Xx ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет



бет1/24
Дата18.10.2022
өлшемі135,11 Kb.
#153740
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Алматы 2021 ж. О у- дістемелік кешенін зірлеген . бдиман лы, п




  1. XX ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет.

Қазақстанның Россия отаршылдығындағы хал-ахуалы. Басты үш мәселе - жер, оқу-ағарту, саяси күрес. Ағарту, мектеп, кітап басу, баспасөз ісінің дамуы, "Айкап", "Қазақ" басылымдарының тарихи аренаға шығуы. Осынау өркендеу істеріндегі қазақ зиялыларының алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын орындау барысына назар аудару.


Қазақ зиялыларының саяси топтары, олардың өзіндік көзқарастарының әдеби бағыт-ағымға әсері. Қазақстанның Россия отаршылдығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайы. Россиядағы түрлі демократиялық, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, олардың қазақ даласында көрініс табуы. Европадағы, Россиядағы ілгершіл ой-идеялардың Қазақ Зиялылары арасында өріс алуы. XIX ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың (Ш.Уәлиханов, Абай, Ы.Алтынсарин) XX ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.
Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы. Қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар.
Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі оған қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары. Қазақ зиялыларының қазан төңкерісіне дейінгі идеялық-саяси көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен маңыздылығы.
XX ғ.б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. XIX ғасырда ашыла бастаған мектептер санының XX ғ.б. арта түсуі. Орыс-қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Бұрынғы "қадымша" оқудан "жадидше" оқуға бетбұрыстың белең алуы. "Жадид" әдісінің жетістіктері.Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А.Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс "төте оқу" жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері, қазақ алфавитінің өзіндік жүйесін жасауы.
XX ғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Кітаптар, баспалар, шығарушылар мен авторларға мінездемелер. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартысы. Тіл шұбарлануына қарсы күресі.
Әдебиеттегі түрлі бағыттардың пайда болуы. Олрдағы ой-арна бірлігі мен ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет