Орал Таңсықбаев (1904-1974)
(14.01.1904,
Т а ш к е н т , - 1 8 . 0 4 . 1 9 7 4 , Н ү к і с ) –
кескіндемеші, КСРО халық суретшісі
(1963), КСРО Көркемсурет академиясының
толық мүшесі (1958). Ұлты-қазақ. 1929
жылы Пенза көркемсурет училещесін
бітірді. О.Таңсықбаевтың алғашқы
шығармашылық кезеңіндегі еңбектеріне
(«Көш», 1931, Мәскеудегі Шығыс
халықтары өнері мұражайы) композиция
құрылымының монументтілігі тән. 1940 жылдары О.Таңсықбаев
шығармаларының көркемдік шешімінен реалистік нақтылық басты
орын ала бастады. «Туған өлке», «Шарба құрылысында» атты
пейзаждың картиналарында Кеңестік Өзбекстанның әсем табиғаты
мен өлке тынысын шынайылықпен бейнеледі. Бірнеше еңбектері
қазақтың көркемсурет мұражайында сақтаулы.
Достарыңызбен бөлісу: |