Xix-xx ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы



Дата20.11.2023
өлшемі28,52 Kb.
#192103
Байланысты:
Қазбек Темірлан.
Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №1 практикалық сабақТЫҢ та-emirsaba.org

XIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа — патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол əкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мəселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бəрін қамтыған болатын.
Қазақстанға əкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генералгубернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор жəне Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты жəне негізгі міндеті — «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын əлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай əрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын жəне аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру əрекетінен туған еді.
Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак əскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі жəне 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті.
1867—1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар əкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын əртүрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары — Орынбор; Ақмола жəне Семей облыстары — Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария — Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ əскери округінің билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: «Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен əскери округтерге бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді» — дейді.
1867—1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті əскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат əртүрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғары зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз еңбегінде: «Отаршылық əкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын. Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генералгубернатор, оның кеңсесі жəне тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар əскери жəне азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы əкімшілік құрылысының принципі — жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен əскери ведомствоның қолына беру болды» — деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.
Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар жəне жергілікті басқармалар. Облыстық əкімшіліктің басқарма басшылығында əскери жəне азаматтық билік ететін əскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22—23-бабында дала облыстарының əскери-губернаторлары облыстардағы əскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген жəне де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак əскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет