Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет15/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

Тәжірибелер.

Аспаптар мен реактивтер: таразы, сынауықтары бар штатив, тамшылатқыш, шыны пластинка, индикатор қағазы, сүзгі қағазы, алюминий, магний, иод, мырыш ұнтақтары, қызыл фосфор, марганец (ІІ) оксиді, бензол , этил спирті , күкірт қышқылы

( г/мл), калий гидроксиді, натрий гидроксиді, калий бромиді, калий бромиті, калий иодиді, күміс нитраты, хлор суы, бром суы, иод суы, күкіртсутегі суы, индиго немесе фуксин, лакмус.

1. Бромды және йодты алу. а) Калий бромиді түйірлеріне марганец (ІV) оксиді ұнтағын араластырып, сынауыққа салыңдар. Қоспаға концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын тамызып, жайлап қыздырыңдар. Бөлінген бром буының түсі мен иісі (абайла!) қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Жоғарыдағы жасалған тәжірибені калий йодидімен жасаңдар. Бу түрінде қандай зат бөлінеді? Оның иісі мен түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибелерде марганец (ІV) оксиді қандай роль атқарады?

б) Калий бромиді ерітіндісіне жаңа дайындалған хлор суын тамшылатып қосыңдар. Ерітіндігіе бензол қосып, шайқаңдар. Ерітіндінің және бензол қабатының түсін байқап, жазып алыңдар. Бромның судағы және органикалық еріткіштегі ерігіштігі туралы қорытынды жазыңдар. Калий бромидінің хлор суымен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар.

в) Екі сынауыққа калий йодиді ерітіндісінің 2-3 мл-ін құйыңдар, біреуіне тамшылатып хлор суын, екіншісіне бром суын қосыңдар. Не байқалды? Сынауықтың әрқайсысына 1 мл бензол қосып шайқаңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер. Реакция тендеулерін жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет