Xx ғасырдың басындағы әдебиет Орындаған: Омарбекова Аружан Өміржанова Жанбота Мәнібек Алтынай



бет2/3
Дата09.03.2023
өлшемі3,14 Mb.
#171639
1   2   3
Байланысты:
20 ғасыр әдебиеті

Әдеби ізденістер көрінісі


Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі ізденістер көрнісі. Қазақ әдебиетінің дамуының екі айрық жолға түсуі. Жалпы поэзиядағы саяси лириканың басым болып келуі. Тарихи поэмалар. Олардың түрлері, көркемдік – идеялық ерекшеліктері. Көркем прозаның әдебиетіміздің бір үлкен саласы ретінде қалыптасып, бұрынғыдан да саралана түсуі. Драматургия жанрының қалыптасып, дамуы. Драманың жанрлық тұрғыдан баюы. Трагедия, комедия үлгілері. Қазақстандағы саяси – идеологиялық күрестердің әдебиетке шешуші ықпал жасауы. 1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), 1928 жылдан «Жаңа әдебиет» (кейінгі «Әдебиетмайданы», «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз») журналдарының шыға бастауы. Оларда әдебиеттің даму жолдары, тарихы, теориясы мен сыны жайлы мақалалар жариялануы.

1900-1940 жылдар аралығында әдеби – көркемшығармалар мен көрнекті ақын – жазушылардың шығармашылығын жан – жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрдің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындауға, бұрынғы – кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады.

1900-1940 жылдар аралығында әдеби – көркемшығармалар мен көрнекті ақын – жазушылардың шығармашылығын жан – жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрдің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындауға, бұрынғы – кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады.


1900-1940 жылдар әдебиетін шартты түрде іштей екі кезеңге бөлуге болады: 1900-1920 жылдар Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920-1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі.

Қазақ ақын – жазушыларының Орынбор, Ташкент сияқты орталық қалаларға топтасуы. Олардың арасындағы саяси — әлеуметтік көзқарастарының қайшылықтары. «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан» т.б. басылымдардағы әдеби ой – пікірлер көрінісі. Ұлт азаттығын жырлау жолының күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің қиындығы. С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж . Аймауытов, М. Жұмабаев шығармашылығындағы дәуір шындығын шыншылдықпен суреттеудегі ізденістер. Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде ана тілінде мектеп ашу, газет – журналдар шығару, ұлт әдебиетін өркендету мәселелеріне көңіл бөлінуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет