«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
96
97
қарайды, оны әшкерелеу үшін Омбы
газеттеріне бірнеше рет
мақалалар жазады.
Бұрын алдынан шығар жан жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс болып, мейманасы асқан сұлтанға Жаяу Мұсаның газет
жүзінде жарияланған бұл сыны үлкен соққы болып тиеді. Сұлтан
Мұса осыдан былай Жаяу Мұсаның соңына түседі. Бірақ, жігерлі
жас оған ешбір жасымайды,
қолындағы қаламын қару етіп,
Шормановтардың озбырлық мінез – құлықтарын әшкерелейтін
өткір тілді өлеңдер мен әсерлі әндер жаза бастайды.
Шорманов тұқымы соңынан қалмай, 1862 жылы 27 жасында
Жаяу Мұсаы жала жауып, абақтыға қаматтырады. Сөйтіп Мұса
12 жылға сотталып, Тобылға жер аударылады.
Жаяу Мұса Омбы түрмесіне Тобылға жөнелтілді деген хабарды
естген жұрт оны көріп қалғысы келіп, көше бойы жолын тосады.
Халықтың сүйікті әншісінің басына түскен
бұл ауыр қайғыны
көреген көпшіліктің қабырғасы қайысып, қатты қынжылады. Осы
кезде аға сұлтан Мұса жинаған жұртты қақ жара, Жаяу Мұсаға
жақынырақ келіп тұрады да:
Еу, қу кедей! Қолыңнан келмесі бар, несіне құр арам тер
болдың? «Әлін білмес әлек» деген міне осы. Мен сияқты сұлтанға
соқтығу сен сияқты сорлыға оңай сауда еместігі енді есіңде болсын.
Ал, жылы орныңа бар да жат. Мұнан бұлай жолама менің жаныма,
– деп тұтқын жанды тым қатты табалайды.
Жаяу Мұса Тобыл түрмесінде
ұзақ уақыт жатып, қатты
күйзеледі, сондықтан да жанындағы кейбір достарының кеңестері
бойынша келсімді күндерінің қалғанын кең далада жүріп өтеуді
ұнатады да, өз еркімен солдаттық қызметіне баруды сұрап, жоғарғы
орындарға арыз береді. Соның нәтижесінде ол 1869 жылы, 34
жасында Петербургке шақыртылып, солдаттық қызметіне алынады.
Сол кезде литвалықтардың патшаға қарсы көтерілісін басу үшін
жіберігелі жатқан Черняев отрядына қосылады.
Литвалықтардың көтерілісін басқаннан кейін ол отряд Орта
Азия елдерін аралап, Әулиеатаға келеді, мұнда да көтерілісшілерге
қатты соққы беріп, жаны түршіккен
Жаяу Мұса онан әрі бұл
отрядпен бірге болғысы келмей, бір түнде қашып шығады. Арада
айлап жүріп, жүдеп – жадап, туған жеріне келеді.
Жаяу Мұсаның елге келгендігін естіген Шормановтар оны тағы
да қуғынға ұшыратпақ болады қашқын деп елге лақап таратады.
Ұзақ уақыт тұтқында, еріксіз солдаттық қызметінде жүріп,
жаңа ғана келген Жаяу Мұса сағынған ел – жұртының ішінде еркіме
бой жазып жүре алмай, тағы да қашып – пысып, қатал жаудың
қолына түспеу қамын қарастырады.
Бірақ арамза жау тіміскілеп қоймаған соң,
алыстау жерге
барып, бой тасалау үшін Ақмола жаққа қарай жол тартады. Барған
сәтте Жолаба Қыпшақ дейтін елді аралап, әр жерде қонақтайды
да жүреді.
Жалғыз атты жолаушының мақсатсыз жай ғана да емес
екендігін аңғарған ауыл адамдары танысқылары келіп, жөн
сұрастырғанда өзінің қандай жайда жүргендігін
Жаяу Мұса да
жасырмай айтып береді. Оның басынан кешірген хал – жағдайына
толық түсіген жұрт «Бұтаға қорғалаған торғайдың да жаны қалды»,
енді еліне қайтпай –ақ біздің ортамызда бол, – деп мейірімділік
көрсетеді.
Осыдай ел құрметіне бөленген Жаяу Мұса ән салып, өлең
айтып, жүрген жерін ойын – сауыққа кенелдіреді. Бір күні сол
елдегі Құлбай дейтін байдың үйіне келіп қонады. Құлбайдың баласы
Сүйімбайдың Сапар дейтін қызымен танысып, соған үйленбек
болады. Бірақ, қызы жақсы болғанымен Құлбайдың сараңдығын
ұнатпай, оны келемеждеп «Құлбай бай» деген күлдіргі ән шығарады.
Бұл оны осы уақытқа дейін ескірмей ел аузында айтылып келеді.
Сапарға үйленіп, сол Құлбай аулында біраз тұрғаннан кейін
Жаяу Мұса еліне бір көңілсіз хабар естиді.
Жаяу Мұсаны қолға түсіре
алмаған Шормановтардың оған
деген қастығы бұрынғыда да күшейе түседі. Ауылын ата қонысынан
қыс ішінде көшіріп жіберіп, барлық жер – суын Жаяу Мұсамен
ағайындас Поштаев Хұсайын дегенге алып береді.
Міне, осы хабарды естісімен хан – сұлтандардың мұндай
айуандық әрекеттеріне қатты ызаланған Жаяу Мұса жоғарғы
ұлықтарға
арыз жазып, олардың жолсыздық жұмыстарын
әшкерелейді. Сөйтіп, біраз айтыс – тартыстан кейін істің ақыры
Жаяу Мұсаың пайдасына шешіледі де, бұрынғы ата қонысын айып
– анжысымен қоса өзіне қайтарып алады.
Бір күні Жаяу Мұсаның өз ауылында екенін анықтағаннан кейін
Павлодардан бір топ солдаттар жібертіп, ұйықтап жатқан жерінде
ұстатады, оның қол – аяғын байлап, оңаша үйге қамап тастайды
да өздері қой сойдырып, ойын – сауық жасап, қаннен – қаперсіз
отыра береді.
Осы кезде ауыл жігіттері Жаяу Мұсаның ақылымен әйелдерше
киініп келеді де, қамсыз отырған солдаттардың қаруларын тартып
алып, өздерін түп – түгел байлап салады.