9. Судың кермектілігі және оны жою тәсілдері. а) Колбаға магний карбонаты және кальций карбонаты ұнтақтарын аздап салыңдар. Колбаның жартысына дейін су құйып, тұзды ерітіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған кермек суды келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар.
ә) Төрт сынауық алып, біреуіне дистилденген су, қалған үшеуіне алдыңғы тәжірибеден алынған кермек суды құйыңдар. Дистилденген суы бар сынауыққа бюреткадан сабынды ерітінді қосыңдар, тұрақты сабынды көбік түзілгенде, сынауықты әр тамшы тамызған сайын, шайқап тұрыңдар. Қанша тамшы кеткендігін жазып алыңдар. Қалған сынауықтарды да осылай жүргізіндер. Түзілген тұнбаға көңіл аударыңдар. Не себепті көбікті судың кермектілігі жоғары, түсіндіріңдер.
б) Кермекті суы бар сынауыққа шайқап, тамшылата ізбес суын тұрақты лай түзілгенше қосыңдар. Қалған 2 сынауыққа алдыңғы тәжірибедегідей, көбік түзілгенше сабынды ерітінді қосыңдар, тамшы санын есептеңдер.
в) Суы бар ең соңғы сынауықты қайнатыңдар, суытыңдар, көбік түзілетін сабынды ерітіндінің тамшысын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |