Ата-жолы, әулиелеріміздің жолы және інжіл құндылықтанына жалғану.
Жоғарыдағы келтірген әркімнің жаратқан берген несібесі, тағдыр кітабының оқылуын негізінен бірінші басылымдағы (1-ші кітап) баяндалған, Мәшһүр Жүсіп Көпей ұлы атамыздың шайтаның 10-қашыр, бес есекке жүк артып, базарға апара жатқандағы Ғиса пайғамбарымызға кездесіп, оның 15-түрлі адамзатқа, діншілерге ортақ қылықтардың хикметті баянын құран арқылы 15-сандық үкімдер арқылы жүректің зейнетелуін білдіретін сырды, Абай атамызда; аян, уахи алу арқылы болатын тағдырдың жазуын, адам баласының істеген ісіне, адал еңбегіне, пиғылына тәуелді екенін ашып көрсетіп, бұл жағдайдың тәпсірін өлеңмен өрнектеп кетіпті. Рас сөз-Алладан келетін аян деп ескертеді: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың-ашыған у, ойың кермек. Мұңдасқа кісі жоқ сөз ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ. Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер-ісі ақылға (аян, уахи) ермек, бойды (жынды) жеңбек, Өнерсіздің қылығы-өле көрмек. Шыға ойламай шығындап (Алла жолында мал жұмсап) қылық қылмай, Еріншек өздігінен көпке көнбек...Арамдықтан жамандық (жын-шайтан) көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек(мінез)...Наданға арам ақылды құлаққа (уахи) ілмек, Бұл сөзден ертегіні (түрлі тәпсір, теріс пәтуа) тез үйренбек. Рас сөздің (аян, уахи) кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға (хикметке) сенбей, жоққа сенбек. Қызыл арай (кемпір қосақ-нұр), ақ күміс (ай), Алтын бергек (жұлдыз сәулесі) Қызықты ертегіге (жолдар, жіп) көтерілмек. Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек(кітап алу, даналық). Ақылды қара қылды (тағдыр кітабын) 40-қа бөлмек (қырық кітап) Әр нәрсеге (аян жору) өзіндей баға бермек, Таразы да, қазы да өз бойында (елшілік, дарын-кісі) өз бойында, Наданның сүйенгені-көппен дүрмек (масһаб білімі). Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тірі де аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек (Пірім деп табыну). Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек. Сыртансынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек(дінді бөлшектеп). Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай ма әлек?(жын кіру,шерік қосылу) Қолдан келе ме жұр меңгермек (дін ғалымы, хазірет, сопы болып) Адалдық, арамдықты кім теңгермек? Мақтан үшін қайратсыз (кітабын көрмей, бойын,жынын жеңбей) болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.» Қазіргі таңдағы қазақ еліндегі белең алған діни алауыздықтың қайдан пайда болып, және оның негізгі пайда болу себебін де атамыз нақты көрсетіп, және бұндай жағдайдағы сынақтардан шығар жолын да түсіндірген. Бірақ қазақта зиялы қауым өкілдері ұлтық, дәстүрлі жол-жобасын алмай, Абай танушы, Шәкәрім танушы, дін танушы, философ аталып, дінді мемлекет ісінен бөлумен айналысып, ал осындай жағдайдағы надан ел басқарушыларының « ұлтымыздың, халқымыздың дін-амандығы мемлекеттен бөлек» деген заңдарының кесірінен, халықтың «Адалдық пен арамдықтың» арасын ажырата алмай, қазақ елінің рухани дағдарысқа ұшырауына ғана себепші болғаны да хақ. Әзірге бұндай қауымдықтарымыз өз зұлымдықтарын мойындап, тәубеге келуге дүние қызығынан қолдары әзірге сірә босай қоймас. Ондайлар, дәрежелі ел басқару орындарына біреуге ақыл айту үшін барып, енді өзімнің ақылым барлығына да жетеді деген тәкәпарлық болмысын тауып, сондықтан да тылсымнан келетін таза ақылды тыңдауға қолдары да тимейді деп ескерткен Абай атамыз. Енді бұндай жағдайда, рухани күйзеліске түскен, күнәсін мойындап, ескі рухы өліп, бейтараптық жағдайға немесе қыспаққа түсіп, одан шығар жол іздегенде, Раббымыздан жәрдем келетінін, барлық киелі кітаптарда, пайғамбарымыз да; «Ғиса пайғамбар аруағы іштеріңнен өткенде не болар екенсіңдер?» деп уайым да жепті. Яғни киелі рух, әр адам баласының оң істеріне, қайрымдылық шараларына, ата салт дәстүрін, намаздарын азды-көпті орындауына байланысты інжілден 18-саны арқылы рухтан хабар келіп жетекке ала бастайды. Бұл жағдайды інжілде; «Алуан түрлі дарындар бар, бірақ Киелі Рух Біреу-ақ. Түрлі қызметтер бар, ал Иеміз Біреу. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңа әрекет ететін Құдай Біреу.(Құдайсыз қурайда сыбайды!) Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. Кейбіреулерге Киелі Рухтан даналық сөз(1), ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз(2) беріледі. Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса(3), сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын(4) береді. Ол біреуге кереметтер жасауды(5), өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді(бата, аққу, сұңқар)(6), ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді(7), келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді(8), ал тағы біреулерге соларды түсіндіруді сыйлайды(9). Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынан әркімге жекелеп үлестіріп береді.» (Інжіл-корын. Хат-1 12-тарау) Енді рухтың да түрлі сипаттары болып, ал киелі Рух дегеніміз жаратқаннан берілетін таза ақыл болып, оның жолында құлшылық етіп, сынақтардан өтіп, сенім қуаттарын меңгерген жағдайда ғана иман қуатын алып, өсіріп баптау үшін жоғарыдағыдай дарындарға қол жеткізу діннің негізгі қағидасы болу екен. Бұл сапаны негізгі тіл білімін меңгеру, және иманның алғашқы 60-бұтақты шарты екенін де, Мұхаммед пайғамбарымыз өз өсиеттермен насихаттап кеткен. Ал біздер ислам дініндеміз деп, сондықтан біздерге ислам діни сауатыларының ұсынатын, иманды келтіруге арналған тіл білімінің жолы; Аллаға сеніп, намаз оқу және одан жоғарысы арап тілін меңгеріп, құранда өзінше жүргізіп оқи білу, діни жолдың жоғарғы сатылары дарындылықты меңгеру болып есептеледі. Бірақ, бұл намаз амалдары иман қуатын меңгеру емес, тек сенімді бекіту үшін және жоғарыда Ғиса пайғамбарымыздан келген, сүйінші хабардың, дарындылықтың 9-дан бірін ғана, бойды меңгеру қазақ халқының қазіргі дін танымының негізі болып есептеледі. «Алла кімге жақсылық қаласа дінді терең түсіндіреді. Расында, мен тек үлестірушімін, ал Алла береді. Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Аланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) Пайғамбарымыз бұл өсиетімен сендерге дінді түсіндіруші, Алланың әмірлерін оқушы, рухтың негізі болған інжіл арқылы Ғиса пайғамбарымызға берілген шапағатынан болып, сондықтан; «Тәурат, інжілді білмесеңдеп түк емессіңдер» (5-68) деген Раббымыздың ескеруі осы өсиеттің насихатын ашып көрсетеді. «оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» деген уәденің жоғарыдағы; «Ол дарындарды Өзінің қалауынан әркімге жекелеп үлестіріп береді.» деген өсиетті Мұхаммед пайғамбарымызға жалғану арқылы ғана; «Расында, мен тек үлестірушімін» деп өзінің шапағатшылық сипатын ескертеді. Данагөй аталарымыз; «Жел тұрмаса шөптің де басы қозғалмайды» деп әрбір аңыз болып жеткен қисалардың артында, жаратушының себептік заңдылығын ескерткен. Бұндай тәураттық намаз орындау нұсқаулары арқылы құлшылық жасау, жоғарыдағы Мұхаммед пайғамбарымыздың ескерткен, мұсылмандық құлшылықтың қолы ашық ел билеушілерінің, жаннатық болуының және жаратушы сыйының, сауаптардың жауабы өлімді тоқтатып, өмір жасын ұзартуымен есептелетінін білдіреді. Қорқыт атамыздың кришналық дін ұстанушыларының; «үн құдіреті» деген бақсылық ұстанымын, қобыздың сарынымен, өнермен өлімді кешіктіруге, өмір жасын ұзартуға болатынын хикметін көрсетіп, сонан; «Өлімнен қашқан Қорқыт» деген аңыз қалып, оның философиялық мәнін дұрыс түсінбегендіктен, осындай дін сектасына, өзіміздің ділімізде тұрған құндылықтарды, өнер құдіретін, жалған ағымның пәтуасына айырбастап, төрден орын бергенімізді білмейміз. Енді қазіргі таңдағы дін ғалымдарының үлкен қателігі де, бұрынғы заманда өткен әулие ғұламалардың пайғамбар өсиетерін зертеп, және белгілі сандық таңбамен белгілеуін мүлде назардан тыс қалдырған. Пайғамбарымыз сахабаларын; «Сендер 70-ші үммет болсыңдар» деп ескерткен екен. Ал жоғарыдағы өсиетте; «... Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Аланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) деген ескертумен 71-ші үммет туралы ескертіп өтіпті. Олай болса үмметердің сандық мәні қарай дін ғылымнда меңгеретін сатылары да болып, ал қазіргі замандағы діни үкімдерге байланысты да қазақ халқының өз үмметік ерекшелік саны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |