«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет246/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

Т (Қауіп-қатер)
– Үнемі мемлекет тарапынан қолдауды 
қажет етеді
– Экономикалық тұрақтылыққа тәуелді
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының мемлекетке, қоғамға, 
экономикаға тағы басқа салаларға әсерін анықтау мақсатында 
SWOT талдауы жасалды. Нәтижесінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің 
дамуының күшті және әлсіз жақтары және мүмкіндіктері мен 
қауіптері анықталды. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы тұрақты 
экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, Жалпы Ішкі Өнімнің 
өсуіне үлесін қосады, жұмыссыздықты жояды, инфрақұрылымды 
жақсартады. Елбасы Н. Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты жолдауында: «Шағын және орта бизнес 2050 жылға 
қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына 
кемінде 50 пайызын өндіретін болады», - деп көрсеткен болатын 
[8]. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы, 
экономикалық және саяси дамуға мүмкіндік ашылатынын түсінеді. 
Өзге мемлекеттердің жеке кәсіпкерлікті дамытудағы 
ерекшеліктерін анықтау, Қазақстанмен салыстыру мақсатында 
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев 
Зияткерлік мектебінің шет елдік мамандарымен сұхбат жүргізілді. 
Сұхбат 7 адаммен жүргізілді, олар Америка Құрама Штаттарынан 
– Jeffrey Colonel, Англиядан – Walter Scott, Оңтүстік Африка 
азаматтары – Jacobus Nel, Jennifer Mackenzie, Ямайкадан – 
Maxwell Conne, Horace Miller, Филиппин азаматы - Archie Lefigio 
қатысты. Шетелдік азаматтармен өз елдеріндегі бизнестің дамуы 
туралы бірнеше сұрақтар қоя отырып әңгіме жүргізу барысында 
Қазақстандағы бизнестің дамуымен біраз ұқсастықтар және 
ерекшеліктер де анықталды. 
Америка Құрама Штаттарында жаңа ашылған кәсіпорындарды 
ынталандыру жұмыстар жүргізіледі, олардың құқықтарын 
қорғайтын арнайы бағдарламалар бар, мысалы салықтан босату 
сияқты жеңілдіктер беріледі. Джеффри Колонелдің айтуынша
АҚШ-та табысты кәсіпкерлер жетістіктің иконы және америкалық 
рухтың символы ретінде бағаланса, кей кәсіпкерлер танымал 
адамдарға айналған. Америкада кәсіпкерлікті өте жоғары бағалайды 
және мақтан тұтады. 
Уолтер Скоттың айтуынша, Ирландияда өзінің жеке бизнесі 
болған. Ирландияда кез-келген азаматтың жеке бизнесін ашуға 
құқығы бар, 18 жастан бастап егер жақсы бизнес жоспары 
болса, жеке бизнесін бастауға гранттар беріледі. Англияда және 
Ирландияда жеке бизнесін бастағысы келген азаматтарға тегін 
консультациялар алуға болады, экспортқа шығаруда мемлекет 
тарапынан көмектер болады екен. 
Дженнифер Маккензидің айтуынша, жұмыссыздық - Оңтүстік 
Африканың ең өзекті мәселелерінің бірі. Оңтүстік Африкада 
банктер бизнес ашуға кредиттер ұсынады. Мектептерде «Бизнес 
Оқулары» атты пән оқушыларға қалай сәтті бизнес ашу керектігі 
жайлы оқытады. Дженнифер Маккензидің өзінің де шағын бизнесі 
болған, бал дайындаумен және сатумен айналысқан. Өзінің жеке 
кәсібін жүргізуде біраз қиындықтар болғанын айтады, мысалы 
қаржы мәселесі. 
Оңтүстік Африканың келесі азаматы Джакобус Нелдің де жеке 
бизнесі болған, шығыс елдерінен киім импортымен айналысқан. 
Оның компаниясы ресми емес дүкендерде сенбі және жексенбі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет