Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.Есім хан (1598-1628)Тәуекл ханның мұрагері, сондықтан Тәуекел хан қайтыс болған соң, Есім мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірбиелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханмен бітім шарт жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік пен билік
берді.
XVII ғасырдың басында Қазақ хандығына ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғаымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті.Феодалдық талас-тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан деп жариалап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте-бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.
Бұл кезде Ташкентте-Келді-Мұхаммет сұлтан, Әндіжанда-Абылай сұлтан, Тұрфанда-Әбд-ар-Рахым хан, Жаркентте-Абақ хан,т.б. дара билік жүргізді.
Қорытынды
Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты. Басқару жүйесінде бұрыннанг келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталынды. Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:
1).Ауыл-қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы. Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды. Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады. Ауылбасы білгір, тәжірбиелі, саяси беделге ие, ауқатты адам болды. Ауылбасының атқаратын міндеттері:ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам мен көлік күшін дұрыс пайдалану; дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру; ауылға түскен салықты уақытында төлеуді қадағалау; жоғарыдан келетін жарлықтар мен бұйрықтарды дұрыс орындау болды.
2).Ата аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл-кеңесін тыңдап, оның шешімін мүлтіксізорындап отырды.
3).Ру негізіненон немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны рубасы деп атады Рубасы көпті көрген, мол тәжірбиелі, өте білікті, білгір адам болды.Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болды.
4).Арыс бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп аталды.
5).Ұлыс бірнеше арыстан құралды. Билеушісі сұлтан деп аталды. Олар ханды сайлауға қатысытын, ханмен тікелей қарым-қатынас жасай алушы еді.
6). Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Қазақ жүздері XV-XVI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты. Олар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп екіге бөлінді.
7).Хандық үш жүзден құралды. Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған(ұлы хан,яғни хандардың ханы) болды. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. 4-ші басылым., Алматы: Алматы кітап баспасы, 2011. — 312 б.
2. Қазақстан Республикасының тарихы: оқу. жәрдемақы / Аманжол Күзембайұлы, Еркін Әбіл. - 6-шы басылым., қайта өңдеу және қосымша — Астана: том, 2002. — 365 Б.
Достарыңызбен бөлісу: |