«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
122
123
ауыр науқастан кейін тез қалыпқа келуіне көмектесетіні дәлелденген. 
Ғалымдар кларнет немесе никколо сыбызғысынан шыққан дыбыстар 
қан айналымын қалыпқа келтіретінін дәлелдеген. Музыка ас қорыту 
тізбегіне де жағымды әсер етеді. Музыканың адамға әсері оның 
қандай аспапта орындалуына байланысты. Мысалы, сыбызғы 
үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, 
скрипка мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін 
тынықтырады екен. Ал, қазақтың екі шекті музыкалық аспабы 
қоңыр домбыраның күмбірлеген үні, киелі қылқобыздың сырлы 
сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады? Ғалымдар, нейробиологтар, 
психологтар, терапевтер, физиктер Моцарт музыкасын зерттей келе 
оның тек сұлу музыка ғана емес, оның ми жұмысын арттыратын 
қабілеті бар екендігін зерттеді.Моцарт шығамаларының әуендері 
мидың шығармашылық жұмысқа жауап беретін бөлігінің жұмысын 
арттырады. Ол үшін адам Моцарт шығармаларын күнделікті 
тыңдауы қажет, ал жас өсіп келе жатқан бала күнделікті Моцарт 
шығармаларын тыңдаса, оның шығармашылық қабілеті жоғары 
деңгейде қалыптастып, ойлау қабілеті артады. Бұл жерде айта 
кететін жайт: Альберт Эйнштейн Моцарт шығармаларын тыңдауды 
жақсы көрген. Классикалық музыка ми жұмысын жақсартып, кейбір 
аурулардың өтуін тездетеді. Ғалымдар классик- композиторлар 
арасынан Моцарт, Вивальди, Бетховен, Дебюсси, Рахманиновты 
таңдауға кеңес береді. Әдетте ұйықтар алдында тыңдаған музыка 
ерекше әсерлі болады. Осылайша «Вивальди эффектісі» термині 
енгізілді.Ғалымдарға сенсек Вивальди музыкасы физикалық аурулар 
кезінде адамның сауығуын 2 есеге тездетеді. Қазірде ғалымдар осы 
бағытта зерттеулерін жалғастыруда. Кім біледі, мүмкін бірнеше 
жылдан кейін дәрінің орнына кезекті соната тыңдайтын болармыз?!
Итальяндық ғалымдар «Вивальди эффектісі» деп аталатын 
феноменді ашты. Ғалымдардың айтуынша, оның танымал «Жыл 
мезгілдері» концерттер топтамасын күнделікті тыңдау адам 
миының жұмысын әлдеқайда жақсартады. Ғалымдардың зерттеулері 
бойынша өткен 24 кісіге белгілі бір ретпен орналасқан сандарды 
есте сақтау ұсынылды. Осы кезде Антонио Вивальдидің музыкасын 
тыңдағандар сандарды еш қиындықсыз есте сақтап, айта алатыны 
көрінді.
Халық шипагелерінде сырқатты түріне қарай анықтаған соң 
оны емдеп жазуда музыка мен ән- күйдің де көмегін пайдалану 
тәсілдері де ертеден қалыптасқаны белгілі. Ата-бабаларымыз 
ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына 
қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Бұл әдісті 
одан ары дамыту жолдары да бүгінде көптеген елдер мен қазақ 
елінде де ғалым дәрігерлер мен шипагерлер тарабына қолданысқа 
еніп, оң нәтижесін беруде. Кез- келген адамның көңіл- күйін бір 
қалыпты ұстауына дыбыстық үн әсері зор болып қалмастан, оның 
психологиялық жақтан жүйке-жұлындардың бір қалыпқа келуіне, 
тербелістік үндік толқындардың тигізер емдік шипасы да осы 
заманғы медицинада да пайдалануда. Адамның психологиясы мен 
биоқуатының бір қалыптылығы барлық уақытта бір деңгейде бола 
бермейді. Қаншалықты өнерден хабарсыз, оны онша ынталы түрде 
жаны сүйіп тыңдай қоймайтын адамның өзіне де ең алдымен ұлттық 
музыка, күй, ән бір әсер ететіні анық байқалуда.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Медицина негіздері» Ибн Сина 33бет, 4-том
2 ҚҰЭ, 6 том, 57-60бет, Алматы 2004 
3 Шипагерлік баян Ө.Тілеуқабылұлы 29-32бет, Алматы 2017ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет