Кестеден көрініп жатқандай, бұқаларды ең жоғары бағамен сатты. Әдетте Петропавл және Семейден бірнеше мың үлкен бұқаларды жыл сайын Мәскеу мен Петерборға айдады; бұқалар Ямышев пен Лебяжі дөңдері маңында және Петропавл маңында қырда қыстады. Бұл мал партиялармен, Ирбитте сырттай, ақшалай 23-тен 25 руб. дейінгі бағамен оларды саудагерлерден көктемде алу шартымен (мұндай бұқалар Санкт-Петербургте 50-ден 60 руб. дейін 1 дана үшін) сатылатын.
Бүкіл қазақ малы өлкелік малөнеркәсіп иелерімен немесе табыншылармен Петропавлға немесе Ертіс бойымен Омбыға айдалатын, мұнда олар шілдеде, августа немесе қыркүйекте май қымбат болған кезде сатылатын және үлкен пайда алатын. Шикізаттың бір бөлігін табынмен әкелсе, тағы бір бөлігін Павлодарға, ал осыдан Омбыға жіберілетін. Жыл сайын бұл жерлерден теміржол арқылы 1 млн. пұт ет және 1 млн. пұт терілерді, жүнді және майды жіберетін.
Өлкенің сауда айналымдарында малшаруашылық шикізат үлкен маңызға ие болды. Үлкен «барыш» көпестер сатудан май алды, ол әсіресе маусымда, тамызда, қыркүйекте өте құнды болып келеді. Ертісте майды балқытып, Петербор және Архангельск кемежайларына сатты. Қой жүнін көп көлемде және түйе жүнін, қазақтар өңдеген армячинаны, арқандарды, киізді аз көлемде сатты. Соңғылары Павлодардан Омбыға дейінгі бүкіл шептер бойынша сатылды. Қазақ шикі терілердің көп бөлігі Ішімде, Ірбіт жәрмеңкесінде және тюмендік былғары өңдейтін кәсіпорындарға сатылды. Тоболдық және тюмендік көпестер жиі ерекше азиаттық өңделген юфтьке тері алды. Казанцев, Рамазанов – петропавлдық көпестер, Акчурин және Ременников, Поляков және Красноперов-тюкалиндік сияқтылар шикі терілерді сататын белгілі саудагерлер болды. Қазақ тауарларын пайдалы сатып алумен айналысқан көпестер үлкен табыс алды. Қазақ қойларының қара жүннен бұрынғыдай орыс нарығында үлкен сұранысқа ие болған киіз және киіз бөстек жасауда пайдаланды. Негізінен малшаруашылық шикізат шоғырланған Тюменде семей киізі үлкен сұранысқа ие болды. Тюменде Сібір мен Ертіс өңірінің орталық «май жәрмеңкесі» орналасты, бұған кәсіпкерлер К.М. Мұртазин, Хабрит және Хайролла Абайдуллиндер, ағайынды Мырзалимовтар және т.б. белсенді қатысты.
Жүн үшін басты кемежай Омбы болды, ол малшаруашылық шикізатының өту саны бойынша Петропавлдан кейінгі екінші орынды Ертіс өңірі алды. Омск оның Семей облысы және Тобол губерниясының арасында сатылуында делдал болып келді. 1894 жылдың соңында Омбыдан Ресейге теміржол бойынша 20 мың пұттан аса мұздалған ет Ресейге жіберілді. Одан басқа, Омбыдан өтіп, кемелермен Ертіс бойымен Семей облысынан 500 мыңнан аса былғары және жүн, 75 мың пұт шошқа майы жіберілді. Омбының қолайлы жерде орналасқандықтан кәсіпкерлер арасында май тауарларының саудасын Тюменнен Омбыға ауыстыру жайлы ой пайда бола бастады. 1899 ж. Омбының дауыстылар тобы қалалық Думаға кемежайлардың маңына теміржол торабтарының салынуынан жәрмеңкенің Омбыда ашылуы жайлы мәлімдеді. 1905 ж. Павлодар саудагерлері Омбы биржалық комитеттер алдында бұл мәселені көтерді. Жер дайындалды және бұл ұсыныс бір ауыздан қабылдайды. 17 июля 1907 ж. 17 маусымда Омбы қалалық Дума май тауарларының жәрмеңкесін ашуды қабылдады. Өлкелік саудагерлер арасында ірі алыпсатарлар Мусин (Семей), Блюменталь ағайындар (Петропавл), Мұсабаев (Жаркент) және т.б. болды.
Сауда кәсіпкерлігінің келесі саласы нан саудасы болатын. XIX ғасырдың аяғында Ертіс өңірінің бүкілресейлік нан нарығына ену үрдісі басталды. Бұл бұдан алдыңғы уақытта Ертіс өңірінде нан саудасының операциялары болмағанын білдірмейді. Бірақ олардың көлемі егіншіліктің аса дамымағандығынан, сонымен қатар жол торабының әлсіз дамуынан шектеулі болды. XIX ғасырда біртіндеп жалпы бидай өнімін жинаудың көбеюі, сонымен қатар, демек, егіншілік өнімінің артығының өсуі бидаймен сауда операциялардың өсуіне көмектесті. Қолда бар транспорт пен жолдардың нашарлығында бидайды алыс жерлерге тасымалдау бидайдың ірі партиялары сатылғанда қайтымдылығы болады. Бұл ірі және ұсақ алыпсатар фигурасын тудырды: біріншілерге негізінен басқа қалалардан келген саудагерлер, екіншілерге – қалалық комерсанттар, ірі көпестер, өнеркәсіпшілер және кемелерді иеленгендер жатты. Ертіс өңірінде нанды сататын саудагерлер Красильников, Плещеев, Мусин, Хабаров, ағайынды Злаказовтар және т.б.. Ертіс өңірінен нанды сатып алатын басты конторлар Тюменде орналасты, бұдан нан Оралға апарылды және жалпы әлемдік нарыққа жеткізілді. Бидайы бар жекеменшік қоймалардың ішінде Тюменде кәсіпкер А.Г. Колмакованың қоймасы орналасты, оның сонымен қатар Павлодарда да ірі нан қоймасы (1914 жылдың 1 қарашасында мұнда 30 мың. пұт бидай) болды. XIX ғасырдың аяғына қарай қазақтар нан саудагерлері бола бастады. Олар негізінен нанды бөлшектеп сатуда делдал рөлінде болды. Бұл бизнес байлардың операцияларында көрінерлік алмаққа ие болды. Семейлік Ертіс өңірінде нан саудасының тірілуі 1889 ж. бидайға көтерме сатып алушылардың өсуімен және 1895 ж. М.А. Красильниковпен 1 бу диірменін сатып алуымен байланысты болды. Нан саудасының айналымдары бойынша бірінші орынды Семей иеленді. Нан жүктерін жіберудің жалпы соммасынан Семей кемежайына 1908 – 91 %, ал 1909 ж. – 82 % сай келді. Өлкенің нан саудасында Павлодар Семейден кейінгі екінші болып саналды. Ертіс өңірі үшін ең қолайлы жылда 1909 ж. 870 мың пұт нан жүктері жіберілді. Нан Павлодарға ауылдардан табындармен Кулунда даласынан әкелінетін. Павлодарда ұн сататын саудагерлер болған жоқ. Павлодаран кейінгі нан саудасының келесі маңызды орталығы Өскемен болды.
Кесте 6 - 1909 ж. нан саудасы
Нан саудасының пункттері
|
Нан саудасының айналымы
|
Семей
|
4 млн. 700 мың. пұт
|
Павлодар
|
870 мың. пұт
| Өскемен |
8 мың. пұт
|
Басқалармен салыстырғанда Ақмола және Қарқаралы уездері 500 в. кейін орналасты, сол себептен мұнда ең жоғары бағалар болды.
Бидаймен операциялар, көп жағдайда жергілікті нарыққа бейімделді. Ертіс өңірінің нан нарығы, ең алдымен қазақ халқының, зауыт жұмысшылары, арақ-шарап мекемелерінің сатып алушылары, сонымен қатар жергілікті және ресейлік ұн тартушылардың қажеттіліктерінен қалыптасты. Қала халқының өсуімен қала халқының нан өнімдеріне қажеттіліктері өсті.
Нан күз бен қыста сатып алынды. Ертістің сол жағында «Жаңа Омбы» пайда болған ірі қоныс болды. Мұнда кей кезде күзде, сонымен бірге қыста өз көлемдері бойынша маңызды нанды сатып алатын сауда мекемелері пайда болды. Сатып алу операцияларды өндіру үшін әртүрлі жерлерден мұнда алыпсатарлар келеді, кейде бұндай қысқа уақытқа келуі жерлік орындарда бақылаудың болмауы олар үшін мемлекеттік кәсіптік салықтың мекемелеріне салынуынан қашып кету мүмкіндігі болды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы сауданың жаңа түрі ауылшаруашылық машиналарын: тырнауышы бар шөпшапқыш – 210 руб. бағасымен, тырнауыштарды – 60 руб. бағасымен, орақтарды – 240 руб. сату болды. Оларға деген баға жоғары болғандықтан, тауарларды сату жылына 12 % 1,5-2 жылға несие беруімен іске асырылды. Егер тауарды ақшаға алса, онда 5-8 % жеңілдік жасалды.
Осылайша, тауар саудасы тауарларының диапозоны айтарлықтай кең болды: мал мен малшаруашылық өнімінен ауылшаруашылық машиналарға дейін.
Бұл өлкелерде алыстықтың және халықтың сиректігінен сыртқы сауда белсенді болды. Өлкенің сыртқы саудасының сипаты келесіде болды: ең ірі саудагерлер – көтерме саудагерлер (жолдың жоқтығы, үлкен қашықтықтар сияқты жағдайында тек олар өзіне транспорттық тасымалдауларды рұқсат етті) – партиялармен онда тауарларды көбінесе несиеге сатып алғаннан кейін ірі сауда орталықтарына жіберілді. Несиеге жіберілетін тауарларға баға ақшаға сатылатын тауарлардан, әрине, жоғары болатын. Өз кезегінде көтерме саудагерлер сатып алынған тауардың бір бөлігін сатып оларда болып жатқан сауда торабы арқылы жүргізілді. Басқа бөлікті солай да бөлшек саудагерлерге сататын, олар тауарларды қалаларда лавкелерге, жәрмеңкелер, ауылдар мен көші-қон жерлерінде сатты, оларды өз қарызын көтерме саудагерлерге төледі. Ол және оларды жергілікті өнімдерге айырбастады. Өзінің сыртқы сауда операцияларымен Ертіс өңірінің басқа қалаларындағы көпестігінен капиталдар саны және көлемі жағынан көп болған Семей көпестігі ерекшеленді.
Мысалға, И.Абдышев, В.Анваров, Л.Ахтямов, А.Болатбаев, Р.Бесекеев, «Бекчентаев и Абылханов» сауда үйі, М.Дәулеткелдиев, М.Жамболатов, К.Жарқынбаев, З.Ибрагимжанов, Х.Кадрагин, Т.Ноғайбаев, С.Сейдіқов, С.Седаутдинов және т.б.. Қытаймен сауда бірнеше ірі фирмалардың қолында болды: Шанышевтың, ағайынды Ғабдулжапаровтардың, Ғали Хусановтың және т.б. Ғабдулжапаровтар Сауда үйінің мәліметтері бойынша, бұл сауданың көлемі келесі сандармен белгілене алды: 350 мың. пұт шикізат Қытайдан әкетілді, ал Қытайға 300 мың пұтқа жуық әртүрлі фабрикалық-зауыттық (негізінен мануфактуралық) тауарлар әкелінді. Ертіс өңірінің сыртқы саудасының ерекшелігі онда тек қана ұсақ капиталистердің қатысуында болды. Зайсан қаласының 1909 ж. көпестер тізімдерінде ұсақ саудагерлердің аттары сақталды: Қыстаутай Мыңғожин, Баязат Сәтпаев, Хасан Тарақов, Сафа Насыров, Н.И. Манафов. Олар сіріңке, қасықтарды, қантты және мануфактурамен сауда жасады. 1891 жылы Семей облысының бүкіл кедендері арқылы 29 керуендер жіберілді, олардың бір бөлігі қазақ саудагерлері иеленді. Осылайша, Боғыш Шаянбаев 4 жұмысшылармен 6400 руб-ға тауарларды, көкпекті көпесі Т. Жандыбаев – 2600 руб.-ға мануфактуралық тауарларды және былғарыларды, семей көпесі Мұхамед Шакиров –7899 руб-ға ұсақ тауарларды және темір бұйымдарды, Жетіков – 1150 рубл-ға әртүрлі бұйымдарды әкелді (А қосымшасын қарау).
XIX ғ. екінші жартысында – XX ғасырдың басында Ертіс өңірі және Батыс Сібір біртұтас шаруашылық ырғаққа бағынды. Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандардан әкетілген тауарлардың көп бөлігі Сібір аймағына келетін: Омбы, Тюмен, Иркутск және т.б. XIX ғасырдың 60 жж. бүкіл сібір шептері бойынша қазақ қырларынан әкелінген тауарлар 3,5 млн. руб. күмістен аса болды, ал беру 2,5 млн. руб. құрады.
Орта Азиямен сауда сақталды және дамыды. Сібірдің Орта Азиямен түгел сауда айналымының 4 бөлігі Семейден өтетін. Көптеген сауда кәсіпкерлер өз бизнесін тауарларды Ертіс өңірінен Орта Азияға тасымалдауы негізінде құрады. Бұнда әсіресе сұранысқа малшаруашылық тауарлары ие болды. Ортаазиялық хандықтардың керуендері 3 дәрежеге бөлінді: үлкен, орташа және кіші. Ең үлкен керуендер жылына бір рет Семей, Петропавл, Троицк және Орынбор қалаларына барды. Олар 2000-2500 және одан да көп түйелерден тұрды және қырда маңызды аялдамалар жасап 3-5 айлық жол жүрді. Орташа керуендер – 300-ден 1000 түйелер қырға жылына 2-3 рет барады. Олар өздерінің фабрикалық бұйымдардан басқа шай және т.б. қытай тауарларын әкелді. Бұл керуендердің көпестерімен жергілікті көпестер барлық болыстарда айырбас жасады. Сатылым ақша үшін, басым түрде алтын үшін жүрді. Олармен сауда мәмілелерді тікелей бай қазақтар жүргізді. Шайды 1 пәшке үшін 70 руб., жидектер, жаңғақтар, сорочиндік бидай үшін – барлығы 2-ден 3 руб. күміске дейін берді. Керуендердің 3 дәрежесі бай емес бұқаралық, ташкенттік, қоқандтық көпестерден, 100 түйелерден тұрды және орыс қоныстары жоқ Қарқаралы, Аягөз, Көкпекті округтерінің оңтүстік болыстарында сауда жасады. Бұл керуендер жылына бірнеше рет өтетін және барлығын басым түрде малға айырбастады. Бүкіл керуендердің барлық саны жайлы және олар әкелетін тауарлардың сомасы жайлы шамамен де айтуға болмайды. Ұсақ тауарлары бар керуендер арасында қытай бодандығындағы қазақтардың керуендері болды.
Батыс мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастардың орнауында Қазақстанға еуропалық мемлекеттерден аз-аздап әртүрлі өнеркәсіптік тауарларды әкелетін, сатумен айналысатын жекеменшік тұлғалар үлкен рөлді алды. Инспекторлардың елтаңбалық салықтарды төлеу жайындағы есептерінде осы салықтарды төлейтін тұлғалардың аттарын атап шығады: Богуш Шаянбаев, К.Ерзин, Нұртаза Бекен (Б Қосымшасын қарау). Ертіс өңірінің көптеген қалаларында халықаралық компаниялар болды: Диринг, Осборн, Мак-Кормик, Мильвоки қысу құралдарын, соғу құралдарын сатты. Компаниялар бүкіл ауылдарда агенттерін ұстады, олар пайданың 10 % алатын. Мысалға, Өскемендік көпес Кожевников Осборн компаниясының агенті болды. Ол пайданы машиналарды сатудан ғана емес сонымен қатар қосымша бөліктерден табады, олар 3 есе сатылатын, себебі дефицитті болды.
Сыртқы сауда бұрыннан айырбас аулаларында іске асырылды. XIX ғасырдың екінші жартысында да өз маңызын қалдырған көтерме сауданың орындары керуендер жолдарында салынған, қазақ көші-қон жерлерінен өтетін керуен-сарайдар болды. Бұнда тауарлық жүктер қалыптасты, сырттан келгендер, негізінен азиаттық көпестер тоқтайды.
Азиаттық базарда делдалдар өте маңызды орын атқарды, олар әрбір нарықта көп болды. Делдалдар көпестерден тауарларды сатудан өте аз пайыз алатын. Тауарлық айналымды кеңейткен сыртқа саудалық бизнес халық қажеттіліктерін әртүрлі тауарлармен қамтамасыз етті, ал сонымен қатар адамдарды өз мемлекетімізде бұл не басқа әкелінетін тауарларды жасау мүмкіндігін іздеуге мәжбүр етті, осымен ол өндірістің жаңа салаларының пайда болуына көмектесті.
Өлкеде сауда-тауар қатынастарының енгізу Қазақ даласының ішкі саудасының енгізілуі кәсіпкерліктің белсендеуіне көмектесті. Жыл сайын қырдан Семейге келген қазақ саудагерлерінің керуендер саны өсті. Мысалға, 1863 жылы қырдан 104 мың. руб. тауарлар әкелінді. Әкелінетін тауарлар жергілікті пайдалануға аз мөлшерде әкелінетін, ал қалған негізгі бөлігі негізінен Алтайлық таукензауыттық қоныстарға жіберілді. Ішкі нарық кең болды, айналым тез жасалды. Сауда маңызды деңгейде тауарларды тасымалдауда арбаларды пайдаланатын керуендік болып қала берді. Ішкі сауданың сипаты Ішкі сауданың көлемі жайлы бейнені келесі сауда құжаттары, сонымен қатар жәрмеңкелердің тауарлық және ақша айналымдарының көлемі жайлы мәліметтер береді (В, Г Қосымшасын қарау).
Кесте 7 - 1895 ж. Қаржы Министрлігімен Семей облысында саудаға қатысуға және өндіру құқығын беретін 4708 куәліктер берілді, соның ішінде
Жылдық куәліктер
|
саны
|
1
|
2
|
1-й гильдиялы
|
8
|
7-кестенің жалғасы
1
|
2
|
2-й гильдиялы
|
120
|
Ұсақ саудада
|
343
|
приказчиктердің
|
202
|
әртүрлі әкелушілік сауданың
|
187
|
әртүрлі апарушылық сауданың
|
67
|
Сауда кәсіпкерлігінің ішкі нарығының ең дамыған аймағы Семей және Омбы болды. Сауда құжаттарының анализі Семей облысының уездері бойынша сауданың даму деңгейін келесідей көрсетті: Семей уезінде (53 %), Павлодар уезінде (13 %), Өскемен уезінде (12 %), Зайсан уезінде (12 %), Қарқаралы уезінде (6 %).
Ішкі нарықта ірі көпестер басым болды. 1900 ж. Ертіс өңірінің ең белгілері Семейдің бірінші гильдиялы көпестер – А.В. Москвин, А.Н. Деров, 2-ші гильдиялы көпестер – Ф.В. Ступин, В.А. Торопов, Г. Ғабдулжапаров болды. Кәсіптік 2-дәрежелі куәлік бойынша сауданы мыналар: «Коковин және Басов» компаниясы, А.Р. Лушников, М.Д. Пятков, И.Ф. Токмаков; «Сотенников және ағайынды Молчановтар компаниясы» жасады. XIX ғасырдың аяғында Қарқаралыда Құлынды жәрмеңкесімен тығыз байланыста болған С. Арыбтанов, А. Зуфаров, М. Кұлмырза, С. Нұрбаев, М. Мусин, М. Сәлімбаев, А. Салихов сияқты ірі көпестер жұмыс істеді.
Тауар-ақша қатынастарының дамуы әсерінен өсімқорлық ірі эволюцияға түсті. XIX ғасырдың 80-90-жылдары өсімқорлардың бөлінбейтін басшылығы тұрақтанады. Ертіс өңірінің буржуазиясы өсімқорлықпен айналысуы өте пайдалы іс болды. Үлкен пайдамен олар арзан бағамен жергілікті шикізатты сатып алды және Еуропалық Ресейде өндірілген тауарларға үлкен бағамен сататын.
Қазақтарға өз тауарларын берген көпестердің маңызды бөлігі өсімқорлар рөлінде болды, бұл үшін қазақтар бұл қарызды және пайызын малмен төлеуге міндеттеді. Халықтың ақшаға деген тұрақты қажеттілігі сырттан келген және жергілікті кәсіпкерлердің өсімқорлықтың терең тамырларының жіберуіне қолайлы жағдай жасады. Жергілікті өсімқорлар компрадорлар мен алыпсатарлардың кең желісін құруына ең қолайлы материал болды, тез уақытта олар өз желілерімен бүкіл қазақ шаруашылықтарын өте тез қамтыды. Бұл әлі капитализмге дейінгі қатынастардың толық басым болуы негізінде көпестік пен өсімқорлықтың шаруаларды қанауы болды, мұнда көпес шектелген натуралды шаруашылықта қажеттіліктен артық өндірілген әртүрлі тауарларды (бірақ шаруа еңбегін ғана емес) сатып алуға мүмкіндігі болды. Енді, нарықтың қажеттілігі айырбас сомасын жасайтын шаруалық еңбекті еңбекке айналдырды, сауда-өсімқорлық капитал шаруаның еңбегін сатып алу мүмкіндігін алды.
XIX ғасырдың екінші жартысы барысында тәуелділіктің тізбегі құрылды: сауда-өсімқорлықтың ұсақ тауар өндірушілер немесе алыпсатарлық капиталдан және соңғысы-Ресей капиталынан болды. Бұл тізбекте жергілікті сауда-өсімқорлық капитал өндірістің әртүрлі 2 тәсілдерін механикалық құралдарын байланыстыру оңай емес, ал дәстүрлі қазақ қоғамына Ресей капиталистік шаруашылығының трансформациялық жолсерік болды
Өсімқорлар ретінде мамандырылған тұлғалар ғана емес, сонымен қатар жергілікті байлар да болды. Олар өсімқорлық іс-әрекетпен әртүрлі формаларында айналысты. Мысалға, байлар өсімқорлық бастамасында ұсақ малды несиеге берді. Несиені ақшамен үлкен пайыздармен берді; ақшалық несие, әдетте, арзан бағамен ақшамен емес, малмен қайтарылды. Бай қазақтар әдетте сенген адамдарға қарызға берді. Қарызға бірнеше мыңға жететін, ешқандай қарызсыз, бірақ үлкен пайыздар үшін берілді. Ақша айналымының дамымағандығы, өсімқорлардың ақша нарығында монопольді жағдайлар жағдайында бұл уақыт кезінде олардың несиесі бойынша пайыздар өте жоғары болды. Ол 50-75 %-ға жуық болды. Өсімқорлық, сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің өкілдерінде де кең етек алды. Әсіресе уездердің, болыстардың басқармалары тығылып өсімқорлықпен айналысты. Әдетте басқарма алым-салықтарды уақытында өз ақшамен немесе ақшаны бай қазақтардан қарызға алды, ал содан кейін қарызды бастапқы соммадан бірнеше рет есе тірі жанмен алды. Сонымен қатар олар жиі орыс және татар өсімқорлардың қазақ халқына берген несиелер арқылы байыды. Қазақтар арнайы сауда қоғамдастықтарының арасында саудагерлер – ұйымдастырушылар ақшаны пайызбен қарызға берді (мысалға, Ахмет Жантөрин, Кұламбаев және т.б.).
Осылайша, сауда капитал айырбаста делдал ретінде ғана емес болды, бірақ пайыздар әкелетін капиталға айналды. Өз делдалдық функцияларын орындаған малшаруашылықтың және егіншіліктің тауарлық сипатының күшеюіне көмектесіп, әлемдік капиталистік нарыққа оны енгізуде өз табиғатын өзгертті. Нәтижесінде буржуазияланған өсімқордың жаңа типі пайда болды.
Тексеруге арналған сұрақтар
1. XIX ғ. ортасында айырбастық саудадан ақшалыққа ауысуға қандай себептер әсер етті?
2. XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында Ертіс өнірінде сауда кәсіпкерліктің ерекшеліктері қандай болды?
3. Ертіс өңіріндегі сауда-саттықтың негізгі салалары қандай?
4. Неліктен XIX ғ. екінші жартысында ірі қара мал сату тиімді болып саналды?
5. ХІХ ғ. соңында және ХХ ғ. басында Ертіс өңірінің сыртқы сауда қандай сипатта болды?
6. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы өсімқорлық эволюциясының мәні неде?
1.3 XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасырдың басында сауда кәсіпкерлігінің даму кезеңдері
1.3.1 Разъездік-айырбас саудасы – бұл сауда кәсіпкерлігі дамуының бірінші кезеңі
1.3.2 XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңірінің коммерциялық өміріндегі жәрмеңкелердің орыны
1.3.3 Қалалар, басты сауда пункттері
1.3.4 Ертіс өңіріндегі стационарлы сауданың сипаты мен ерекшеліктері
Ертіс өңірінің ішкі саудасы бір уақытта разьездік-айырбастық, жәрмеңкелік және стационарлы сауданың барысында іске асырылды. Айырбас саудасы сауда кәсіпкерлігінің дамуында бірінші кезеңі болды. Қазақ халқының көбінің көшпелі өмір салты және оның осыған орай өлкенің ірі сауда орталықтарына өте сирек келуі бұнда разъездік типтегі сауданың дамуы көмектесті. Пайданы қуу кезінде тұрақты түрде жақын орналасқан қазақ ауылдарымен шаруашылық байланыстарды қолдап, қажеттілігі бар тауарларды әкелді. Көпестің бұйрығымен олардың приказчиктері қыр бойынша тауарлармен жүруді жүргізді. Ірі саудагерлер қырға екі рет барды: қыста және күзде. Көктемде сәуірде мал қыстан шығып жатқанда олар қырға кішкене арбалары бар керуендермен шықты. Ауылға келгесін олар тауарларды шығарып, тауарлардың орнына малды: жылқыларды, ірі қара малды, қойларды айырбасқа алып сауданы бастады. Сауданы аяқтап, жақсы жайылымдарда жайлаған, жиналған малды ерітіп басқа ауылға келді. Осылайша, ауылдан ауылға өтіп, саудагер белгілі циклді жасады және маусымда бос арбалармен, бірақ олар әртүрлі мал табындарымен Ботовтық жәрмеңкеде келді, ол мұнда өз малын сатты. Дала ауылдарына екінші рет соғымнан кейін қарашада барды. Бұл сапарда тауарлардың айырбасы былғарыға, жүнге, қойларға, бағалы аң терісіне – тиын, түлкі, күзен, терісіне, бір бөлігін-жылқы шашына және оған қоса ақша берумен жүргізілді, себебі бұл кезеңде салық жиналды. Қысқы сапар шегу 2 - 2,5 айға созылды. Жиналған шикізат сол жерде сатылды немесе жергілікті жерлерге қарағанда бағасы жоғары болған Семейге әкетілді. Тауарларды және айырбасталған шикізатты апару үшін айына 5 руб. түйелер жалға алынды, сонымен қатар қыста айына 5 руб. жемге кетті. Негізінен айырбас сауданы қырда қазақтарға сататын бірнеше әртүрлі тауарлар қорларымен жүретін ұсақ саудагерлер, алып-сатарлар іске асырды. Содан соң олардан мал мен кейін сатылымға арналған ауылшаруашылық тауарларды сатып алды. Айырбастық-сапарлық сауда сол бір мәнді қалдырып әртүрлі формаларға ие болды. Мысалға, дала саудагерлері жиі көпестермен сауда мәмілелерін жасады, олар тауарларды Нижний Новгород пен Ірбіт арқылы тауарларды Мәскеу мен басқа қалалардан әкелді. Тауарды ақша үшін немесе қарызға 4 айға берілді. Әдетте бұл ақпанда, маусымда немесе қарашада жасалды. Қырға келіп саудагерлер тауарды үлкен сандықтарда немесе киіздің ішінде сақтап, оны бірге тұратын ауылдықтарға және оларға әдейі келген сатып алушыларға сатты. Осыдан басқа өз тұрағынан 60-100 шақырым жерде орналасқан ауылдарға бір-үш адамдарды приказчик жіберді. Қырда сауданы сонымен қатар сауда ләвкелері бар көпестер жасады. Саудагерлер әдетте қырға төменгі сапалы, қалада сатылмаған, жатып қалған тауарды әкелді. Оны «қырғыз тауары» деп атады. Алдап, артық өлшеп бұл саудагерлер жүздеген пайызды алды. Жарты фунт шай үшін немесе фунт қант үшін көшпенді 1 қойды берді. Ұсақ тауарды сатып, ол ауылдан бір отар қоймен, арба-арба жүнмен, шошқа майлары және т.б. тамақтармен келеді. Қазақтар малды саудагерге сатқанша жәрмеңкелерге баруды тәуір көрді. Сол себептен ләвкелердің саны біртіндеп азайды. Мысалға, 1887 ж. лавкалер 183 болды, яғни 1886 ж. қарағанда 25-ке аз болды. Үзілмейтін сауда операциялары нәтижесінде саудагерлер малшаруашылық тауарлардың көбірек сатып алумен айналысты. Қыр саудасы шеберлерінің пікірінше, айырбас саудасын кең көлемде жүргізу үшін 100 мың рубльден кем емес капитал болуы қажет. Кейде сапармен жүретін агенттер байып, қандай бір ауылға тоқтайды және сонда сауда-өсімқорлық операцияларды көпестер мен жергілікті ауылдан алыпсатарлар арқылы жүргізді. Сондай сауда өте пайдалы болды, себебі қырда бәсекелестік мүлде болған жоқ, осыдан саудагерлер тауарларға үлкен баға қойды, ал баға айырбас арқылы төленді. Бұндай айырбас сауданың айналымдары өте үлкен болды.
Бүкіл саудагерлердің кәсіпкерлік іс-әрекетінің негізінде мал мен малшаруашылық шикізатын сатып алу мен сату болды. Алыпсатарлар келесі категорияларға бөлінді: «саудагерлер», «арбакештер», «ұзын-қоржындар». Саудагерлер, басым түрде малды және шикізатты сатып алумен айналысты. Кейбір кезде алыпсатарлардың бұл түрі ұсақ тауарларды сатумен айналысты. Арбашылар сауданы арбадан жүргізді. Олар әртүрлі ұсақ және ірі тауарларды сатты. Атауын «арба» сөзінен алды. Тауарды тасымалдаған кезде арбашылар жолда малды, былғарыны, жүнді және т.б. сатып алды. Бақалшы және ұзын-қоржындар ұсақ және мануфактуралық тауарларды сататын разряд алды. Олар жылқының үстінде ұзын қоржынға салынған кішкене тауарлар санын сатты. Бұл қоржын қазақша «ұзын-қоржын» деп аталды. Бұл саудагерлер ұсақ-түйектерді жүнді, шәшті, жабғуды сатып алды. Алыпсатарлар туралы айтсақ, олар тек бір мал мен шикізатты алып қойған жоқ, сонымен қатар жергілікті үйде тоқылған материалдарды «шепкенді» сатып алды. Түйе кесегі «шекпен» 25 аршин ұзындығы бар болды және 5 р тұрды. Бұл сияқты қой жүнінің кесегі 2-3р. тұрды. Саудагерлер-алыпсатарлар жиі өз тауарларын қарызға қысқа мерзімге 2-4 айға берді. Несиені болашақта пайда болатын бұзаулар үшін алды, бірақ төлемді олар екі жас тайыншаға айналғанда алды. Қырда алыпсатарлар сапа жағынан ең жақсы түрлері сатып алынды, бірақ жиі қажеттіліктен мал нарыққа апарылып сатылғаннан соң бағалар жоғары емес, төмен болды.
Бірақ тасымалдық сауданың мәні жылдан жылға құлады, және оның орнына жәрмеңкелік сауда дамыды. Неміс сөзі «жәрмеңке» үлкен тауарлық съезд және арнайы бір жерде және арнайы жыл маусымында тауарларды сатуға әкелу дегенді білдірді. Жәрмеңкелер, әдеттегідей, жылына бір рет өткізілді және сауданың көлемі мен байланыстарының кеңдігіне байланысты жалғасты. Жәрмеңкелер онда өткізілетін сауданың ұзақтығы бойынша 5 разрядқа бөлінді. 1 разрядқа Нижегородская жәрмеңкесі; 2 разрядқа – 21 күннен аса өтетін жәрмеңкелер, 3-і разрядқа– 15 күннен 21 күнге дейін созылатын жәрмеңке, 4-разрядқа- 8-ден 14 күнге дейін созылатын жәрмеңке; 5-ші разрядқа – 7 күннен аспайтын жәрмеңкелер жатты.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ертіс өңірінің коммерциялық өмірінде жәрмеңкелер ерекше орын алды. Жәрмеңкелердің болуы жол торабтарының жеткіліксіздігі, сонымен қатар халықтың көп бөлігінің көшпенді өмір сүруіне байланысты болды. Бұл жәрмеңкелер әдетте керуендік жолдарда және даланың әртүрлі шеткі бөліктерінен жиналған жазғы жайылымдарда орналасты. Жәрмеңкелік сауданың дамуына сонымен қатар Ресейдің орталық аймақтарының малшаруашылық шикізатта өсіп жатқан қажеттілік көмектесті. Жәрмеңкелер Ресейден қырдың терең жерлеріне тауарларды жіберетін пункттер ретінде үлкен маңызға ие болды. Сауданың бұл түрінің дамуына тағы бір маңызды жағдай көмектесті - бұл Ертіс өңірінің территориясы бойынша мал айдайтын жолдардың өтуі болды. Ең бастысы жәрмеңкелер алыс сапарларсыз қалалық және ауылдық халыққа жергілікті өндірістің өнімдерін сатуға және қажет нәрселердің барлығын арзан сатып алуға мүмкіндік берді. Егер болыстық саудагер қымбатқа сатқан жағдайда шепке өз тауарын сату үшін бару керек емес еді немесе өтіп жатқан керуенге көтерме сатып алуды жасау үшін бару керек емес еді, себебі оның жанында жаңа нарық ашылды. Бұнда ол сатып алмаса да, қазіргі жағдайдағы тауардың бағасын біле отырып, болыстық саудагерімен айырбас жасап, жаңсаққа түспейтін. Қырдың ішінде нарықтың ашылуы орыс көпестері үшін де тұрмыспен танысуға, көшпелі тұрғындардың қажеттіліктерімен танысуға үлкен мүмкіндік берді және бұл білімдердің көбеюіне байланысты аз тұтынушылары бар мұндай тауардың қырға әкелуі қаупі ұлғайды. Жәрмеңкелерде сауда жасап кәсіпкер тек қана жақын жерлердің саудагерлерін емес, сонымен қатар алыс Тобол мен Томск облыстарының қалаларынан, Орынбор мен Перьм губерниялардың саудагерлерін көруге мүмкіндігі болды. Жәрмеңкелердің маңызы халықты өз шығармаларын сатқанда және бірінші кезекте керек заттарды сатып алғанда артық делдалдардан бас тарту мүмкіндігін берді. Мұндай айырбастың пайдасы қазақтар мен орыстар үшін жәрмеңкелік сауданың арнайы кезеңде дамуын шектеді.
Жәрмеңкелік сауда ұзақ уақыт бойы XIX ғасырдың екінші жартысында өлкенің шеткі аймақтарында сақталып айырбас сипатқа ие болды. Қазақтар «сатын қой» деп, ал орыстар «сатовка» деп атайтын ақшасыз сауда және онда 1 жылдық қой жалпы эквивалент рөлін атқаратын сауда XIX ғасырдың I жартысында Ертіс шебінің бүкіл жерінде кең тарады. «Сатовка» барысында тауарды несиеге 1-4 жылға және одан да көпке берді. «Сатовкаларды» жасауға тек сұлтандар, бай қазақтар және кейбір беделді билер жасай алды. Уақыт өткеннен кейін бұндай айырбас сауданың маңызы құлады, оның орнына жәрмеңкелік сауда дамыды.
Жәрмеңкелерде әртүрлі тауарларды кездестіруге болады. Негізінен жәрмеңкелерге болыстардан өткен кезде сатылмаған транзиттік тауардың артығы түсті. Жәрмеңкелік айналымның 4/5 қазақ малшаруашылығының өнімдерне және 1/5 өндірістің өнімдеріне тиді. Тауарлық айналымдардың барлық жұмыс істеп жатқан жәрмеңкелерде бірдей болған жоқ. Олардың кейбіреулері жәрмеңке түрінде мәнге ие болса, басқалары керісінше, біртіндеп дамып және күшейіп, олардың бір ауданның шекараларын басатын ықпалға ие болады. Ірі жәрмеңкелерге тек жергілікті саудагерлер ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Орта Азияның ішкі губернияларының көпестері келді. Ертіс өңіріндегі бүкіл ірі жәрмеңкелердің іс-әрекеті Нижегородтықпен (15 маусымнан 10 қыркүйекке дейін) және Ірбіттік (25 қаңтардан басталды, 35 күн жалғасты) жәрмеңкелермен байланысты болды. Бізге белгілі, жылына 25-30 млн. рубль айналымы бар Ірбіт сияқты ірі жәрмеңкеде «Ірбіт Шапкан» деп аталған қазақтар да қатысты. Солтүстік-Шығыс Қазақстанда жұмыс істеген ірі жәрмеңкелердің айналымдары он млн.-дық руб. болды. Өлкелік жәрмеңкелердің қатарына Қарқаралы уезінің Қоянды ауылының маңындағы Ботов-Қоянды жәрмеңкесі жатты. Бұл Семей Ертіс өңірінің ең ірі жәрмеңкесі болды. Оның айналымдары әдетте 1,5 млн. руб. жетті, яғни облыс айналымының 4/5 құрады (Д Қосымшаны қара). Мұнда уақытша мемлекеттік банктің бөлімшесі ашылды, ортаазиялық және орыс саудагерлер, мәскеулік фирмалардың өкілдері және бүкіл дерлік қыр жиналды. Ялуторлық көпес В. Ботов Петропавлға қарағанда арзан бағамен малды сатып алып, бұл ауданда бірінші болып айырбас сауданы ашты. Ботовтың операциялары жаңа аңшыларды қызықтырды және мұнда азиялық саудагерлердің және қазақтардың съезін жасады. Қоянды жәрмеңкесінің басты тауары мал болды. 25 мамырдан 25 маусымға дейін 1 айдың ішінде жыл сайын жарты милн-нан аса қойларды және 200 мыңға дейін ірі қара малды сатты. Қасымов пен Маманов сияқты байлар жыл сайын жәрмеңкеге 50-100 мың мал басын әкелді. Малдан басқа бұл жәрмеңкеде 117,5 мың пұт былғарылар, 53 мың пұт қой терісі мен ешкі терісі, 110 мың пұт жүндер және 30 мың пұт басқа мал өнімдері сатып алынды. Көпестіктің көрсетуінше жәрмеңкеде 200 мың мануфактура, 50 мың пұт шәй, 10 мың пұт былғары тауарлары, 100 мың пұт темір, азиаттық тауарлар 20 мың пұт сатылды. Жәрмеңке территориясында 300-ге жуық құрылыстар орналасты, олардың ең мықты 30-35 дүкендер мен ләвкелер болды. Мысалға, мұнда павлодарлық көпес Деровтың, Омбылық Козьмина көпесінің, ағайынды Волковтардың, Петропавлдық көпестер ағайынды Акчуриндердің, Қарқаралық Халиұлы Бекметев көпестің, Семейлік – Кәрімованың, купца Высоцкий көпесінің және т.б.. Тапқыр қазақтар өз бизнесін киіз үйлерді жәрмеңкеге келген саудагерлерге жалға берумен құрылды. Киіз үйлер Ақсары болысының қазақтарынан жалға алынды, олар өз монопольді жағдайын пайдаланып, жоғары бағаларды қойды. Ең арзан киіз үй 1 айға 3 руб., ал 4 керегелі асхана ретінде пайдалануға келетін киіз үй - 8-12 руб.; ал бағалардың кейінгі жоғарылуы кереге санына байланысты болды және 25 руб. жетті. Қоянды жәрмеңкесінің айналымдары жылдан жылға ұлғайды. Осылайша, егер 1880 ж. олар 1368 мың. руб. құраса, онда 1913 ж. – 4953 мың рубль болды. Сауда айналымдары бойынша екінші орынды Семей уезінде Қарамола маңында орналасқан Чарск жәрмеңкесі алды. Бұл жәрмеңкеде сауданың басты сату заты мал және май тауарлары болды. Мұнда жергілікті тұрғындардан басқа Семей, Павлодар, Омбы және Бийск қалаларының саудагерлері мануфактуралық тауарларды сату үшін және малды сатып алу үшін келді. Маңызы бойынша келесі жәрмеңкелер орын алды: Өскемен уезінде Алтай станциясындағы Никольская (154115 р.), Павлодар уезінің Песчаная станциясындағы Златоусовская (152470 р.), Семей уезінің Семияр станциясындағы Екатерининская (133440 р.), Павлодар уезінің Ямышев ауылында Спиридоновская (119400 р.). Қалған жәрмеңкелердің айналымдары 200-ден 57535 руб. дейін жетті.
Көптеген орыстар және қазақтар шаруашылық өнімдерінің айырбасын жергілікті жәрмеңкелерде жүргізді, олар сонымен қатар казактык станицалар мен ауылдарда жүрді. Ертістің оң жағында Семейден 154 ½ верстте және Павлодардан 184 ½ верст жерде орналасқан Семиярлық станицалық қоныста, яғни бұл қалаларды біріктіретін пошта жолының ортасында 24 қараша мен 9 желтоқсан аралығында 130-170 рубль айналымы бар жәрмеңке өтеді. 2 жәрмеңкесі бар Мешіт сауда қонысы ірі нарық пункт болды. Бірінші жәрмеңке көктемгі 1.05-н 1.06-а дейін және қысқы 25.11-н 25.12-ға дейін өтті. Бұған Күршім ауданы және Өскемен уезінің солжағалық шығыс бөлігі кірді. Алыпсатарлар: татарлар, қазақтар, казактар, қазақтардан сатып алынған малды әкеліп оны жәрмеңкеде сатты. Содан басқа Өскемен уезінде Ботинск станицасында тағы Рождественская жәрмеңкесі (25.12-н 7.01-а дейін) болды. Оңжағалық Өскемен уезінде Алтайск станицасында және Большенарым станицасында ( 21.11-н 4. 12-а дейін) Никольская жәрмеңкесі (6.12.-н 20.12-а дейін) болды. Бұл жәрмеңкелердің барлығында үлкен көлемде мал және малшаруашылық өнімдер көп мөлшерде әртүрлі қалардан келген агенттерге сатылды.
Бірақ басты сауда пункттері бұл қалалар болды. Бірінші жәрмеңкелер Семейде ашылды, олар өте ірі болды және 2-ші, 3-ші дәрежеге жатты. Павлодарда Қалалық жәрмеңкелер тек номиналды түрде өмір сүрді. Павлодарлық көпестер негізінен облыстың басты жәрмеңкелерге қатысты, әсіресе Ботовсктық және Чарсктық болды.
Ақмола облысында бірінші жәрмеңкелер ресми түрде XIX ғасырдың 50-шы жылдары ашылды. 1851 ж. Батыс Сібірдің Басты Басқармасымен 3 жәрмеңке құрылды: Көкшетау округында Воздвиженская және екеуі Акмола округында ашылды. XX ғасырдың басында Ақмола облысында әлі жұмыс істейтін 60 жәрмеңкелер болды, олардың айналымдары 18,5 млн. руб. жетті. Жәрмеңкелер маусымдық сипатқа ие болды. Жазғы далалық жәрмеңкелер «подторжок» рөлдерін атқарды, мұнда былғарыдан, шаштан және жүннен басқа далалық аң терілері сатып алынды. Ақмола облысының жазғы жәрмеңкелерде ерекше маңызды Ақмолада Константиновтық, Атбасарда Петропавлдық және Петропавлдан 110 верст жерде орналасқан Тайынша өзені маңындағы Тайыншалық алды. Константиновтық жазғы жәрмеңке Нұра мен Ішім өзендері арасында, Ақмола мен Семей облыстары аралығында орналасты, маусымға қарай мұнда малды тұтастай айдайтын қойлар табыры, жылқылар табыны, түйелер керуені құрылды. Күзгі жәрмеңкелер негізінен казак станицаларында және орыс ауылдарында топтастырылды, мұнда қазақтар малды және малшаруашылық өнімдерін нанға, тұрмыстық заттарға және т.б. айырбастауға мүмкіндігі болды. Бұл жәрмеңкелердің ірілері Көкшетау станицасында Покровская, Зерендинск станицасында Казанская, Омбы қаласында Введенская болды.
Омбы Ертіс өңірінде Омбы қаласы үлкен рөл ойнады, ол XIX ғасырдың аяғында ірі көлік-бөлу орталығы болды. XIX ғасырдың соңында Омбыда күн сайынғы базар жұмыс істеді. Мұнда наннан бастап аң терісімен аяқталып барлығы сатылды. Қала Сібірде ең арзан қала болып саналды. Қазақтар Омбыға нан үшін келді. Мұнда өткізілген Введенская жәрмеңкесі ірі болып саналды, бұнда Омбы уезінің қазақ болыстарынан малшаруашылығының шикізатын сатыпаларлар көп келді.
Кесте 8 - Ақмола облыстарының жәрмеңкелерінің іс-әрекеті.
|
Акмола қаласы
|
Көкшетау ауылы
|
жыл
|
Константиновск
|
Дмитриевск
|
Воздвиженск
|
әкелінді
|
сатылды
|
әкелінді
|
сатылды
|
әкелінді
|
сатылды
|
руб
|
руб.
|
руб.
|
руб
|
руб
|
руб
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1858
|
65500
|
30880
|
35440
|
20580
|
13935
|
7419
|
1859
|
185730
|
95400
|
46547
|
42547
|
17282
|
11590
|
8-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1860
|
175750
|
96500
|
58340
|
52520
|
17282
|
15865
|
1861
|
163214
|
94430
|
50500
|
27625
|
43496
|
17654
|
1862
|
112638
|
70500
|
36750
|
18850
|
есепте
|
Белгілен
|
Орта санды
|
140562
|
77542
|
45515
|
32424
|
18379
|
10505
|
|
5 жыл ішінде
|
4 жыл ішінде
|
1900 ж. Ақмола облысында 60 жәрмеңке жұмыс істеді, олардың айналымдары 18,5 млн. рубльге жетті, соның ішінде әкелу бойынша 10 млн. руб. аса және сатудан 8,5 млн. руб. жетті.
Ақмола облысындағы жәрмеңкелік сауданың көлемі Семей облысына қарағанда маңызды түрде жоғары болды. 1911 ж. Ақмола обласында жәрмеңкелердің сауда айналымдары 16 миллион рубльді құрады, ал Семей облысында - 5300 мың. руб. болды. Жалпы, Қазақстан капиталының жәрмеңкелік айналымдары 40 % дерлік Ақмола мен Семей облыстарының үлестеріне тиді.
1907 ж. кейін жәрмеңкелік сауда түсе бастады, бұл малшаруашылығының Қазақстанда 1907 жылдан кейін орын алған жалпы дағдарысымен байланысты болды. Қолайлы жол торабтарының болмауы сауданы тежеді, сол себептен өлкеде жасалған жәрмеңкелердің көбі тауар айырбасының үзбелілігін және тұрақтануын қамтамасыз еткен жоқ. Теміржолдардың салынуымен жәрмеңкелер өз дәуірін өмір сүріп бітті. Өлкеге сауда капиталының XX ғасырдың бірінші онжылдығының аяғында жәрмеңкенің енуі және саудаласу біртіндеп орнын стационарлы саудаға береді. Бұл, әрине, жәрмеңкелік сауданың өз маңызын жоғалтқанын білдірген жоқ. Ол өмір сүре берді, бірақ енді, малды айдаудың азаюына оның рөлі азая бастады. Тауарлық қатынастардың кеңеюіне орай жаңа формаларды ала бастады: стационарлы сауда өсті. Ол қырда әлі XIX ғасырдың бірінші жартысында орын алды.
Стационарлы сауда басты жағдайды тек 1910 ж., яғни қазақ малшаруашылығының құлдыраған кезінде және әкелінетін тауарларға сұранысты пауперизацияланған, өндіріс құралдарынан мүлде айырылған, тұрақты немесе уақытша ақша табумен айналысқан қазақтар да, орыс көшпенді-шаруалар білдірді. Бұл сауда жәрмеңкелік сияқты отарлық сипатқа ие болды. Ресей өндірісінің бұйымдарын сату, сауда айналымдардың басты балансында ол жайлы жәрмеңкелік сауданың мәліметтері мәлімдегеніне қарамастан одан да көп орын алды.
Тұрақты сауданың пункттері теміржол мен су жолдары бойында орналасқан қалалар болды. Олар бүкіл қыр сауданың басында тұрды және ірі сауда капиталын жинақтады. Қалаларда ірі кәсіпкерлердің көтерме қоймалары орналасты. Мысалға, Ақмола облысының басты орталығы Омбыда өз қоймаларын капиталистер Морозовтар, Рябушиндер және т.б. иеленді. Қалаларда сонымен қатар көтерме және ұсақ дүкендер, несиелік мекемелер жұмыс істеді.
Ертіс өңірінің сауда балансында маңызды орынды Петропавлск және Омск иеленді. Бұл қалалардың сауда орталықтары сияқты маңызы жайлы олардың теміржол станцияларының тауар айналымынан білуге болады. Ол XX ғасырдың басында Омбы үшін 15 млн. пұттан аса, Петропавловск үшін – 8 млн. пұттан аса болды. Кейбір ірі сауда фирмаларының филиалы Семейде болды, бұл жыл сайынғы стационарлы сауданы жүргізуге және фабрикалық-зауыттық өндірістің тауарларын - мақта-маталарын, металдан жасалған бұйымдарды және т.б. көп көлемде сатуға мүмкіндік берді. Тұрақты түрде саудагерлер арасында бәсекелестіктің дамуына байланысты олар өз тауарын нарықтағы бағасынан 10 - 15 % арзан сатты. XX ғасырдың басында көпестік қала саудасына одан сайын назар көп аудара бастады, үлкен қоймалары және тауар түрлері бар әмбебап дүкендерін салды. Бұндай сауда мекемелердің мысалы ретінде Жексен Бекжігіттің Павлодар қаласындағы, Савва Семеновтың Өскемендегі дүкендері бола алады (Е Қосымшаны қара).
Үлкен дүкендер, әдетте қала территориясы бойынша шашылған жоқ, керісінше орталық бөлікке жиналды. Дүкендердің ассортиментінде маталар және киім, шаруашылық тауарлар және ауылшаруашылық техника, зергерлік бұйымдар және жиһаз болды. Дүкендердің әмбебап сипаты халықтың қажеттіліктеріне жауап берді, сонымен қатар олардың қожайындарының бәсекелестік мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ертіс өңірінің көп қалаларында «Зингер» компаниясының және мұнай өнімдерін сататын «Нобель» фирмасының дүкендері болды. Қалалардағы сауда компанияларының ықпалы саласында ірі ауылдық аймақтар болатын. Мысалға, Өскемен қаласы Алтай халқы үшін сауда орталығы болып саналды. XX ғасырдың басында экономикалық өмірдің жанданған жаңа орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы және т.б. болды, бұнда айырбас саудасы XIX ғасырдың ортасына дейін Семей мен Петропавл қалаларының тарихында болғандай қаланың өзінде емес, аталған қоныстардан ар жағында сатылды. Мысалға, Ақмолада мал саудасы қаладан 1-2 верст жерінде орналасты. Ақмола өз жағдайы бойынша қыр саудасында көрінерлік орын алды. Өзінде көп капиталы бар саудагерлерді жинаған және жәрмеңкеге Ресей губерниясынан келген сатыпалушыларды жинады, ол оңтүстік қырдың өнімдерін топтастырудың пункті болды. Ақмоланың сауда орталығы ретінде қырда жалпы маңызы айдалатын мал санымен және әкелінген өнімдердің санымен анықталды. 1894 жылдың барысында ветеринарлы бақылаудың мәліметтері бойынша Ақмолаға келді, олар мал сатуға келді: қойлар 142204, ірі қара мал 12692 және жылқылар 3370. Малдың түгелі сатылды және бір бөлігі Орынбор губерниясына, бір бөлігі Тобольск және Перм губерниясына және аз бөлігі Тайынша жәрмеңкесіне жіберілді.
Стационарлы сауданың кең таралған түрімен бидайды тарататын пунктердің іс-әрекеті болды. Павлодарда бидай сату мен сатып алумен көпестер Гусев, Жернаков, «Агафонов А.А. и компания», ағайынды Ефремовтер, С.Я. Охапкин және т.б. айналысты. Бұл уақытта аймақтың экономикасында маңызды рөлді Қарқаралы атқарды, оның маңында Қоянды жәрмеңкесі орналасты. Сауданың тұрақты айналымдары болған жерлер: Петропавл–4 млн. руб. жуық, Омбы– 3,5 млн. руб. жуық, Семей–1,5 млн. руб.. 1910 ж. Петропавлда 21750 адам халқы бар айналымы 4 млн құрайтын 446 сауда мекемелері болды. Семейде 1910 ж. 997сауда мекемелері, уезде – 777, Зайсанда – 291, Қоқпекты – 136, Зайсан уезінде – 136, Атбасарда – 380, ал уезде – 345 сада мекемелері болды. 1914ж. Ақмола облысында 4707 сауда мекемелер, Омбыда – 1028, Петропавлда – 449, Ақмолада – 284 болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында –XX ғасырдың басында тек қалада емес, сонымен қатар ауылда да, әсіресе Ертіс бойынша казак станицаларында сауда инфрақұрылымы дамыған болды. Мұнда сауда жыл бойы жасалды. Стационарлы сауда сонымен қатар сауда слободкаларында іске асырылды. Оларды сырттан келген бұхарлықтармен бірге қазақтар ұйымдастырды. Оларға Ертістің сол жағындағы Өскеменге қарсы жерлерінде «Ахмирово» және «Меновая» слободкалары, Семейге қарсы «Заречная» және «Бектемиров» сауда слободкалары орналасты; заставалар немесе Омбы және Петропавлға қарсы орналасқан айырбас аулалар болды. Ертістің оң жағында сонымен қатар Семекей, Есілбай және Рамазановтардың жартылай отырықшы пунктері жайғасты. Бұлардың барлығы қазақтардан мал өнімдерін сатып алу мен айналысты және оларды базарда көпестерге қайта сатты. «Ново Омск» қонысы өте белгілі болды, ол Ертістің сол жағында орналасты, ол көптеген тұрақты және жергілікті мекемелердің орны болды. Кең көлем, стационарлы сауданың дамуының жоғары динамикасы олар алатын сауда капиталы пайдасының жоғары түрімен анықталды.
Осылайша, XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасырдың басында сауда-өсімқорлық кәсіпкерлік Ертіс өндірінде кең даму алды. Аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамудын ерекшелектері, сонымен қатар өткізілетін отарлық саясат сөзсіз, кәсіпкерліктің дамуына қалыптасу үрдісіне өз ізін қалдырды. Отарлықтың Ертіс өнірінің ішкі нарағының дамуымен қатар өтіп жатты және оны жалпы Ресейлік нарыққа, сонымен қатар дүние жүзілік нарыққа енуі жүрді. Қазақ қоғамы біртіндеп жаңа нарық жағдайларына бейімделді, саудагер – кәсіпкерлер арасында халықтың байырғы бөлігінің үлестік салмағы өсті (1897 ж. санақ бойынша – 3,6 %).
Достарыңызбен бөлісу: |