Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011



бет39/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Заманның ашық-ашық биғаттары.
«Мұхаммед саған биғат қылғандар (қол бергендер) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдірет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.» (48-10) Арап танушы діншілер тілімен биғат жасау, биғат беру пәтуа жасап насихат беру деп түсіндіріледі. Ал негізінен биғат беру аманатқа қиянат жасамауға, Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметі қатарында сапқа тұруға, момындықты меңгеруге ата-бабаларымыздан бері жалғасты келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің үмметтік құндылықтарымызды сақтауға берілген антымыз-сертіміз оның кепілдігі; «Лә илләһа илла Алла Мұхаммадур Расулла» деген кәлима куәлігіміз болып саналады да, және мұсылмандық шартардың негізі «Аллаға, пайғамбарына, елшілеріне және кітаптаранына иман келтіру» деп аталды. Олай болса, Аллаға қол беру дегеніміз, Мұхаммед пайғамбарымызға табынып, көрсеткен амалдары мен өсиетерін бұлжытпай амалға айналдырумен,сыйынумен де ерекшеленеді. Жалпы ислам әлеміне ортақ бұл аманаттың жұлдызын, намаздық аяттарын пайғамбарымыз миғраждан Алла тағаланың алдынан алып келген 286-16; 285-15; және бес уақыт намазбен негізінен сауап тұрғысынан, яғни намаз орындаудың да 50-намаздың нұсқауы еді. Бұл аманаттардың негізгі кітабы 48-сүре «Фатх» болып, 29-дәптер-аяттан тұрады. Енді; «неге бұл сүре болу керек?» деген сұраудың туындауы да сөзсіз. Сондықтан сандар тиелеогиясына жүгінсек, бұл сүре 29-аятпен яғни белгілі бір межені де көрсетіп және аятта; «...Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті.» (48-29) ; (77)деген үкімен осы сүремен иманның зейнетелуіне Раббымыз уәде берген. Ал, бұл сүренің нәтижесі болған 77-саны адам баласының барлық буындар саны мен, құлшылықтық істерінің де толық санын береді. Сонымен бұл сүренің құпиясы да, осы 77-санымен жасырылып, 50+17 сандарының қосындысы екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан да пайғамбарымызға миғраждан берілген 50-сауаптық намазға қоса, тағы өзі оған дейін меңгерген 17-санды құлшылық істермен, негізінен 29-кітаптық белгімен, құранда жасырылып қойғаны даусыз. Ал жоғарыдағы (48-10) аяттың үкіммімен пайғамбарымызға иман келтірудің, амалдардың, серттердің, аманаттардың барлық нұсқауы, Құран бойынша 10-сандық көлденең аяттармен, барлық жиынтығы; 96-аятпен бекіп және бұл насихатты «Хатте» (диван) тік бұрыш ұғымымен кездестірсек, онда 10-санының негізгі түсінігі, насихаты «Жүніс»-сүресі 109-аятпен, көлденеңінен 96- санды аятпен, барлық қимасы; 96+109= 214-аятпен сабырлық, құлшылық амалдары болып құранда насихаты баяндалады. 10-санының ғылым-білімдік мәні; «көңіл көзінің ашықтығы мен рухани егіннің жеміс беруін, адам баласының ақылының жетілгендігінің белгісі» болып табылады. Енді Абай атамыздың да өлеңдер жинағының сандық мәні де осындай есептік жүйемен белгіленіп, баяндалғаны да хақ. Бұл санмен ойдың нәтижесі деген ұғымен; «..Ойынға ойсыз надан бәрі құмар, Дүние істеп өз жұмысын жатқан шығар. Елемесең, елетер, бір танытар, Қайда айдаса, барсың, кім тартынар?» (214-өлең) деген насихатпен 10-сүреніңде жалпы үгітін білуге болады. Сонымен «биғат», пәтуа мен уәде туралы тақырыпты қозғаудың да себешісі болған, бірде жұма намазында мешіт имамының муфтият тарапынан беріліп тұратын, апталық нұсқауында дін имамадарының сауаттылығы туралы насихаттауға пәтуа беріліп, және оған да себепші болған, елімізде масһаб тұралы теріс «биғат» берушілердің пайда болып, және «олардың бір кісісі арамызда да отыр» деп, мына мен туралы ескертті де, масһаб ғалымдарының жетістігін, оны меңгерген имамдардың діни сауатарының жетістігін, дін хазіретіміздің даналығын дәріптеген, ал оған күмән келтіргендердің, яғни мына мен сияқтылардың дін имандарының әлсіз екендігіне дәлелдер берді. Сондықтан да; «Егер білмесеңдер білімділерден сұраңдар» деп Нахыл сүресі 43-ші аятпен жаратушымыздың ескерткенін, және осы аяттың үкімінен сай, «Нұр мүбәрәк» дін универиситтетін бітірмей, арап тілін меңгеріп, құранды арапша жүргізіп оқи білмей және бұрынғы замандарда масхаб білімін меңгерген, дін ғалымдарының берген пәтуаларын, тәпсірлерін де меңгермей, дін білімінің жетілмейтінін және құранды қазақша аудармадан өзі оқып пәтуа бергендердің, биғатшыл дін бұзарлықтарын, дін имамымыз жамағатқа қатаң ескертті. Әрине, жастардың бұндай мемлекет және білімділер, ғалымдар тарапынан қолдауымен, діншілердің берген пәтуаларына күдіксіз сеніп, артын да ойламай бар айтылған насихаттарды жатап алып, солай әрекет жасауы даусыз және жастарға тән жаңашылдық, еліктегіштік қасиет те. Сонымен, жоғары білімді имамдарымыздың берген биғаттарының, пәтуасының жүз қатесін біліп отырсаң да, мұндай арнаулы біліміңіз және ұлықсат қағазыңыз болмағандақтан да, қарсы уәж айтуға дәрменіңіз де жоқ, және қарсы пікір білдірген жағдайда жастар өре түре келетін, бұндай әрекеттерге өз басым бір емес, 4-рет ұшырағандықтан амалсыз, «күресерге дәрмен жоқ, іш қазандай қайнап», жұмадан тағы бір кезекті ауыр ойды жүктелуге тура келді. Оған себеп, бір жұманың өзінде, құран аяттарын жамылып, өз мақсаттарына, мүделеріне қарай бұрып, және өздерінің үстемдіктерін, жалған пәтулармен, өтірік тәпсірлермен дәлелдеуге, қазақтың тіл, филология, философия,теология ғылымдығының мұндай жағдайға түскеніне, бейшара бейтараптығына ғана қалай күймесің. Ал шындығына, хақиқатына жүгінер болсақ, мысалға; Нахыл сүресіндегі 43-аяттың; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» деген ұғымды кесіп тастап бір аятты екіге бөліп; «...Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) деген, елшілерге, әулиелерге берілген үкімді өздеріне залымдықпен бұрып алғанын, ақылы толмаған жастар қалай біледі? Ал негізінен бұл аят толық күйінде; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп, жібердік.Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) (59) деген ескертумен кітап иелері болып, ақиретте Алланың жанындағы сүйікті құлдары, елшілері болған, пайғамбалармен, әулие-әмбилер, жаннатықтан екенін, 59-құпия белгімен ескертіп тұрғаны және 16-сүренің «Нахыл» -«н»+«ақыл» аталып, адам баласының даналықты, сабырлық қуаттарды меңгеру жолында, малдық қуаттарын тазартып рухани сүнетелумен, ішкі қуаттық шамасын белгілеп тұрғаны да хақ. Және бұл сүре Алланың әмірі мен оны орындаушы, оқушы періштелері мен тақуалықты меңгеруге арналған насихат сүре болып есептелетінен де білген жөн. Сондықтан бұл сүренің бір аятын ғана өздеріне теңеу, өзін құдайдың періштесі, әмірлерін жеткізуші етіп көрсетумен тең болмақ. Осыдан-ақ, данагөй аталарымыздың; «Имансыздық- намазда, Қызылбастан салған жол.» деп, қазіргі таңдағы Ханафилік сәжде орындау бағытын, тура жол, қиямет қайымға дейін жол көрсетуші «Құдай» яғни шариғат ісін, замнына