168
сабақтас түрінде алдыңғыларына қарағанда ерекшелігі негізгі қызмет
басыңқыда болады. Олай дейтін себебімізді мына зерттеу еңбегінен
байқауымызға болады: «бағыңқы компонентте қызмет белгілі бір жайт сөз
болады да, соның мән-мағынасы, түсінігі басыңқыда айқындалатын болады.
Осыдан келіп сабақтастың бұл түрі өзгелерінен осылайша ерекшелене алады.
Осы жағын ескеріп, мұны «түсіндірмелі бағыныңқылы сабақтас» демей
«түсіндірмелі сабақтас» деп атап отырмыз» [2, 99-б]. Жасалу құрылысынан
мынадай өзгешеліктерді байқаймыз. Олар:
бұл, ол
сілтеу есімдігімен, сөйлем
құрылысы
не десе
(бағыныңқы),
дер ем
(басыңқы) түрінде жасалады. Мысалы:
Сенің малың кетсе, ол – азаматтың құны
(Мұхтар Әуезов).
Салыстырмалы
сабақтас сөйлемда бағыныңқысы мен басыңқысы мағыналық жақтарынан
қарым-қатынастарын бір-бірімен салыстыра айтылады. Бірақ салыстырулары
қатар жүрумен бірге, оқиғалары да үйлесіп тұру қажет. Салыстырмалы
сабақтастардың жасалуына келер болсақ: бағыныңқы компоненті
қандай
сұрау
есімдігімен, басыңқысы соған лайық
сондай
сын үстеуімен; бағыныңқыда
қалай
есімдігі, басыңқыда
солай
есімдігі; бағыныңқыда
қанша
сұрау есімдігі,
басыңқыда
сонша
мөлшер үстеуі; басыңқыда
одан да
тәріздес күшейткіш
үстеуінің қолданылуы көрініс табады.
Сабақтастардың Есенов бойынша бөлген соңғы түрі, тіл біліміне енгізген
жаңалығы десек те болады, ол - үлестес сабақтас сөйлем. Мұнда бағыныңқы
басыңқыға тәуелді болмай, ондағы қимыл-әрекеттер өз бетімен орындалады.
Жасалу жолдарында белгісіздік есімдкітері кездесседі. Мысалы:
Бірі
күйгенін
көрсе,
өзгелері
соны арашаламақ боп, ысылдап отқа атылады
(Сәбит Мұқанов),
немесе бастауыштары кейде изафеттік құрылыста болады. Мысалы:
Біреудің
аузы
ашылса,
біреудің
көзі
бақырайып қалыпты
(Ғабиден Мұстафин).
Қорыта
келе, біз саақтас құрмалас сөйлемдерді тілтанушы ғалым Қ.Есеновтың тоғызға
бөлгенін және олардың өздеріне тән категориялары мен мағыналары бар
екендігін байқадық. Әр қайсысына көркем әдеби шығармалардан мысалдар
келтіріп, мәнін ашуға тырыстық.
Достарыңызбен бөлісу: