5–сурет.
Қағаз лентаның екі ұшын ағаш білеуге кнопкалар мен бекітеміз. Білеуді струбцина арқылы үстелдің шетіне бекітіңіздер. Лентаның толық ені біркелкі тартылып тұруын қамтамасыз ету үшін түтікті қағаз тұзаққа кіргізіп қойыңыздар. Динамометр көмегімен жүктеме күшті бақылаңыздар.
Алмазпен қима жасаңыздар. Оның ұзындығын сызғышпен өлшеңіздер. Қағаздағы қима өскенше, жүктеме күшті арттыра
бересіздер. Координаттары
және
графигін тұрғызыңыздар (6– сурет).
6–сурет.
Бұл графиктен, ізделінген тәуелділік сызықтық емес екендігін, қосымша күштің артуынан кризистік ұзындықтың тез өсетінін көресіздер.
Тапсырманы орындауға нұсқау
Түйреуіштердің (әртүрлі, бірақ диаметрлері жуық) бастары иілгендерін алу керек, ал инелердің бөлімдері цилиндрлер тәрізді.
Бір түйреуішті сызғыштың ұзын жағына перпендикуляр салып, оны
басқа сызғышпен жауып 10 реттей айналдырыңыздар. Айналымды оңай санау үшін фольгадан жалауша жасап иненің тесігіне іліңіздер. Төменгі сызғыштың астына қойылған қағазға түйреуіштің бастапқы және соңғы орындарын белгілеп алыңыздар. Түйреуішті басқа түйреуішке алмастырып, оны сол арақашықтықта айналдырыңыздар, айналымдарды санаңыздар. Айналыс санының қатынасы диаметрлерінің қатынасына тең.
9. Тапсырманы орындауға нұсқау
Колориметрлік денені суға салғаннан кейін, тепе–теңдік қалпына жеткенде, судың соңғы температурасы бөлме температурасына жуық болуы тиіс. Егер қар жоқ болса, онда мұзды тоңазытқышта қатырып алу керек. Мұз 300–400г. болу керек.
Зертханалық термометрлер (-20оС) – қар мен мұз қоспасының температураларын өлшеу мүмкіндігі болмауы тиіс. Температураны өлшейтін термометрдің төменгі шегі (-10 оС)-тан төмен болмауы керек.
Таразының көмегімен калориметр ішіндегі дененің массасы
және судың
массасын анықтаңыздар. Екінші калориметр қар мен тұзбен толтырылған. Бұл калориметрдегі қоспаны араластырыңыздар. Қоспаның температурасы –20
оС –қа жуықтап төмендейді.
Калориметрлік денені бұл калориметрге салып, температуралары теңескенше күтіңіздер. Суы бар калориметрге денені ауыстырыңыздар.
Судың
және калориметрлік дене салынғаннан кейінгі
температураларын өлшеңіздер.
Жылу балансының теңдеуін жазыңыздар.
Бұл теңдіктен мұз бен қар қоспасының температурасын анықтайтын формуланы шығарамыз:
Достарыңызбен бөлісу: