327
бір бірімен пікір алмасып бір шешімге келеді әрі оқушылардың сөйлеу мен
тыңдау мәнерінің дамуына септігін тигізеді.
Миға шабуыл (brainstorming) – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып
бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз
ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті.
Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде
орындалуы шарт. Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған
болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның
шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді. Бұл әдістің
негізгі міндеттері: мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау; ғылыми немесе
оқуға қатысты мәселелерді шешу; студенттердің шығармашылық ойлауын
дамыту; ынтымақтастықты дамыту [4, 60 б.].
Джигсо әдісі – мәтін оқуға арналған интерактивті технология. Оқытушы
оқушыларды топтарға бөледі, оларға ұзақ біртұтас мәтінді бірнеше кішігірім
бөліктерге бөліп таратады, білімгерлер тек өзінің бөлімдерін оқып
топтағыларға түсіндіреді, осылайша бұл мәтін талқыланып, мазмұндалады.
Тәлімгерлер сөйлеу мен оқу мәнерін дамытады.
Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе
эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын ала бөлінген рөлдер арқылы
қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Рөлдік ойындар шағын топтарда
жүргізіледі (3-5 қатысушы). Қатысушы тапсырма алады, рөлдерді бөледі,
жағдайды ойнайды және барлық топқа көрсетеді. Оқытушы балалар мінез
құлықтарын ескере отырып рөлдерді өздері бөледі [4, 63 б.]. Шет тілі
оқытушысының алдына қойған мақсаты, білімгерлерді шет тілінде сөйлету
болғандықтан, оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі шет тіліне
үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, ең тиімдісін өз сабағында қолдану.
Оқушылардың
сөйлеу
әрекетін
жақсартуға
негізделген
тиімді
технологиялардың бірі – рөлдік ойын.
Қорыта айтқанда интерактивті технологиялар оқушылардың бойында жаңа
қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тілді оқыту
барысында студенттердің әртүрлі проблемаларды талдау және оларды шеше
білу қабілетін дамытуға, ақпаратпен жұмыс жасауды үйретуге де үлкен
мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытта шет тілдерін оқытудың бір ерекшілігі –
оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге
енгізуге ұмтылуы. Интерактивті технологиялар – бұл білімнің басымды
мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда
әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына
жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: