Байланысты: Баяндама. Жүрсінәлі Ернар. 1-курс ғылыми тарих.
II-Тарау Ұлы дүрбелең жылдары. Бердібек хан өлгеннен кейін Тоқтамыстың билікке келуіне дейінгі 20 жыл ішінде Алтын Орда да 25-тен аса хан ауысты. Олар бір-бірін тез ауыстырғаны соншалық жылнамалар олардың есімдерін өз жылнамасына жазып үлгермеген. Осы жылдар ішінде билік құрған хандардың толық аты-жөнін анықтаудың өзі қиын. Араб, парсы хроникаларыда орыс жылнамаларыда өздерінің еңбектеріне Алтын Ордадағы оқиғаларды толығымен тіркемеген. Ибн-Халдунның және Ескендір анонимінің және орыс жылнамаларының деректері өте-мөте үзік-созық және бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. Орыс жылнамалары бойынша Бердібектен кейін Ордада Кульпа патша болып 6-ай 5-күн патшалық құрып, көп зұлымдық жасады, содан кейін құдайдың қаһарына ұшырап , екі ұлын Михаилді (?), Иванды (?) қоса ажалы Наурустан болды,сөйтіп Кульпадан кейін Ордада Наурус патша болды. Араб, парсы авторларының осы жылдардағы хандардың тізімінің ішінде Кульпаның аты аталмайды, бірақ 769 (1359)жылы Белжименде, Азақта, Хорезмде, Гүлстанмен Жаңа Сарайда Құлпа ханның атынан соғылған теңгелер Бердібек ханнан кейін Құлпаның хан болғанын дәлелдейді. Құлпа хан секілді Наурустан (Наурыздан)да 1359 жылы Жаңа Сарайда, Гүлстанда, Азовта, Қырым мен Хорезмде соғылған теңгелер қалған. Наурыздың билігі ұлыстың батыс бөлігіне жүрген және Еділ бойы өңірлерінің, мемлекеттің батыс бөлігіндегі феодал ақсүйектердің қолдауына сүйенген. Орыс жылнамаларының оны «Еділ патшасы » деп атап, осы терминді алғаш қолданатыны кездейсоқ емес. Наурызға қарсы дұшпандық басталған кезде оған ең алдымен шығыс бағдарын ұстанған феодалдар қатысты. Никон жылнамасында өздерінің Еділ патшасы Наурусқа қарсы «Жайық сырты патшасы Хыдырмен сөз байласқан» Орда княздары туралы айтады. «Ескендір анонимінде» де бұл уақытта өз ұлысының «әбден дербес билеушісі» болып алған Көк ханы Шымтайға Сарай әмірдерінен елшілер келгені, оны Сарайға келіп қайтуға шақырғаны, бірақ оның барғысы келмей онда бірнешеоғланды ертіп өзінің інісі Орда-Шейхті жібергені жайлы айтылады. Бұдан әрі анонимде ханның өлтіріліп, Алтын Орданың ханы болып Шымтайдың інісі Қызыр-Оғланның жарилануымен аяқталған қастандық туралы айтады. Қыдырдың таққа отырумен Жошының үлкен баласы Орда-Еженнің ұрпақтары билікке келді. Олардың бұрын Алтын Ордада билік етпеуіне байланысты оларды қолдайтын өз партиясы болмағандықтан Қыдыр (Қызыр-Оғлан) билік басында ұзақ тұрақтап қала алмады. Көп бұлғақ болып Қыдырды өз баласы Темір Қажының өлтіруімен аяқталды. Темір-Қажының билігіде қысқа болған, Темір Қажы әкесі қайтыс болған соң 4-ші күні хан болып, ал 7-ші күні күні оны түменбасы Мамай тақтан тайдырған-делінеді. Ал Рогожа жылнамасында оны екі апта билік еткен және төңкерісті бастаған Мамай емес Ардамәлік ханзада дұрысы Ескендір анонимінде Орда-Шейх дейді. Ескендір анонимінде Темір-Қажыны зинақор адам етіп көрсетеді. «Бір түні ол өзінің сенімді адамдарының бірінің әйеліне ұмтылған оны ешкім танымай үй иесі пышақ салып өлтірген». Темір Қажыдан кейін таққа Орда Шейх отырған. «Ескендір анонимінде » Орда Шейхтің өлтірілуіне қатысты мынадай дерек бар: әмірлер бір жыл өткенге дейін оның билігіне көніп жүрді, бір түні топастау біреу надандығы ұстап «Ақ Орда сұлтандарының ұрығы Көк Орда хандарының тағын қалай иеленбек деп ханды пышақтап өлтіріп онымен бірге келген бірнеше жазықсыз әмірлерді де өлтірді». Бұл жерден Орда Ежен ұрпаштарының хандары Алтын Орданың саяси билігіне өз адамдарын қойғанын көруге болады, сондықтан биліктен ығысып қалған Сарай әмірлері олардың көзін жойды. Орыс жылнамаларына сүйеніп Темір Қажының өліміне Мамайдың қатысы бар екенін көруге болады.