«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет133/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
180
181
дәстүрлі мәдениет-адамзат құндылықтарымен үндесіп жатады. 
Ұлттық мәдениет- белгілі бір рухани байла-ныстың адамгершілік 
үлгілерінің жиынтығы. Ұлттық мәдениетті жасаушы- ең алдымен 
сол ұлттың өкілдері, ұлттық мәдениетті өз бойында сақтаушы 
да, оның насихаттаушысы да, кейінгі ұрпаққа асыл мұра етіп 
жеткізушілер де сол ұлттың нақты өкілдері болып табылады. Қазақ 
халқының ұлттық мәдениеті - тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері 
бар құбылыс 
Мәдениет- біртұтас нәрсе. Оның біртұтастығының көрінетін жері 
сол- бөлінбейтін, бөлшектенбейтін адам тұлғасын жасайды. Дегенмен, 
барлық біртұтас нәрселердің құралатын бөліктері болатыны сияқты, 
мәдениеттің де ішкі тармақтары немесе жүйелері бар. 
Мәдениеттің бір жүйесі - оның қоғамның әлеуметтік зердесі 
болып қалыптасуында. Мәдениет қорында бізден бұрынғы жасап 
кеткен ұрпақтардың барлық материалдық және рухани тәжірибесі 
жинақталып шоғырланған. Міне, осы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа, 
атадан балаға өтіп келе жатқан өшпес те өлмес тәжірибе қоғамның 
әлеуметтік зердесі болып табылады. Мәдениет мыңдаған жылдар 
бойы жинақталған тәжірибенің інжу-маржандары, оны тереңдеп 
қаза берсең, жан-жақты түсіне білсең көп нәрсеге жауап алуға 
болады. Сол арқылы адамзат тарихында не болғанын түсінеміз, 
білеміз. 
Халықтың дәстүрлі мәдениеті адамдардың терең дүниесінен 
туады, мәселен, жоқтау арқылы да адам мұңының қаншалықты 
терең екенін түсінуге болады. Басында айтылғандай, мәдениет – 
адамның іс-әрекеті арқасында пайда болады, дамиды. Олай болса 
мәдениеттің түрлерге бөлінуі адамның іс-әрекетінің түрлеріне 
байланысты. Адамның іс-әрекеті үлкен екі саладан тұрады. 
Біріншісі- материалдық іс-әрекет, одан материалдық мәдениет 
қалып тасады. Екінші түрі- рухани іс-әрекет. Ол рухани қазынаны 
немесе рухани мәдениетті жасайды. Олай болса мәдениеттің екі 
үлкен түрі бар екен- рухани және материалдық.
Көптеген ғалымдардың еңбектерімен, сөздіктерімен танысып 
дәстүр ұғымына берілген анықтамаларды қарастырсақ, «дәстүр» - 
әдетке сіңген салт-дәстүр, ғұрып, мирас. Дәстүр, «берілу» немесе 
«қалдыру», «мұра» деген ұғымды білдіреді екен. 
Қазір біраз жұрт Наурыз мейрамы басталғалы бері «Наурыз 
парсы тілінде жаңа күн» деген ұғымды білдірсе, «бұл өзі бізге 
парсыдан, шығыстан келген мейрам екен ғой» дейді. Біздің 
ойымызша XVIII ғ. басында қазақтар жоңғардан шегініп, ата-
жұртын тастап, Бұхара, Самарқанға, Жиделібайсынға барып, енді 
ел-жұрт азат болып тарихи қоныстарына қайта келгенде «Наурыз» 
сөзін ала келген. Бұған дейін халқымыз бұл мейрамды «Ұлыс», 
«Ұлыстың ұлы күні» деп, соңынан «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» 
деп айтатын болған. 
Мұсылмандар үшін демалыс саналатын жұма күні де 
өзінің мерекелік мән- мағынасын жоғалтқандай болды. Дінге 
нанушылардың шағындау топтары ғана жұма намаз оқылатын 
мешітке барып тұратын. Кейбір топтар үшін мұсылманша жұма- 
«қасиетті», сәтті күн деген ұғым сақталып қалды. 1990 жылдың орта 
тұсынан бастап, исламдық кейбір тұрмыстық қағидалар қайтадан 
қазақтардың өміріне берік орныға бастады. Ораза айт пен құрбан 
айт кеңінен атап өтілетін болды; оразаны қартаң адамдар ғана 
емес, орта және кіші ұрпақ өкілдері де емін-еркін ұстай бастады. 
Бұл тұста, біздің ойымызша, жастардың мұндай таңдауы мен ойлы 
қадамдарына діни емес ұлттық бейтараптыққа ұмтылыс, өздерін 
еш нәрсеге, соның ішінде батыстық жастар мұратына тәуелсізбіз 
деген сенім себеп болса керек.
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті 
әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, 
заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Демек, 
салт-дәстүрлі ел мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз 
ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені 
әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйым- мен 
тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген [3, 16 б.]. 
Мәдениет- қоғамның сапалық ахуалының неғұрлым жалпы 
көрсеткіші және сондай-ақ, адамның рухани- құндылықтық 
дамуының өлшемі. Егер мәдениет құлдыраса тұлға кері кетіп 
төмендейді, қоғам ыдырайды. Мәдениеттің күйреуі - тарихтың 
шөлді суларында еріген тұз секілді мыңдаған тайпалар мен 
халықтардың жойылуының себебі де. 
Өз тарихын, рухани мұраларын, ұлттық құндылықтарын, 
әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келесі ұрпаққа таныту - ұлттың өзін-өзі 
сақтау инстинкті. Әсіресе тарихи сананы қалыптастырудың орны 
ерекше. Өйткені өткенімізді толық білмей, келешекке нық қадам 
басуға болмайды. Стратегиялық міндет- тіл, дін, діл тұтастығы. 
Осы үш ерекшелікті басқа ұлт өкілдерінің ұйытқысы ретінде 
қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыта отырып, рухани 
өмірдегі жаһандану салдарынан қорғануға, жалпы мемлекеттік 
сүйіспеншілікке жетелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет