9. Қорғасынның алынуы. а) Бір бет қағазға қорғасын оксиді мен ағаш көмірдің ұнтағын бірдей мөлшерде араластырыңдар. Тығыз бір кесек ағаш көмірді ойып, алынған қоспаны сол ойыққа салыңдар. Қоспаны қыздырыңдар. Балқыған корғасын түзілгенше тотықсыздандыру керек. Реакция теңдеуін жазыңдар. Қорғасын суығанда оны балғамен соғып, созылғыштығын сынаңдар.
ә) Қорғасынның электрохимиялық кернеу қатарындағы орнымен және стандартты электродты потенциалымен танысыңдар. Қорғасын катионын оның тұзының ерітіндісінен ығыстыра алатын металды таңдап алыңдар. Тиісті тәжірибені жасаңдар. Ол үшін қорғасынның еритін тұзын және зертханада бар металды пайдаланыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |