулерді мойындамаған, берілген намаз қағидаларын бұзған жағдайда; қыспақтарға, ауруға, апаттарға, азаптарға ұшыраудан, амал жоқ, іштей Құдайдан жәрдем сұраумен; бұл азаптан, аурудан күнәдан жарықтың, нұрдың-кісінің келуімен қайтадан құтқарылады да, сонымен кейбіріміз жалғастырып, ізденіп иманға келуімен, ал кейбіріміз ұмытқаннан кейін, бастапқы күнәлі, күнәкәр киімізді қайта киеміз. Бұл жаратылыста түстердің, реңнің жарық түрлерінің қайта түрленіп, қуаттанып жаңа сапамен қайта жаратылуы деп атаймыз. Жаратушымыз, негізінен бастапқыда сөзді әшкере ортақ қуат тәңір қылып жаратты. Ал оның ішінде көркем сөз негізінен жарық, май, шырақ еді. Сол көркем сөзден нұрды жаратты да қараңғылықты бөліп шығарды. Сонан нұр- басқаша сипаттағы жарық болды. Сол нұрдың түрлі-түсті сипаттарынан періштелерді жаратты да оларға рухын үрлеп, қозғалыстық қабілет ақыл берген еді. Ол үшін екі түрлі рухты (сөзді) жаратып, бір бірімен айтыста, әлемнің ішкі қозғалысы пайда болды. Сондықтан қозғалыс негізі, ақыл періштесі, яғни жел сипатына енді. Енді барлық нәрселерге жұптық сипат және қарама-қарсылық сипат та, осы рухтан бастау алады. Сондықтан адам баласы мен жынды өзіме құлшылық үшін жараттым, деп ескертудің шарты; адам баласы мен жын қосылып, бір-бірінен көбею арқылы, таза ақылды яғни сөзді алып, қарама қарсы күштерді «шеріктік әскерлерді» өзіне шамасына қарай, құбандық жандары мен Құдай нұры, құран сөзімен арластырып қосып алып, жаратқанға құлшылық арқылы жағып, өртеп, нұрлану жүктелді. Осындай қарсы, теріс бейнелі рухтан пайда болған, толық жетілмеген адам өнімдерін, жын-шайтандар, және жеке-жеке белгілі толық жетілмеген белгілі бір қозғалыстық сипаттағы, бірақ жансыз, жан білімінсіз жартылыс иелерін «шеріктер» деп аталады да, алдағы басылымдарда өлшемдермен, сипаттарын айырып түсіндіріп көреміз. Ал осы заңдылықтарды меңгеру үшін, құдай патшалығының 3-ортаға, үш жүзге негізделген жаратылыс заңдылығына құлшылық, қызмет етудің, діннің басты қағидаларын, адам баласының ойлау, түсіну қабілетінің жетілуіне байланысты, дін саясатын жетілдіруші пайғамбарлар мен жер бетіне адамзатқа түсірілген дін істерін жалғастырушы, орындаушы елшілерді де өз араларымыздан тағайындап, соларға кітаптарды үйретіп, одан қалған адамзат баласы бір-бірімізді үйретіп, жетілдіруді бұйырған еді. Ондай тылсымдық, түрлі дәржеде қуатарға айналған, бейнеленген кітаптарды санамызға, қанымызға, сүйегімізге сіңіріп, әр елдің өзінің тұрмыстық, тілдік, жерлік, шаруашылық, салт-дәстүрлік ерекшеліктерін және діл білімін де қалыптастыру үшін, қалыптасқан әдетті үнемі бақылап тұрсын дегендей; Әдет-ғұрып, деп бірге атайтын нұсқау берген. Тәураттың жалғасы, Забурдің екінші сипатын дәлелдеген Інжілді осы қалған үш кітаптың құдай патшалығының негізгі көрсеткіші деп мысалдар келтіре кетейік. « Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: « Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді. Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасынан бидайықтың тұқымын шашып кетеді. Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. Сонда қызметшілері-Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Бидайық қайдан шықты?-деп сұрайды. Ол: -Мұны істеген дұшпан кісі,-деп түсіндіреді. –Ендеше біздің сонда барып отап тастауымызды қалайсыз ба? –Жоқ, деп жауап береді қожайын,-сендер бидайықты отаймыз деп бидайды бірге жұлып тастайсыңдар. Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап қамбама құйыңдар!-деп бұйырамын».(Матай 13-тарау) Егіндігіміз, осы дүниеміздің тіршілігінің қызметшісі, малдық қуаттарымыз, рухымыз болса болса, ал жақсы тұқым қасиетті адамдар – Құдай Патшалығына қызметке тұрған әулиелер ұрпақтары, тұқымды яғни иман негізін себуші көктен келген Билеуші. Ал арам шөп бидайық- әзәзілдің, азғындардың, рухани жетілмеген жыны мен шайтаны қосылған, рухани зұлымдықтың ұрықтары болып табылады. Оны ұрланып келіп себуші-шайтан. Орақ кезі болса, қиямет мезгілінде көктен түскен періштелер; әзәзілдің ұрпақтарын орып алып және түгелдей тозақтағы отқа жағады. Рухани дәрежеде жетілмеген, азғындыққа түскен пенделерге ерекше сынақтар, азаптар түсіп, өмір жастары қысқарып және ұрпақтары үзіліп, тозақтық сипаттарға еніп тұқымы құруы тиіс. Демек Құдай патшалығын жердің бетінде, өзіміздің дүние тіршілігімізден, адамдар арасынан және туған жеріміз аяғымыздың астынан, ойдың буы шығатын, көмулі жатқан ақыл қазынасы ойпаттармен, оған көктің жібі-нұры түсетін есіктерінен іздеу керек. Сондықтан; «Құдай Патшалығын егіндік жерге көмілген (жерленген) қазынаға ұқсатуға болады. Соны тауып алған адам қазынаны қайтадан көміп тастап, қуанғаннан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады. Құдай Патшалығы мынаған ұқсайды: бір саудагер асыл інжу-маржан іздеп жүріп, аса құнды біреуін тауып алады. Сонда өзінде бардың бәрін түгел сатып, сол асыл інжуге ие болады.» (Матай, 13-тарау) Демек құдай патшалығы жерге көмілген, елін жерін қорғауда қанын төкен, елдің елдігін сақтауда қызмет еткен, жерге көміліп уақыттар өтіп ұмыт қалған, кейіннен белгісін беріп, нұрын шашып жатқан әулие, батыр ата-бабаларымызда және тау тастың арасынан, тесіп шығып жатқан жарықтық сипаттағы бұлақтарымызда екен. Оған ақтық байлап, «құран оқып, маталыңдар, бауралыңдар!» деп ескерткен қазақтық ғұрпымыз, дәстүріміз өзгемен де қуанышын бөлісу тарихи, шежірелік әдетіміздің болғаны да хақ. А,л Мұхаммед пайғамбарымызға құран келгеннен кейін, ата-бабаларымызға табынып, сыйыну ғұрпымызға, құранды арапша оқып, жалбарыну намазын қосып, ендігі әдет-ғұрпымыз намаздарды орындау болып саналады да, оны Алла жолында мал-жаныңмен соғысып, жер бетін кезу, дін сөзімен Алла жолында жорық, жорту деп атайды. Бірақ бұл амалдардың өзін, әрбір пендесіне берілген ауру, азап, сынақтармен, түрлі дарындылық қабілеттерімен, қосымша несібе, нығмет іздеумен байланысты болғандықтан, адам баласы қандай амалдарды алдымен орындап, қаншалықты жүктелу керек екенін меңгеруге, өздігімен жол тауып шығуы мүмкін емес. Бұл жолдарды білетін жетекшілердің ізіне ерумен бірге, өз жобасын үнемі тылсымнан белгілермен көрсетіп отыратын, рухани әке болып жетекке алатын әулие-пірін табу керек. «...қуанғаннан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады». деген Інжіл насихатын аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не бермеңдер де Алла тағала оны толық біледі» (3-92) Ата жолының осы рухани егіндікті құран аяттарымен суарып, және әрбір пенде өзінің «інісі мен ағасын» іздеп, ел кезіп «аса құнды біреуін тауып алады» өзінің жанының негізін, пірін тауып және асыл, інжуін болшақ өмірге келетін ұрпағын іздеудегі басталған кереуен жолын, «жын-шайтанан» және «маркетинг» халықты тонап жатыр деген пәтуларының артында не тұр дейсіз. Яғни Құдай халықтың зияратқа, Алланың жолна нәпсімен соғысға шығып, мал, ақша жұмсағанын білмейді, тек мешіттерге ғана берілу керек, Құдайдың нұры тек мешіте болады деген азғындық саясатпен, төмендегі аятқа және тұтса сүреге де ортақ қосып, халықты қабірдегілерден жиркендіріп, түңілдіріп; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Бұл аяттың үкімі де қазақ елінде орындалып, Абай атамыздың; «Қызылбастан келген намаз, имансыздыққа бастар жол» деген әулиелігі толық көрнісін бергенінен еліміздегі қазіргі таңдағы ел билігінің заңмен қалыптастырған дін ахуалы толық дәлелел бола алады. Бұндай ізгіліктерді тек құдай патшалығына енумен ғана, нәтижесін беріп, жаратқанның хикметті белгілерін алып, дәлелдеріне түсірген аян-аяттарына иман келтіру арқылы орындалатын да жадыңызға тоқып алғаныңыз абзал болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет