XX ғасырға дейінгі Қазақстандағы математика. ХХ ғасырдың аяғында қазақ математиктері жеке шаңырақ құрды. Математика тарихының шаң басқан беттерін ақтарған Мыңбай Өтежанұлы Исқақов, Ақжан Машанов, Аудабек Көбесов, Қажи Нұрсұлтанов сияқты қазақ ғалымдары мен тізе қосқан қандастармен, тәуелсіз достастық елдер ғалымдарының еңбектеріне сүйенсек, қазақ математикасының гүлденген шағы ІХ-ХІ ғасырлар аралығы.
Бағдат қаласындағы «Даналық үйінің» ауыртпалығын Орта Азия және Қазақстан ғалымдары көтерді. Олардың сапында әл-Хорезми, әл-Ферғани, әл-Жәуһари, әл-Марвизи, кейінірек әл-Фараби болды. Бертін келе XIV ғасырдың атақты математигі, әрі астрономы, мемлекетқайраткері Ақсақ Темірдің немересі, Шахрухұлы Ұлықбек Самархант маңында Әулиесудың ар жағында ұйымдастырған, өз заманының Птоломейі атанған, математика Әли ибн Мұхаммед әл-Құсшы – «Жұлдыз кестесінің» авторы сияқты ғалымдар қызмет істеген. ХІІ ғасырда Орта Азия және Қазақстан ғалымдарының еңбектері латын тіліне аударылып, сондай-ақ, математиканың басқа елдерге, мәселен, Еуропаға ауысуы, қандастарымыздың еңбектерін саябырлата бастады. Әл-Фарабидің әл-Жауһаридың және басқалардың еңбектері Әбуәли ибн Синаға, Омар Хайямға, Насреддин ат-Тусиге әсерін тигізді. Кейінгі зерттеулер бойынша Италия математигі Леонардо Пизанскийге өзінің «Абақ» кітабын жазуға әл-Хорезмидің, поляк ғалымы Николай Коперникке (1473-1543) өзінің гелиоцентрлік жүйесін ашуға әл-Фарабидің еңбектері әсер еткен. Сол арқылы Кеплер өз заңдарын ашқан. Дөңес линзадан сәулелер өткенде сынатындығын, оның бір жерде тоғысатынын әл-Фараби тапқан. Сөйтіп линза – айна тоғысын – фокусын табушы Кеплер емес оны табушы әл-Фараби. Бірде гүлденген қазақ математикасы бірте-бірте сөніп, тек ХХ ғасырдың 40-ыншы жылдары қайта тұтана бастады. Ол Ибатулла Ақбергеновтың талантына байланысты болды. Қазіргі математика терминологиясы оның даму сипатын көрсете алады. Мәселен, қазаргі пайдаланып жүрген «Алгебра» атауы араб сөзі әл-жебрден шыққан. Әл-Жебр – екі ереже. Оны ойлап тауып, дүние жүзінде бірінші болып қолданушы, әрі алгебраның бірінші оқулығын жазушы әл-Хорезми. Әл-Хорезмидің есімінің бұрмалануынан «алгоритм» атауы да шыққан. Ибн Сина есімінің бұрмалауынан «медицина» атауы шыққан. Бір кездерде Бұхара, Самархант, Шаш қалалары да ғылыми орталықтар болған. Қазақстан математикасына қатысты құжаттарды Иран, Өзбекстан, Татарстан, Ресей архивтерінде жатқандығын Хамид Тілдашов, В.М.Беркутов және т.б. зерттеулері дәлелдейді.
Қазақ мектептерінде математикалық білім беруге атсалысқандар арасында М.Дулатов, А.Қасымов, А.Байтұрсынов, Ә.Сытдықов, Е.Омаров, С.Қожанов, В.Жаленов, Қ.Шонанов, Ғ.Бегелиев, Х.Досмұхаммедов, Ф.Болатбековтерді атауға болады. Сондай-ақ, С.Бақаев, М.Әмірбаев, Р.Мәскеев, Б,Еркебаев, Ғ.Кемелов, Ғ.Мұханбетов, Ә.Ермековтер де қол ұшын берді. Соның нәтижесінде көбісі дерлік сауатсыз болған ел, жоғары оқу орындары бар, Ұлттық Ғылым Академиясы бар елге айналды. Бүгінгі күні математикалық білімді одан әрі жетілдіру мағынасында әртүрлі дәрежелі оқу орындары ашылып, әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеуде. Ғылымның практикалық жағына көңіл бөлінуде. Қазақ математикатері жай дифференциалдық теңдеулердің сапалы теориясында, саны шектеулі және шектеусіз теңдеулермен сипатталатын қозғалыстың орнықтылық теориясында, функционалдық анализде, есептеу математикасында, математикалық логикада, алгебрада, халық оқытуда, жоғары мектеп медреселерінде, математикалық лингвистикады, математикалық экономикада, қолданбалы математикада іргелі табыстарға жеттік.