«Ядролық қарусыз әлем» атты іс-шара жұмысы



Дата26.08.2017
өлшемі57,63 Kb.
#28387
«Ядролық қарусыз әлем» атты іс-шара жұмысы

Ермембетов Ж.М., Омаров О.С.
«Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген оқиға ешуақытта қайталанбауы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі уақытта ядросыз әлем болу – арман болып қалмай іс жүзінде бірте-бірте қадам басып келе жатырмыз.

Осы жылы Елбасымыздың халыққа жолдауында: «Біз ядролық қауіпсіздік, Ядросыз әлемнің жалпыға бірдей декларациясын қабылдау жөніндегі бастамаларды ілгерілеттік.



Үстіміздегі жылдың наурыз айында Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық саммитте олар нақтыланатын және толықтырылатын болады».

Иә, жолдауда айтылған бұл Елбасымыздың егемендігімізді алғаннан бері ядромен қаруланған мемлекеттерге «Ядросыз әлем» құру жөнінде білім беріп, міне қазіргі таңда нәтижелі жетістіктерге жетуде.

Біз бұл жетістіктерге қалай келдік? Армандай болған асуларға қалай жеттік? Бұралаңы мол күрделі кезеңдер мен белестерден қалай өттік? «Тарихты білмей, алға жүре алмайсың», дейді даналар. Сондықтан, бір мезгіл өткенге көз жіберіп, тарихи белестерді еске ала отырып, болашаққа байыппен ұмтылған жөн.

Қазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына биыл 63 жыл толады. 1991 жылғы тамыздың 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіпті болып отыр. Тек сол қауіптің келбеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалып отыр. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, теледидар мен газеттерде әңгіме бола бастады.

Оқтын-оқтын ел ішіндегі әртүрлі саяси топтар да бұқара арасында мемлекет басшысын сынағысы келгенде «ядролық қарудан бекер бас тартты» деп қалатындары да бар. Мұндай күмәнға да Президент өзі өте дәлелді, тиянақты себебін айтып, жауап берген екен: «… Ядролық қару ұстау үшін орасан зор қаражат пен жоғарғы дәрежелі мамандар керек. Бізде оның екеуі де жоқ. Оны былай қойғанда, ядролық қаруға ие болу деген сөз, қай кезде қопарылып кетері белгісіз қатер ошағының үстінде отыру және басқа біреудің дәл саған қарай нысаналап қойған ядролық жебесінің сұғында отыру деген сөз. Сондықтан да кейбір адамдар өз жеріміздегі ядролық қаруды ешкімге бермейміз деп даурыға бастағанда, мен қарадай күйзеліп біттім. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмейді, қарадай қыршынынан қиылып, қарадай мүгедектікке ұшырап жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді. Ашық ауыздарды алдап, арзан бедел жинауға құнығып алған ондайлар, біздің әлгіндей шешімімізге әлі күнге дау айтады.

Қазақ жері бір кездегі қасіретінен енді арылып келеді… …Сынақ алаңында 459 ядролық жарылыс болды. Оның 113 әуеде жарылды. Олар енді ешқашан қайталанбақшы емес…».

Бұл туралы ойын Семейдегі бұрынғы ядролық полигонның ортасында тұрып БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былайша жеткізген еді: “Мен қазір ядролық сынақ алаңының нөлдік нүктесінде, дәл сынақ жасалған жерден небәрі екі шақырым жерде тұрмын. Мұнда 459 атом бомбасы сыналды. Сондықтан да мен осынау нөлдік нүктені өз көзіммен көріп, бір кезде барша ядролық сынақтардың бастауы болған жердің өзінде тұрып күллі адамзат баласына «біздің жер бетінде ядролық қарусыз әлем құратын кезіміз келді» деп жар салғым келді… Жер, өзендер мен көлдер түгел уланған, ұрпақтар қатерлі ісік ауруларынан және туа біткен дерттерден әлі күнге дейін зардап шегуде. Қазақстан Президентінің осынау сынақ алаңын жауып қана қоймай, тұтас өңірде ядролық қарудан ада аймақ құрғанына зор қолдауымды білдіремін. Оның бұл қадамы біздің ядролық қарусыз әлемді құру ісіміздің ең берік іргетасы іспетті. Барлық елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, оның жолымен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ының Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын”.

Ал 1945 жылдың қырқүйек айында Хиросима қаласын көрген соң, Қызыл Крест халықаралық комитетiнің дәрігері Марсель Жино былай деп жазыпты: «…Біз мұндай сұмдықты ешқашан көрген емеспіз. Қаланың орталығы жермен жексен етіліпті. Ештеңе қалмаған. Барлық тіршілік иелері әп-сәтте өртеніп кеткен». Бұл сөздер бүгінгі күнгі келте, шолақ ойлайтындар үшін үлкен сабақ болу керек. Халықаралық апатты естен шығармай, ешқашан да біреулердің басына мұндай зобалаң тумас үшін оны жоюдың жолдарын бәріміз біріге отырып іздеуіміз қажет.

Мұндай іздеу жолының ауадай керек екендігін соңғы 21 жыл бойы елі­міздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы айтып келеді.

Бұл «Ядролық қарусыз әлем» атты ауқымды шара біздің Елбасымыздың бастамасы еді. 2011 жылы 12 қазанда «Ядролық қарусыз әлем» жөніндегі декларациясында: «...Біз азаматтық қоғамды ұйымдар мен индивидумдерді қарусыздану саласында білім беруге және оның идеяларын ілгерілетуге қатысуға шақырамыз»-деп айтылған болатын. Яғни, көрші мемлекеттерімізге әліде болса да толықтай білім беруіміз керек. Сонда ғана көздеген мақсатқа жете аламыз.

Ал біздің қазақстан азаматтарынада, әсіресе мектеп қабырғасында білім алып жүрген жасөспірімдерімізге «Ядролық қарусыз әлем» атты іс-шараны өткізу артық етпес. Нақтырақ айтқанда Елбасымыздың бастамасын қолдай тұра, жастарға білім беріп, одан шығатын нәтижесі тарихи белестерде болған ұмытылмас Семей полигонының ядролық сынағы мен одан зақымданған адамдарға жанашырлығы және ядролық қарудан туатын жарылыстан үрей немесе қорқыныштың болуы. Бұдан әрі ядролық қаруға жол жоқ және ядролық қарусыз әлем құру керек екенін санасына түрткі беріп жеткізу.

«Ядролық қарусыз әлем» атты іс-шараның мысалға келесі төмендегідей көрсетілгендей апталық ұйымдастырылуы қажет:


  • Шығарма байқауы. «Үздік шығарма» номинациясымен 9-11 сыныптарының оқушылары аралығында;

  • Сурет байқауы. «Үздік сурет» номинациясымен 7-8 сыныптарының оқушылары аралығында;

  • Пікір талас сайысы.

  • Сынып немесе тәрбие сағаты. Бұнда қысқаша баяндама және видеороликтермен немесе слайдтармен дайындап көрсетіп өткізу.

  • Кітапхана көрмесі. Егер кітапханада осы тақырыпқа сай кітаптар мен мақалалар т.б. болса, 8-11 сыныптармен өткізуге болады.

  • Концерттік бағдарламалар;

  • АӘД және дене шынықтырудан жарысын өткізуге де болады.

Білім басқармасының және мектеп басшылардың жоғары аталып кеткен іс-шараларды қолдап, жыл сайын өтілетін шаралар қатарына енгізіп, бір мезгілге тағайындап өткізілетін болса. Онда мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер сабақтан тыс білім алып қана қоймай, сонымен қатар оны жетілдіре, арттыра отырып, келешекте тарихта қалатын Тұңғыш президентіміздің бастамасын қолдап жүріп, ғасырлар бойы ядролық қарусыз әлем болып қалуына үлестерін қосатынына кәміл сеніммен айта аламын.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2012

2. Ғасырлар тоғысында. Н.Назарбаев. 1996, 73-74 беттер

3. Қауіпсіз жол ауадай қажет. Сәулебек Көкшеұлы. Егеменді Қазақстан 18.10.2011



4. Семсерден соқа соққан саясаткер. Қ.Әбілғазиева. Егеменді Қазақстан 18.04.2010

5. Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация. Астана – 12.10.2011

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет