«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет284/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
398
399
сөйлемнің басын, адамның атын үлкен әріппен жазу деген ережені 
мүлдем ұмытқан.
Психологиялық тұрақсыздыққа әкелуі. Жаңа ғасыр адамдары, 
әсіресе студенттер мен оқушылар, бір-бірімен шынайы өмірде емес, 
Интернет арқылы сөйлесу салдарынан, бір-бірімен сөзбе-сөз, көзбе-
көз қарым-қатынасты орната алмайды. Бұл жағдай олардың сөздік 
қорының төмендеуіне және тұйықтылуына әкеледі. Жастардың 
сленгтерінде балағат сөздер жиі кездесетіндігі бәріне мәлім. Ал 
балапыт сөздердің адамға жалпы және психологиялық әсері жайлы 
білетідердің саны аз-ақ. Ғылыми зерттеулер бойынша, жастар, 
оның ішіндегі 10-22 жас аралығындағы балалардың көбі, әсіресе ер 
балалар /алайда, жаңа ғасырдың дөрекі қыздары балағат сөздерді 
ұлдардан да жиі қолданады/, сленг арасында көптеген балапыт 
сөздерді қосады. Ол дегеніміз, күн сайын түйсіксіз түрде дөрекі 
сөздерді қолдану. Алдымен, оларда тәуелділік қалыптасады. Одан 
басқа, сленг сөздерді қолдану осындай зардаптар әкеледі: дүниені 
сезуін және сана сезімін күйретеді; сөздік қорын, ой-санасын, ойлау 
қабілетін кедейлендіреді; агрессия мен басқыншылықты арттырады, 
басқаруға келмейтін қатыгез әрі қатал адамға айналады; күйзеліске 
соқтырады; ой - санасын сезімсіз, жансыз қылдырып, адамды ар-
намыссыз, ұятсызға айналдырады; бассыздыққа әкеледі; рухани 
жұтаңдыққа ұшыратады. Жастар арасындағы психологиялық 
мәселелердің өршуіне әкеледі. Мысалы, кейбір сленгтер адамның 
өз-өзін жақсы сезінуіне не керісінше, өз-өзін жақсы көруіне 
немесе төмендетілген өз-өзін бағалауға әкелуі мүмкін. Немесе жас 
дөрекілер? Сол сөздермен басқаларды кемсітіп, өз-өзін басқаларға 
қарағанда жоғары ұстап, тәкаппарланады. Ал олар кемсіткен 
адамдардың психологиясы теріс жаққа бағытталып, олар мәселенің 
шешу жолдарын іздей бастайды. Өз ойын дұрыс және нақты, 
тоқталмай білдіруде қателіктер жіберіп, өзінің ішкі жан дүниесіне 
есігін жабады. Басқаларды өз мәселелеріне не тым жақындатпау, не 
өз мәселелеріне баршаның назарын аудартудың өзі мәселе ретінде 
қарастырылады [3, 17 б.].
Тілдік эволюция және интерпретация. Болашақтағы, қазіргі 
және өткен шақта қолданылған бір тілдің өзара айырмашылығы. 
Жаңа сөздер, басқа тілмен ұштасқан тұстарының көбеюі, тілдердің 
жоғалу мәселелері мен тілдер тұтастығына әкеледі. Мысалы, өткен 
замандағы адамдар сөйлесуін, қазіргі азаматтардың бір бөлігі ғана 
толықтай түсініп, қалғандары – сол адамдар не жайлы сөйлегенін де 
нақтылай анықтай алмайды. Ал, біздің тілімізді, болашақ ұрпағымыз 
да түсінбейді. Осындай үрдіс жалғаса береді. Тіл өзгереді. Оның 
өзеруіне әкелетін басты бір факторлардың бірі – қолданылатын 
сленгтер. Сол әрекеттердің барлығы жасөспірімдердің: әдебиетке: 
кітап пен әдеби тілдің құлдырауы; өнерге: музыка мен өлеңдердің 
мағыналық көрінісінің жоғалуы; мәдениетке: субкультуралардың 
пайда болуы мен жастардың тәрбиесіздігіне, жаман әрекеттерді 
жасауына, басқа елдің мәдениетіне қызығып, еліктеуіне әкеледі; 
ділге:қоғамның халық тұтастығының жойылуы.
Жақсы жақтары да бар. Мысалы, ол өзінің оңайлығы мен 
мәнерлігімен ерекшелінеді. Болашақ жастардың өзара түсінушілігіне 
әкеліп, өмірлерін жеңілдетеді.
Қорытындылай келе, жастар сленгі қазіргі заманымызда ең 
қарқынды дамып келе жатқан сленг. Солай болса да, ол өз орнын, 
өзектілігін ешқашан жоғалтпады. Әр замандағы сленгтердің басты 
түрі – ол жастар сленгі. Мысалы, одан бұрын жастар бір сленгте 
сөйлесе, қазіргі заманда басқа сөздермен өз-өзін көрсетеді. Ал, 
болашақта жастардың Интернет сленгі жоғала ма, жоғалмай 
ма? Оны уақыт көрсетеді. Ол ең мәнерлі және экспрессивті-
эмоционалды сөздерге жатады. Басқа сленг түрлері тек жасырынды 
түрде шифрлар негізінде, не бір-бірін түсіну үшін қолданылып, 
қысқартылған сөздер болса, жастар сленгі басқа да салаларды 
қамтуда. Жастар сленгтерінде дөрекі, тұрпайы сөздердің көп 
кездесуі – жаңалық емес. Басқаларға қарағанда осынысымен 
ерекшеленеді. Жастар сленгінің сөздерінің көбі, басқа тілден, 
нақтырақ айтсақ – ағылшын тілінен еніп, интерпретацияланған 
болып келеді. Мысалы, қоғамдағы сленг орташа есеппен алғанда 
диалект сөздер мен еліміз шекараласатын елдердің тілдерімен тығыз 
байланыста. Бір-бірімен ауысып келеді [4, 8-9 б.].
Жастар сленгі, оларды қолданатын жастарға ұқсас: дәл сондай, 
өткір, көптірме, адуын болып келеді. Осы жағдайда, имидж бен киім 
- кешегінен, өз - өзін ұстауынан не өмір салтынан гөрі, тіл - олардың 
ішкі жан дүниесінде не болғаны жайлы ашық та жарқын жеткізе 
алады. Сленг, жастар мен мектеп өмірінде болды, әлі күнде де бар 
және болашақта өз өзектілігін жоғалтпайтын тіл бөлігі. Оны алып 
тастауға да, оған тыйым салуға да болмайды. Ол уақыт өте келе өз 
түр-сипатын өзгертеді. Әрине, бір сөздер жоғалады, басқа біреулері 
пайда болады, дәл осылай басқа тілдерде де болады. Бірақ жаңа 
ғасыр оқушыларын, жастар сленгісіз елестете алу мүмкін емес. Оны 
дәл солай қабылдау керек. Олардың басты артықшылығы - оның 
бейнелігі мен мәнерлігінде және қысқалығында. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет