14. Натрий амальгамасын алу.(жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек!) Фарфор келіге бірнеше тамшы сынап тамызыңдар. Бұршақ көлеміндсй өңделген натрийді қысқышпен сынапқа салыңдар (ыдыстың түбіне дейін апарыңдар), бұл жағдайда натрийдің сынаппен жарық шығарған (вспышка) қосылысы пайда болады. Алынған амальгаманың бір бөлігін суы бар фарфор табақшаға салыңдар. Алынған ерітіндінің ортасын фенолфталеинмен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
15. Сынап (ІІ) оксидін алу және оның қасиеттері. Сынап (II) нитраты ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнба түсін анықтаңдар. Оның сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділеріне әсерін сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.