С. Торайғыров атындағы
ПМУ ректоры, филос. ғ.к.
Г. Ахметова
«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
6
7
Флегматиктер.
Сақ, байыпты байсалды, ынтымақшыл. Әр
ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-
саспайды. Бір істі бастаса, салпақтап соңынан қалмайды. Мінезі
ауыр, көрсеқызар емес, қимыл қозғалыстары баяу. Флегматик жақсы
жұмыс істеу үшін оның жұмысын талдау керек, яғни мадақтап
немесе жазалау керек.
Сангвиниктер.
Адамадармен оңай, тез тіл табысады, өзің
көңілді ұстайды, бұл аққөніл, қызу істің адамдары. Қылысып,
қымтырылмайды, адамға қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап,
кейде оны тастап кете салады, жеңіл мінезділікке салынып, сылбыр
күйге түсе кетеді. Мұндай адамдардың жүйке жүйесі мықты.
Оптимистер. Көп ауырмайды, аз ұйықтайды. Сангвиникті жұмыс
істету мүмкін емес. Ол қарқынды жұмыс істеу үшін, жұмыс өте
қызықты болу керек [3, 202-204 б.].
Жүйке жүйенің әрбәр типі белгілі бір мамандыққа сәйкес, ал
басқасына сәйкес емес.
Меланхоликтер – өнер адамдары. Бірақ олар көлік жүргізушісі
бола алмайды.Холериктер керемет ұшқыштар бола алады(сондықтан
ұшқыштар мамандығына қабылдау комиссияның құрамында
психолог дәрігерлер бар). Бірақ холериктерге есепші болып жұмыс
істеу өте қиын. Флегматиктер, керісінше, жақсы есепші бола
алады, қағаз жұмыстарын ұнатады, алайда ақын бола алмайды.
Сангвиниктерден жақсы көлік жүргізушілері, инженер шығады.
Бірақ флегматиктер сияқты шыдамды болмайды.
Темперамент адамдарға өмір бақи беріледі. Оны өзгертуге
болмайды. Алайда, кейбір адамдар темпераментке сәйкес емес
мамандықтар тандады. Темпераменттін 4 типі де адамның бойында
болады. Оның біреуі ғана басым болады. Ұжымда әріптестерімен
тіл табыса білу үшін, олардың темпераменті маңызды рөл атқарады.
Психологтардың зерттеуі бойынша екі меланхоликтер –
жұмыста жақсы әріптестер. Бірақ холерикпен меланхоликке тіл
табысу өте ауыр. Әсіресе, мұндай жағдайда меланхолик өзін
ыңғайсыз сезінеді. Холерик ұстамсыздығынан дауысын көтеруі
мүмкін [3, 201-207 б.].
Екі холерик жұмыста өте шапшаң. Бірақ екеуі бірігіп жұмыты
аяғына дейін жеткізе алмайды.
Флегматиктер байсалды, байыпты болғандықтан, барлығымен
тіл табысып, жұмыс істей алады. Ал сангвиниктер меланхолик және
холериктермен сыйыспайды.Холериктер ашушаң меланхоликтер тез
ренжиді. Ал сангвиниктер оптимистер холериктерді ашуландырады,
ал меланхоликтер оларды жаны ашымайтын адамдар деп ойлайды
[4, 101-110 б.].
Адамның темпераментін анықтаудың бірнеше әдісі
бар:бақылау, сауалнама және тесттер. Зерттеу әдісі ретінде
А. Беловтың «Темпераментті анықтау» тесті алынды. Бұл тестте
оқушылар әрбір типке берілген мінездемелер бойынша өздеріне
сәйкесін белгілеп, пайыздық көрсеткішін шығарды. Зерттеуге
9 «Ә», 9 «Ғ» сынып оқушылары қатысты. 9 «Ә» сыныбында
24 оқушы, ал 9 «Ғ» сыныбында 17 оқушы. Жасерекшеліктері 14-
15 жас. Оқушылармекн олардын темперамент типтерін анықтамас
бұрын, темперамент типтерінің жаманы болмайтыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, темпераменттің 4 типі де адам бойында болады және
олардың біреуі ғана басым болатыны түсіндіріліп жеткізілді. Зерттеу
нәтижесі бойынша 9 «Ә» сыныбында 24 оқушының темперамент
типі: флегматик – 15, меланхолик – 2, сангвиник – 7, холерик –
1 оқушы болды. 9 «Ғ» сыныбында 17 оқушының темперамент типі
флегматик – 5, меланхолик – 3, сангвиник – 10, холерик – 1 оқушы
болды. Оқушыларды темперамент типтерінің толық мінездемесімен
таныстырдық және бұл типтерге қандай мамандықтар сәйкес екенін
түсіндірдік. Оқушылардың Голланд тесті бойынша кәсіптік жеке бас
типін анықтағанда, 80 % оқушының кәсіптік типтері темперамеғнт
типтеріне сай болды. Яғни меланхоликтердің кәсіптік типтері
артистік болып анықталды, флегматиктер – интеллектуал және
әлеуметтік типтерге жатады және т.б. Оқушылардың темперамент
типтерінің пайыздық көрсеткішін мониторинг арқылы көрсетуге
болады [1, 53-60 б.].
|