Ядроның формасы алуан түрлі болады, бірақ ол әдетте клетканың формасына сәйкес келеді: паренхималық клет-каларда ядро коп жағдайда шар тәрізді, ал прозенхималық клеткаларда линза тәрізді немесе ұршық
Ядроның формасы алуан түрлі болады, бірақ ол әдетте клетканың формасына сәйкес келеді: паренхималық клет-каларда ядро коп жағдайда шар тәрізді, ал прозенхималық клеткаларда линза тәрізді немесе ұршық тәрізді больш келеді.
Жабық тұқымды осімдіктердің вегетативтік органдарының клеткаларының ядросының диаметрі әдетте 10—25 мкм.-ге тең. Зең саңырауқұлақтарының ядросының диаметрі 1— 2 мкм.-ден аспайды, ал хара балдырларында ол 2,5 мкм.-ге дейін жетеді. Онтогенез процесінің барысыңда ядроның формасы, молшері және клеткада орналасқан жері озгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, жас клеткаларда ядроның келемі мен протопластың жалпы арасалмағы 1:4-тен 1:5-ке дейін, ал толық жетілген және қартайған клеткаларда 1:20-дан 1:200 дейін барады. Мұндай арасалмақтың бұзылуы не клетканың болінуіне, не оның олуіне әкеліп соғады.