қарай адамзатқа оқылытын ілімдік сөзге, жолға айналдырып алатынымызды ескертіп, өмірден неге қайғырып өткенін білуге болады. Және жол дегеніміз ғылым, ал ғылым дегеніміз Алла тағаланың «Өзі» екенін, қазақ дін ғалымдарының неге білмейтінін, ал Раббымыздың білімінің; «Мұхаммед Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады?» (40-69) (109) аяттың шынға айналған хақтығына қалай таң қалмасың? Және осы санды тағлымдармен, аяттар үкіммен және де оларға жуықта, қиямет мезгілінде, ерекше хикметтермен түсіндіретіне Раббымыз уәде де берген. Муфтият жоспарына сай, дәл сол күні Алматы теле арнасының «Бес парыз» бағдарламасынан осындай мешіттердегі насхатың да рухани көрністің қайталануы болып, имамдардың өздеріне-өздері сауатылығына баға берумен аяқталды. Көрермендердің; «Пайғамбарымыздың намазы қандай болды?» деген сауалдарына мардымды жауап та берілмеді. Бұл жағдайдың екінші беті, осы басылымды таратқан, оқыған бауырластар ішінен көңілі ашық, еліміздің рухани байлығына, халқымыздың болашағына бей-жәй қарамайтын, көкжиекті көре білетін азаматтардың да қолына да тиіп, солардың бұндай жағдайға түрткі бола алғандығының белгісі деп ұқтым. Және қандай да бір қозғалыс негізі қандай қуатты болғанымен, оған себептік қозғалыстың құдіреттілігімен ғана нәтижесі, сапасы айқын болады. Құдайлық қозғалыстар негізі құдірет, хикметті білім болып, бірақ оған жету үшін де лайықты амалын жасап, өздігінен жатқан тастың астына су бармайтынын ескерген жөн. Сондықтан ел тарихына, рухани қазынамызға бейтарап қарамайтын, мүдделес дін қандастарыма осы тақырыпты арнау арқылы, рахметімді, алғысымды да жеткізе кетуді және сертім яғни «биғатымды», пайғамбарымызға иман келтірген уәдемді амалмен көрсетіп, қолымның (аруақтың) солармен бірге екенін білдіруді шештім. Әрбір осындай ақыл бірлігі арқылы рухани қосылған қолдардың үстінде, Алланың да құдірет қолы, пайғамбарымыздың аруағы болып тұратынын ескерте кетсем деймін. Енді жоғарыдағыдай шарасыздықтың себебіне де тоқтала кетсем; Бірде Нұр Мүббәрәк діни жоғары орынының ғалымдарының бірігіп шығарған; «От басы ғалымхалы» деген кітаппен насихат берілу барысында; «Әулиелерге құрбан шалуға болмайды, серік қосу» деген пікірді естігеннен кейін имам сөзін бөліп; «Аруаққа және қазақтың дәстүріне қарсы сөз, абай болыңыз, адаспаңыз!» деп ескертіп, ақырында халық алдында имаммен сөзге келіп; «Маған Қарасу мешітінде қарсы келгендер 14-жылға сотталып тынды, сіз осымен үш рет қарсы шықтыңыз» деп, мені де қудалап соттатуға масһаб имамдарының шамасы келетінін астарлы ескерті. Мұндай имамның қоқан лоқысынан емес, мешітке келген көпшілік жастардың; «Құран келгенен кейін басқа үш кітаптар өз мәнін жойған» деген сияқты надандық пәтуаларын (биғаттарын) естігеннен кейін, амал жоқ тілімді тістеп отырып қалуға тура келді. Абай атамыздың; «Заманқыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Бір-біріне қастыққа-Қойнында жүрер тастары...Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері...Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңы түсті мұртың..» дегені осы болар дедім. Негізінде имамымыздың менің 3 емес, 4-рет қарсы болып,, амал жоқ сөзін бөлгенімді ұмытып қалған екен; Біріншісі; құрандағы Дәуіт пайғамбарымызға келген сынақтың; «..Дуардан асып екі даушы келіп бірінде 99-қойы, екіншісінде 1-қойы болып дауын шешкен» деген аятты; Дәуіт пайғамбарымыздың 99-қатыны болып, енді бір сарбазының сұлу қатына көз салыпты..-дегендей Құлтегін атамызға жала жауып жатқасын; «Кешіресіз ол аят, адам тәніндегі 99-бұлшық еттің, 1-жүрекпен арасындағы дауы, жан сыры құпиясы туралы..» деп ескерттім. Екінші жағдай; « Неке қию туралы және оның араптардан ислам діні арқылы ғана дұрысталып және кеңестік дәуірде неке қию тәртібі сақталамай, енді қайта түзеліп келе жатқанын..» айтқанын естігенде; Ислам діні араптарға келмей тұрып-ақ, аталарымыз құда түсіп, құрбан шалып, батамен дұға жасап, неке қиғаннан артық және шариғатта да ата-анасының ризашылығын алудан артық тұрақты неке болмайтынын, пайғамбарымыз да солай өсиет еткенін ескертім. Үшінші жағдай; Інжілдіктердің мүлде адасқанын және інжіл кітабы да бұрмаланғанын, сол сияқты киім туралы жалаңбас намаз оқуға болатынын естігенде, тағы сөзді бөліп; «Сонда інжілде тән толық жабық болып, бас киімсіз мінәжат жасауға болмайтынын ескерткенін және біздердің шариғатымыз інжілдіктен төмен болғаны ма?»- деген сұраққа; «Жоқ, төмен емес бірақ біздің масһабымызда ондай тапсырма, пәтуа жоқ, болса есік алдына жазып қояр едік; «Бас киімсіз намаз оқуға болмайды.» дегендей жауап алдым. Имам Ағзам әулиенің жанында 20-жыл жүрген шәкіртінің естелігінде, ол кісінінің өмірі жалаңбас отырғанын және аяғын көсіліп созғанын көрмеген екен. Және әулие атамыз да тақуалықты жетілдіруге бұрын берілген пәтуаларын болашақта әрі қарай білімін жақсылыққа қарай жетілдіріп, түзетуде керек екенін ескертіпті. Сонымен төртінші : «Егер сіздің сондай біліміңіз болып, муфтият пәтуаларымен келіспесеңіз неге онда жазып, ғалымдарымызға сұрақ қоймасыз?» деген саулына амал жоқ: «Он жылдан бері жазып, өзіңізге де таныстырып, жақында тағы да бір жазбамды беріген едім ғой?»деген сауалыма: «Оны мына отырған жастар бәріміз оқыдық, бірақ түк түсінбедік, миымыз ашып кетті қайдағы бір сандардан»дегенен кейін; «Сендердің, имамдардың сауатсыздықтарыңа онда кім кінәлі?» деген жауапсыз сауалмен, және тағы да, абайла бізге қарсы шықандар сотталып жатыр, деген ескерту алуыммен аяқталды бұл сұхбат-зікіріміз. Көгілдір терезеден берген сұхбатта; «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деген сауалға да жаңылысқан, дұрыс айтылмаған, яғни аталарымыз қателескен мақал деген жауап берілді. Бұл мақалдың пайда болуының бір себебі; Әзірет Әлі сахабамыздың көрген аянындағы бір құбылысты пайғамбарымыз былай жорыған екен; « ...Сонан сен жүріп келе жатып бір бақшада ағашта сайрап отырған бұлбұлды көрдің, алдында ыдысымен боқ тұр екен, сол боқтан шұқып қойып құйқылжытып сайрап отырғанын таң қалдың ба?- деді пайғамбарымыз. Иә-деп жауап берді сахаба. Ол ақырзаман молдалары сөзі дұрыс болғанмен, несібесі арамнан болар,- деген екен пайғамбарымыз.» Бұл жағдайды бір түркістанан шыққан Әбілда деген әулиеге, парсы елінің бір қатын патшасы сауал қойыпты; -Алдында тағам бар болса да, оны өзі жемейді, аш отырады, сонда да ол әлгі тағамын басқаларға береді, бұл қандай адам? Әулие жауабы; -Бұл ақырзамандағы молдалар, олар халыққа дінді насихаттайды, бірақ өздері ешқандай амал қылмайды. Сұрақ; -Адам баласына неше жерден қорлық келеді? Жауап; -Төрт жерден қорлық болады: 1) шақырмаған жерге бару, 2) өтірік жала жабу, 3) дұшпаныңнан қажет нәрсеңді сұрау, 4) өліктен қалжа сұрау. Сұрақ; -Әр адамда қанша асыл болады? Әулие атамыздың жауабы; -Төрт асыл болады. Әуелгі асыл-иман, оның ұрысы-азғырушы шайтан болады. Екінші асыл-намаз. Оның ұрысы-күпірлік, яғни аяттарға теріс пәтуа жасау, ой жору, ортақ қосу. Үшінші асыл-ілім, оның ұрысы- тәкәпарлық, яғни өздерінен артық ілімді жоқ және тура жолдамыз деп өздеріне-өздері баға беру. Төртінші асыл-мейрімділік, оның ұрысы-бақылдық, мейрімсіздік, ата-ана аманатына, үмметтік салт дәстүріне қиянат жасау. Осындай аталарымыздың пәтуасынан, биғатарынан жоғарыдай мақал пайда болып және; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін.». «Бүлінген елден бүлдіргісін алма!» деп дін пәтуасын ортасын жол-жобасын алмай, діннің жібін ире білген елдерден, қызылбастардан келетін діни жолдан яғни заманға қарай келетін дін білімінен абай болыңдар деп біздерге аманаттапты. Ал енді Оңғар қажы Өмірбектің; Дат (09.11; 201, №38 2011.ж) басылымына берген аманат туралы сұхбатында; «Құранда қолынан да, ісінен де ешкімге залалы тимеген адам ғана мұсылман бола алады деп жазылған... Біз жетпіс жыл бойы мұсылмандықтан безген халықпыз. (Астапыралла! біздің әке-шешелеріміз, ұры, залым, зиянкес, 70-жыл кәпір болыпты.) Ал тәуелсіздік тұсында келген ислам жұрттың берекесін алды. (Тағы да астапыралла деңіз! Береке беретін ислам, берекетсіздікке әкелетін ислам болып бөлінеді екен.) Өйткені бізде діни сауат немесе негіз болмады. (Астапыралла! Аманат та, уәде де; жан, рух сияқты адамдық негіз мүлде болмаған.) кім айтса, соған ердік. Қазақтың өзінің ұлтық дәстүрі ислам қағидаттарына сай келеді.» Абай атамыз қазақтың әулиелерінің намаз оқу, дұға жасау дәстүрінің өзінің қызылбастар намазынан көп ерекшелігі бар екенін жазғанын, бірде-бір муфтият діншілерінен оқыған де айтқандарын естігенде емеспін. Сонда Оңғар қажымыз қай дәстүрді, қандай бесінші (мүмкін қызылбастан келген қажылық дәстүрді) мұсылмандық қарызды меңзеп отырғаны белгісіз. Діни және сөз сауатына өзіңіз баға беріңіз оқушым. Енді менің осы 10-жыл ішіндегі, талайының есігін қағып, осындай кісілерді пікір таласқа шақырып, зерттеңдер деген мақсатта жазылған, таратылған әлі жартысын да жазып, ең болмаса баспасөз, ақпарат қызметшілеріне жеткізуге мүмкіндік болмай жатқан басылымдар арқылы берген, әлі беріле беретін ақпараттардың бәрі менің ойымнан шығып жатқан жоқ. Қалай аруақтар тылсымнан аянмен аманаттап, батамен, түспенен уахи етілді, солай жеткізуге тырысып, бірақ әлі жартысын да орындай алмай жатқан жағдайым бар. Алдағы басылымдарда, аталарымыз меңгерген тура жол қағидасымен, масһаб ғылымының қате пәтуаларын дәлелдеу үшін ғана әлі жан сырынан хабардан екі кітап жазылу керек екен. Сонда маған 10-жыл бойы тылсымнан оқылған және пайғамбарымыз аманат еткен, намаздарының жартысын ғана түгелдей алады екенмін. Бұлар негізінен бұрын аталарымыз орындаған, меңгерген, уахимен көрген, аянмен білген ақпарттар. Көкпен екі аралықтағы жоқ нәрсе-кітап-кісі-нұр сөз болып оқылмайды да. Олай болса діншілер ойлағандай менен шыққан биғат, пәтуа, тұжырым, діни білім емес, жалпы қазақ халқының жаратқаннан алған аманаты, аталарымыздың жаратушыға берген серті деп қабылдаңыздар. Аятта; «Мұхаммед Алла Нұхқа нұсқау берген нәрселерді сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғисаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең мүшкіріктерге ауыр келді. Алла сен шақырған дінге кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолға салады.» (42-13) Діни жолымыз; Нұх, Ыбрайым, Мұса, Ғиса пайғамбарларымызға оқылған; 4-түрлі нұсқадан жіп болып иіріліп, 42-сүре арқылы бірленетінін және 13-санымен оқылатынын ескерте отыра, пайғамбар намазын 47-сүрені яғни 47-түрлі жер бетіндегі сүйген құлдары арқылы аруақ болып бейнеленген кітаптарға жалғанып, әрбір момын шамасына қарай 47-түрлі белгі алып, меңгергендер, пайғамбарымызбен кездескендер ғана тура жолға түскендер, құран насихатын түсіндіруге сайланғандар, пәтуа берушілер, кітап берілгендер болып есептеледі деген үкімді білдіреді. Осы аятпен-ақ енді исламдық шариғат білімі, масхабымыз дін істері болып, жол болмайтынын ашық түсіндірген. Ал, енді әрбір үметтік, ұлтық ерекшелік дәстүрлі діні, яғни аманатқа қиянат жасамаудың білімі туралы; «Қашан сертесеңдер, Аллаға береген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етеп, бекігенен кейін (араларыңнан әулие-әмилерге кітап берілгенен кейін) бұзбаңдар. Күдіксіз, Алла не істегендеріңді біледі. (91) Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, (уахи, аян, кітаптар) жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92) Бұл аятпен, қазақ елі ғана емес, ислам еліндегі қазіргі таңдағы діндердің топтарға бөлуінің себебін де, ғылымын да, сан арқылы көрсетіп, ақ-қарасын ажыратып беріп тұр. Қиямет күні өздеріңе түсірілген кітаптың құпиясы ашылады, деп ескертуімен, қазіргі қазақ еліндегі аруақтың батамен жетелеп, әулие-әмби даналарымыздың кітаптарының құпия насихаты ашылуымен де көрінеді. Және аяттың 92-санды мәні де пайғамбарымыздың намазын көрсетіп тұр. Енді 16-санды бұл сүренің діннің масһабтық білімін меңгеру; «Қожа насыр» яғни сөз құпиясын меңгерген сахабалық қасиет болып, ол 286-аятың; 16-санды «жұлдыздың» мәні, кітабы болып жазылуын білдіреді. Енді екінші жұлдыз мәні; «Әбу насыр» 285-аятың кітабы 15-санымен, маңдайдағы үш бұрышты сәзжденің ізін, жүректің толық зейнетелу құпиясын, адам жанының періштелік жоғары сипатына жеткенін көрсетеді. Бұл жан сырын Шәкәрім атамыз; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан Оған ем табылмапты тамам жұртан. Айтқаны қате кетпес бір балгерді Әкепті естіген соң даңқын сыртан.Ол айтты:-Бұл жараның емі бөлек, Табылса, алғызыңыз құнын төлеп. Майдайында қаз –қатар үш меңі бар Он бестегі баланың өзі керек...Ел жалынды ата-мен анасына, Көп мал ал деп баласының бағасына. Жүз мың ділдә алды да кедей сатты, Шыдадым деп баланың қазасына...Ардақтаған ата-анам малға сатты, Қазы бұзды ұялмай шариғатты. Хан мені өз жаны үшін құрбан қылды, Енді кімге айтайын мұң мен дәтті? Үшеуі де аямай оқпен атты. Маған да емес не екен жаным тәтті? «Адамда әділет пен мейрім бар» деп, Естілер мұны білмей неге шатты? Хан қайтты мұны естіген ескі беттен, Құшақтап сол баланы сүйді бетен: «Жазасыз қыршын жасты қинағанан, Жөн еді біздей залым өліп кеткен». Мұнан қандай гүл тердік, оқығандар, Құр жазуға қарама, сырын аңғар. Бірі өлтір деп баласын малға сатып, Бірі өлімге шыдаған неткен жандар?» Енді оқырмандар бұл өлең тәпсірдің жұбын, парын және Абай атамыз да қандай аманат бергенін және құрандағы қандай аяттармен сандық байланысатынын тауып, байқамай көкірегіне жара шыққан, ел басымызға таныстырып, маңдай сәзждесі қожалығы оянып, мүмкін жазықсыз құрбан болып жатқан қазақ елінің сертіміздің яғни жаратқанға қайтаруға тиісті аманат періштелеріміздің, әділетсіз заңның құрбан болып жатқанын қарсы шешім шығарып, құдайдың ризашылығын алуға қол созып биғат яғни серт беріңіз! Ал енді діни сауаттылық дегенің ғылымына тоқтала кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет