4. Темір (II) гидроксидін алу және оның қасиеттері. а) Темір (II) сульфатының ерітіндісін дайындау үшін темір ұнтағының артық мөлшеріне күкірт қышқылы ерітіндісін қосыңдар. Сынауыққа алынған ерітіндіден 3-4 мл алып оған натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Нәтижесінде ақ түсті темір (II) гидроксиді тұнбаға түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Темір (ІІ) гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылы және артық мөлшерде алынған натрий гидроксиді ерітінділеріне қатысын тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |