354
мақсаттарына сай үй тапсырмаларының мазмұны мен көлемі әлі толық
зерттелді деп айтуға болмайды.
4. Сабақтың логикалық структурасын белгілеу.
Сабақтың логикалық структурасының үш деңгейі болады. Атап айтқанда:
а) Оқу қызметінің жобасы;
ә) Дамудың әдістемелік бағдарламасының жобасы;
б)Оқу мазмұнын түсіндіру тетігінің жобасы.
5. Түзету - ескертпе жасау.
Үй тапсырмасы үнемі түзету - ескертпелер арқылы жүзеге асырылады.
Түзету ескертпелер негізінен алдын-ала қателікке ұрынбау үшін қажет. Қатемен
жұмыс, оқу элементтеріне сәйкес деңгейлік тапсырманы түгел орындату
арқылы бұл бөлімнің жұмысы ашыла түспек. Тестік не рейтингтік жүйе арқылы
оқушы шала орындаған деңгейлік тапсырманы қайта орындау, тіпті
орындалмаған деңгейлік тапсырманы қайта тапсыруды іске асыратын болады.
Оқу процесін тиімді ұйымдастыру оқу элементтеріндегі дидактикалық
мақсаттардың қайталанып келмеуі, ұғымдарды түсіндіруде логикалық бір
ізділіктің сақталуы, уақыттың жеткілікті болуы, оқушының оқу мазмұнын
толық, бүтіндей игеруін жете көңіл бөлініп үнемі мұғалім жадында болуына
байланысты. Деңгейлік тапсырманын орындалу көрсеткіші оның дидактикалық
тұрғыдан дұрыс жасалуына да байланысты болатыны түсінікті жағдай.
Сондықтан да деңгейлік тапсырмалар үнемі түзету, толықтыру, қайта жасауға
бейім болғаны жөн.
Жалпы оқу процесін бүтіндей модульдік оқытуға бейімдеу ісі оқу пәнінің
бүтіндей курсын тақырыптың немесе тарау, бөлім бойынша модульдеуге,
сабақтың
ақпараттық-структуралық
компоненттерін
жасауға
тікелей
байланысты.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін
өмірінде пайдалана білуі керек. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-
білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу
және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: