Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Иман келтіру-намаздар мен амалдар және зейнет алу



бет5/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Иман келтіру-намаздар мен амалдар және зейнет алу.
«Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шарият амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық ділінде.» (321-өсиет) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті бойынша ислам діні дегеніміз, жалпы шарият амалдарын орындау арқылы мұсылман болуда деп ескертеді. Енді қазіргі таңдағы Ханафи масхабы ұсынып отырған дін амалы тек мұсылмандықты қалыптастыру екенін де осы өсиеттен-ақ белгілі болып тұр. Сондықтан, Ханфи масхабын меңгеріп, «Иман келтірдім» деген сөздің де жалғандығын және иманның тек ділмен яғни ұлттық ерекшеліке қарай әйелдер қанындағы ділдік, гендік белгімен ғана байланысты екенін де ескерткен. Сондықтан да енді ділге жалғану үшін пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым.» деген өсиетінен сәжденің яғни Аллаға міндетті болған құлшылықты 7-сипаты болып, ал бұл амалдарды орындау арқылы ғана «мүмін» болып аталатынын білген жөн. Енді шариғат, яғни дін ісі, намазда 4-еу; ораза, намаз оқу, зекет беру, хаж болып, ал бесіншісі ұлтық негіздегі мұсылмандық қарыздар болып; Абай атамыздың өсиетімен; имани гүл, үш сүю болып табылады. Олай болса қазақ халқы үшін алдымен мұсылмандық қарыздарды үш сүюді біртұтас бір намаз қылып орындап, сосын қалған «Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс» деген Абай атамыздың насихатының намазы орындалу керек. Сондықтан да негізінен бесінші парыз қажылық емес, туған жер кіндігімен жалғанатын хаж, кіші қажылық Түркістан болу керек. Ал, масхаб діншілердің ең басты қателігі де, дін ісіндегі білімдік сипатынан жаңылысып, қажылықты бесінші парызға айналдырумен, осындай біреуі негізсіз бес парызды орындағандар иман келтірген, яғни мүмін, момын деп атайды. Бірақ имандылықтықтың, яғни момын аталудың, «иман келтірудің» шамасына ғана байланысты болып, және пайғамбарымыз адам баласының ділімен ғана байланысты өлшенетінін ескетеді. Аятта: «Бәдеуилер: «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейрімді» де» (49-14) Абай атамыздың: «Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлі тіріл, мейлің өл. Танымасың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел, Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Осы аяттың құпиясын тәпсірлеп, ақылыңды пайғамбарға бағындырып, бесіншіңді кемел ақылыңды, өз жобаңды тауып, соның көрсетуімен 7-сүйекпен амал қылмаған, жүректе сәуле болмаса, яғни иман құпия білім болып, жақсылықты жақсы, жаманды жаман қылып уахи көрсетпесе ондай ақирет тылсым тіл білімін меңгермеген қандайда бір дінші, адам баласы иман келтірмеген болып есептелетінін ескерткен. Енді, жалпы исламдық көп жұрттың бекіген дін істерін ғана тура жол қылып алудан, немесе масхаб білімі тура жол деген ұғымның негізсіз және үш сүю амалын орындау арқылы ұлтының құпия даналықтарына, Алланың сүйікті құлдарына еліктеп, сондай болсам, ұқсасам екен деп табынатын, және көрсеткен, білдірген ақылын алып, соңына еретін, билігін жүргізетін, пірдің «Бір»-дің, ақиреттік достың нұсқауынсыз иман келтіру мүмкін еместігін тағы ескертеді. Осы жерден тағы енді өз ара, тіршіліктегі адам баласын пір сайлап, тақуалық қылып, иман келтіргендер тобының қағидасы да өзінен өзі сұранып тұр. Бірақ, осындай пірлеріне табынған, сопылық ағымдағылардың пірлерінің ілімділігі, білімділігі пайғамбарымыздың шапағатына жалғанған, кітабын алған рухани кемелділігі жеткілікті ме? Ал, олардың ілімді, білімділік шамасын қалай анықтап, немен өлшеу керек? Сондықтан тағы аталарымыздың; «Ілімен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген ақиреттік жолдарға жалғанудың, тіл білімінің қағидасы тағы алдыңнан шығары хақ. Және мейлі қанадай сопылық топтағылардың да, егер тек жаңылысқан «қызылбастық намазбен» бес парызды ұран қылып, діннің рәсімін ғана құлшылық қылып алуды Шәкәрім атамыз: «Алдағанға кетің азып, Әпсін оқып үйреніп. Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың бой тұмар.» «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды.» Құранды босқа жаттап, тек қырағатпен оқуды меңгеріп, мақамды жоғалтып, құр мүлгіп, дұға жасап, намаз оқумен құлшылық болмайтынын, керісінше сол жаттаған аяттар малдық қуатар болып бейнеленіп, ал үніңде шайырға айналып, бойыңды баурап, жаныңды өсірмейтінін және одан жан жарланып, жүректің де мазасызданатынын, тазармайтынын білдіреді. Ал, иман –зайыры яғни құпия сыры жүрегіңде білім болып жазылады, сондықтан қанша иман келтірдім деп ақталғанмен білімсіздігіңді, иманыңның әлсіздігін, бәрібір іштей өзіңде біліп, сезесің деп ескерткен. Және де пайғамбарымыздың; «Имандылық адам баласының ділінде.» деген өсиетін қайда жасырамыз? Егер діл білімі ананың қанына, әкенің сөзіне, және жер ана рухына тікелей тәуелді болған өлшемдік, рухани егіндік болып, оны тек жұбайлық өмірмен дәстүрін сақтаумен ғана зейнетелуге болатынын болса? «Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында алған бигі мәңгілік болып ана тілнде сақталып отырады.» (Ғабит Мүсірепов) Ал дін құлшылығында болсын, ғылымда болсын, қазақ даналарының алған бигі яғни ділдік білімі, қандай да арап немесе европалық ғұламалардын әлде қайда биік екенін және сондай діл білімінен ғана, яғни ата баба аруағынан, жүректерінен біздің жартылғанымызды неге мойындай алмаймыз? Олай болса, дін жолындағы меңгерген тарихат, мағрипат және ақиқаттық қанымыздағы ділдік білімнен бас тартып, қызылбастық Ханафи масхабымен ғана, тек намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтып, қанның толық тазарып, қуаттанбай және ақылың толып, ер жасынан келмей, құр саяхаттап қажылыққа барғаннан, немесе құранды арпаша оқып, жаттап алғанан қалай діл білімі зейнетеледі? Әрине мүлде мүмкін емес, және пайғамбарымыздың өсиетіне де қарсылық болып саналады. Енді Раббымыздың үкіміне жүгініп, жалпы иман қалай келеді? Аятта: «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден бір «Рұх» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-53) Иман қуаты, зейнеті тек рухпен, ата-аналарымыздың жандары арқылы бейнелетін уахи арқылы ғана келетінін ашық ескертеді. Олай болса иман келтіру дегеніміз; Құлшылық амалдарын меңгеру барысында әрбір мұсылманның жанына уахи болып, яғни «иман-кітап-рұх» болып, құран аяттарына дәрежеңе қарай алатын үлесің, нұрың, жүректегі зайырың-тағдыр кітабың. Ал, жалпы исламның тура жолға түсу үшін үмметтерге ортақ болған негізгі шарты да, пайғамбарымыздың шапағатына міндетті түрде жалғану арқылы болатын, уахи-бата керек. Себебі аяттарда; «Расында сен тура жолға бастайсың», яғни «аянмен көрсетесің, бата берсің» деп Раббымыз ескерткен. Ал иман қуатының сырын аятта; «Алла тағала сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай –ақ Алла қалағанын істейді.» (14-27) Демек иман келтіргендіктің белгісі, сөз сұхбат білімін жетілдіріу арқылы тіл ғылымын меңгеріп, яғни ақ-бақсылық қасиетімен, мықты сөзі яғни тілеген, берген дұғасы қабыл болушы, елшілік қасиеті, арнаулы бекіген кісі-кітабы, сандық мәндегі сүресі, қорғаушысы болу шарт. Сондықтан дін имамдарымыздың мұсылманның ең басты қаруы, артықшылығы да қабыл болатын дұғасы деп ескерту де, осындай қағидалардан туындағаны да даусыз. Ал енді мықты сөзді тек арап сөз атауларында деп түсіндірген масһабшылардың «намазхан» деп, тек сәждені оқуын ғана басты міндет қылып, адасуларын аятта ашық ескерткенін де қалай түсіндіре аламыз? Бәрібір құраннан жүз дәлел келтірсеңде, мойындап тәубеге құранның хақиқатына келуге тәкәпарлықтары жібермейтіні де сөзсіз. Олай болса, аяттағы; «..Алла залымдарды адастырады.» деген сөздің осындай жағдайға байланысты түскенін білдіреді. Енді осынадай мықты сөз-«рұх»ты, кітап-кісіні зейнетеп, жалғану үшін яғни пайғамбарымыздан уахи, рұқсат алғандар үшін: «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады.» (4-159) Демек әрбір адам баласы тура жолға ұлықсат алғанан кейін, міндетті түрде Інжілді меңгеру, яғни Ғиса пайғамбарымызға, нұсқауларына иман келтіру керек екен. Осындай жағдайда ғана, ескі күнәкәр рухани болмысының күнәсінің өліп, рухының жаңғырып, қайта рухани қайта тірілу сатысынан өтуі керек. Сонымен бірге Ғайса пайғамбарымыз меңгерген жынды тазарту, емшілік, көріпкелдік істерді де меңгеру керек. Және осындай рухани өлім хикметі, тек Ғиса пайғамбарымызбен, хикметті уахи арқылы кездесумен ғана мүмкін болмақ. Сондықтан да аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарпынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) (73) Енді осы аяттың сандық сырын алда қайта тоқталып, дәлелдей жатармыз, ал негізінен осы аяттың үкімін толық зертей білген адам баласына, қазіргі таңдағы бүкіл исламдық топтардың Мұхаммед пайғамбарымызға келген Құранның ғана соңына түсіп, тіптен барлық исламдық діннің Інжілге, Тауратқа және оның құлшылық амалдарына мүлде қарсы болып, аяттағы; «...Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады.» деген Раббымыздың ескертуін қазақ масһаб ғалымдарының артығымен орындап жатқанын күнде көріп, естіп, кітаптарынан оқып отырғанымыз да хақ. Енді, иман негізінен алғашқы 33-санды белгіден кейінгі 34-ші белес, рухани өлімнен кейін ғана қасиетке, кітапқа айналған мықты сөздің, иман болып жүректерге зейнеттелу шарт. «...Алла тағала сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым берілгендердің дәрежелерін көтерді. Істеріңді толық біледі.» (58-11) (69) Толық иман келтірген болып есептелу үшін арнаулы ғылымды, тіл білімін меңгеріп, яғни тау, тас, құс т,б жартылыс әлемінен хабар жеткізетін құпия ілім кітабын алумен және оның белгілі түрлі жағдайда дін ақиқатын көрсетін істерге айналатын хикметі болу шарт екенін ескертеді. Пайғамбарымыздың; «69-сан қауіпті белес» деген өсиеті де бар екенін осы аятың сырын да ескертіп кеткен. «Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауы ұсталады.» (52-21) (73) Демек; Иман келтіру жаннат қағидасымен ғана өлшеніп, біздерден бұрынғы өмірден әулие болып өткен, Алланың ардақты қылып, достары болған, жанаттық ата-аналарымыздың имандарына, хаж амалдары арқылы жалғанумен ғана иман келтірген болып саналамыз. Және енді иманымға берілген хикмет, діл біліміне байланысты ғана намаздық амалдарымызды көбейтіп, және өзімізде өмірден өткенен кейін де, соңымыздан ұрпақтарымыздың да жалғанып отыру, діл заңдылығы иман келтірудің басты қағидасы болып табылады. Сондықтан да арап елдеріне хаж жасап, жүректеріне жалғанумен иман келтірдік дегеніміздің өзі, арап нәсілділері болмаса, біздер үшін; «олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса» өз елімізге жіберілген әулие-әмби елшілерміздің соңынан ілесіп, жалғанып қана, түп негізге Ыбрайым жолына, қажылықа жалғана алатынымызды осы аятпен үкімделіп тұрғаны да хақ. Ал, ділді қалыптастыруды құранда 21-сүре және 21-ші аяттармен белгілейді және 4;7 сандар арасынан ғана табылады. Діл білімі, адамзаттың амалдарының дәптері болып, Алланың берген уәдесі мен амантардың орындалу нәтижесі болып түсіндіріледі. Діл-үмметтердің ішінде әйелзатының қан тазалығынан пайда болатын (11-жұлдыз) ұрпақтық сабақтастықты текті сақтау жолындағы әдет-ғұрып, сал-дәстүріміздің жемісі рухани санамыз, имандылық нәтижесі болып оның ғылымдық белгісін Ата-жолының туындағы Айша анамыздың мазарымен белгіленіп оны қоршап тұрған 21-жұлдыз (11+10-Жүніс) болып шығады. Пайғамбарымыз: «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде, (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) Діліміздегі білімді көкіректе қалыптасатын, гендік үнімізбен, ана қаны, сүтімен ерекшеленіп, және үнемі жермен тұрақты байланысты қалыптастырады. Ал екінші біліміміз ата аманаты, сөз ғылымын меңгерумен, ана тілімізбен анықталады, бұл нәсілдік куәлігіміз, жаратқанға берген уәдеміз болып есептеледі. Енді осы жерде масхаб және сопылық топтағылардың тек араптарға арналған дін шариғат білімін ғана алудан пайда болған құлшылықтар қателігін, және үмметік, ұлттық діл білімінің ерекшелігін, ғылымын анықтау арқылы дәлелдеуге болатыны хақ. Сонымен әлем бойынша жалпы ділдік ерекшелік 9-түрлі болып ерекшеліктері болады. Демек бұл әйелдер жанының да ерекшелігі екені хақ. Діл білімі, тек осы екі білімді меңгерумен яғни тіл білімі және ұлтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы сана қуатын қалыптастыру білімінен пайда болады. Және тіл білімі дегенімізді, ұлтына сай ана қанымен, ата тегімен берілетін өлшеулі несібені; «Бәйшешек бақшасы» және оның амалын иман гүлін меңгеру яғни діл бақшасынан жемісін теру деп те атаған аталарымыз. Бәйшешек бақшасы ұжмақ бағымен байланысты болып, ол бақтан хабар алуды, яғни бәйшешек гүлін теруді, аятта: «...Осылайша Юсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді.» (12-21) деген үкіммен 3х7=21 санымен және қимасы 33-сандық періштелік, біртұтас сахабалық белгілерге тәуелді екенін, сандар тағлымымен де ашық білдіріп тұрғаны да хақ. «Жол кермек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек,(жынды меңгеру) ер жігітке, ғақыл (таза ақыл-рух) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақ) хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап». Абай атамыз осы аяттың, сүренің насихатын өлеңмен өрнектеп, білімін ашып көрсеткен. Сүре саны мен аят орнының белгісі; 12-несібе ана қанымен және 21-санымен көкпен байланысты, діл білімінің түс көріп жоруын меңгеріп, аянға айналуына байланыстылығын ескертеді. Бұндай қанмен пайда болатын діл білімін пайғамбарымыз: «Сендерден бұрын өмір сүрген исрайлдіктердің арасында, пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмметімде сондайлардан біреу болса, ол Омар!-деп айтты.» (1460-өсиет) Адамзатқа ортақ несібе болған, пайғамбарлық қасиетті меңгеру яғни түс жоруын ілімін меңгеріп, Аланың рахметімен, иманы жүрегіне зейнетелген адам баласы, енді құпия кітаптардан анық аян көріп, оны уахи деп атайтынын діншілер білмейді, егер білсе де мойындаса, онда олардың берген пәтуаларына қарсы, білімді сұрақтар пайда болып, жазған кітаптары жарамсыз болып, көптеген өтіріктері ашылатынан да қорқады. Осындай пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруді; «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (4611-өсиет) деп ескертуімен, тілі білімін, ақирет құпия сырын меңгерудің, 46-түрлі пайғамбарлық қасиеттері болып, оның бір ғана түс көру білімін меңгеру арқылы ізгі адамға, яғни мүмінге айналатынын ескертеді. Олай болса жетілген кемелденген мұсылмандықты яғни мүмін болу үшін міндетті түрде түс көріп, аян алу пайғамбарлық дәреженің бірі болып, енді бұндай адамзатқа пайдалы білімді, яғни діл білімін меңгеру үшін амантқа қиянат жасамауды аятта: « Міне бұл, хикметті Кітаптың (ғылым беріліп, иман келтірудің) аяттары. (2)Адамдардың түк білмесе де Аланың жолынан адастыру үшін және тәлккеке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар, үшін қорлаушы азап бар. (6) Оған (әрбір пендесіне) аяттарымыз оқылған (түспен көрсеткенде, бата берілгенде) сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны (пендені) күйзелтуші азаппен қуандыр.» (31-7) Лұқман сүресімен, яғни ата-анаға шүкіршілік амалдарымен, ертең не істейтініңді де, тірі немесе өлі болатындықтарыңды білмейсіңдер, ата-аналарыңнан бодау алу (кітабынан үлесіңді,түспен көрсету) арқылы сендерге белгілер бар, аманатқа қиянат жасап, опасыз болмаңдар,- деп ап-ашық ескертеді. «Білім екі түрлі болады» деген пайғамбарымыздың ескертуінен екі білімді тең меңгеруді діншілер тілімен мағрипат деп атайды. Мағрипатқа жету тек масхаб, болмаса шариғат білімдерінен ғана тұрмайды; Діл білімі болған, барлық іргелі білім мен сөз ғылымын, философиялық дарындылықтар, шешендік, абыздықпен бірге, ақирет білімін, жаратылыс зайыр сырлары мен тілдерін меңгеру шарт. Сондықтан мағрипаттың да 10-түрлі дәреже ерекшелігі де болу керек. Ал, діншілердің масһаб білімін тура жолға айналдырып, кейінен шатасып және ойдан құрастырып алған, мұсылмандық бес парызбен иман келтірдім деп мақтану жалғандық болып, өзімізді –өзіміз босқа алдайды екенбіз. Олай болса онда әрі қарай не істеу керек? Пайғамбарымыздан; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айтың ба, иманды кісілердің жолын ұста(600-өсиет) Енді Раббымыздың барлық жартылыс нәрселерін жұбымен және түсінікті болу үшін парымен жаратым деген үкімін назарға алып, пайғамбарымыздың бұл ескертуіне; «Дінде сахабалар жолын ұстаныңдар!» деген өсиетін жалғасақ, онда қазақ халқы үшін иманды кісілеріміз, пайғамбарымызбен бірге соғысқан сахабалар; Арыстан баба, Укаша, Ерқоян, Құттықожа сахаба сияқты аттары да әлі жарыққа шықпай жатқан жүздеген сахабалық дәрежесін меңгерген аталарымыз бен және кейінен келген Қорасан ата, Ысқақ бап, т,б олардың жолын нық ұстанған қожалар, бақсылар болып, абыздарымыздың басы Қорқыт ата, шопандықты меңгерен Шопан ата, Зеңгі баба сол сияқты пірлердің пірі болған Бекет аталарымыз, әулиелер пірі болған, Тектұрмас әулие және әлемдік жоғары дәрежелі әулиелер болып саналатын Қажы бабамыз бен оның және Мұхаммед пайғамбарымыздың рухани ұлы болған, Ясауи бабамызға және барлық қазақ шығармашылығының, мәдениетіміздің үлгісін қалыптастырған Абай-Шәкәрім аталарымызбен осындай философиялық құндылықтарды қалыптастырған, жалғаған жүздеген иманды кісілермізді де атауға болады. Әрине бұл жерде араптардан шыққан сахабалар мен және парсы, түркі елдерінен шықан философ, абыз, әулиелерді де жоққа шығаруға болмайды да, бірақ оларды бізден де көрі жақыннан таныған, зерттеген өз ұлтымыздың ділін қалыптастырған ғұламалар берген бағалары арқылы танып, олардың еңбегіне сүйену, ұлттық, үмметтік ерекшелгімізді сақтау да иманың басты шарты екенін білген жөн. Әрбір ұлттың өзіне тән, тілі мен ойы (ділі) бөлінбеген сөз шеберлері, даналары бар. Сондай иманды кісілердің жолын ғана ұстап, иманға жол табуға болады деп ескертіпті пайғамбарымыз: «Иман мен амал егіз нәрсе, оларды бөлу келіспейтін нәрсе.» (325-өсиет) Олай болса, амал дегеніміз, әрбір ұлттың нәсілмен, жер рухымен, сөзімен ғана байланысты уақтық қозғалысты, малдық қуаттарды қалыптастыратын намаз болып, өзге халықтың намазына, амалына яғни әдет-ғұрпына жалғанумен иман хикмет, білім болып келмейді деген ұғымды ескертіп тұр. Қазіргі таңдағы толып жүрген дін топтары мен олардың уағыздарына осы пайғамбарымыздың осы екі өсиеті ғана жауап беріп тұрғаны хақ. Енді бұл уәжге де тоқтамай; Кімнің соңынан ергенде иманды табамыз? Дін неден басталуы керек? Мүфтиятық діншілеріміздің ұсынған жолымен иманымыз кәмелетке жете ме?-деген сауалдарға бұл аяттардың(хадистердің) тағы парын қоссақ; Пайғамбарымыздан: «Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есептеледі.» (567-өсиет) Иман тек білім арқылы ғана келетін болса, онда біздердің діншілеріміздің бес парызбен, сәзжде жасап намаз оқуды жетілдірумен-ақ жананатқа кіресің, деген амалдары білімізді жетілдіріп, заманға сай ойлау қабілетін қалыптастырып, ғылымда үздік болуға жол аша ма? Әрине жоқ. Оған дәлел керек болса, масхаб, муфтият дін ғалымдарының осы басылымға дейінгі жазылған, Абай-Шәкәрім шығармашылығымен, философиялық ойшылдығымен салыстырып, жүздеген қателерін көрсетуіміз нақты мысалға, салыстыруға тұрары да сөзсіз. Сондықтан да, ұлтымыздың рухани жетілуін осы заман білімімен өлшеп қана қателіктерін көрсетіп және жақсылыққа қарай жол ашатын және өзге ұлт өкілдері де, өзге мемлекеттердің даналары, ғалымдары да мойындаған ата-аналарымыздың артында еңбегі қалып, «иманды кісілер» екендігіне, яғни әулиеліктеріне нақты дәлел болып, осындай хикметі бар ойшылдарымыздан әуелі білім іздегеніміз ақылға мақұл болмай ма? Енді жалпы ғалымдарымыз, сөз өнерін меңгерген жазушыларымыз және діншілердің амалы жоқ мойындаған, Шәкәрім сопы-ғалым атамызға жүгінейік: «Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық... Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан, Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан. Тегін білсең-аласың, бос береді, Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан...Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық, Асыл сол-ақыл, білім бойда барлық. Айла, өтірік, арсыздық өнер емес, Мен де анаудай болсам деп таласарлық... Мынау Абай-бір ғалым жол шығарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық.... Мидағы ой-тамырға жол салалық, Жүрекке оймен сынап апаралық! Ақ жүректің ғадалат қылған ісін Қабылдауға қызғаныш қозғалалық! Аспандап аса бермей шақталалық, Аласыздық, адалдық жақты алалық! Өтіріктен жалығып, өнер тапса, Біз сонда жетілдік деп мақтаналық!...Елемесең есіңе енбейді ақыл, Ескерсең, осы сөзім сендерге анық...Жақсы білім іздеуге жалықпалық! Табылмаса, тарығып, талықпалық! Салақтықты қоялық, сақ болалық! Білгенді, білмегенді анықталық! Ғалым көрсек-әр істі сұрасалық! ..Өстіп істеп өзіміз қамданбасақ. Бізге ақыл үйрете алмас мына халық... Күнде көздеп, мінезді тексерелік! Айланы, ақыл демей, сескенелік! Адалдың жолында өлсек, арман бар ма? Ақты аныққа шығарам деп көрелік!..Надандықпен қарнымыз тоқ демелік! Біз білмеген еш амал жоқ демелік! «Айланы ақыл, арсыздық әдеп қой» деп, Арамды адал, асылды боқ демелік! Ақылды сол-ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол-арамдақпен жан сақтайды. Адал сол-таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды...Өнер қылма ар сатып, жалданбақты! Ұлық болып, елді жеп малданбақты! Біреуді жеп, біреуді табамыз ба, Қашан жақсы көруші ек алданбақты? Өлсең де ондай сөзге құлақ салма! Ардан күсіп, ақылдан құры қалма! Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы, Білімі жоқ наданың тілін алма!..» Шәкәрім атамыз білгендермен, білмегенді иманды кім және надан кім екенін анықтау үшін, Абай аталарыңнан сөзді өлшеп, сөйлеуді үйренуден бастаңдар үгіттейді. Тархыңды «Елемесең есіңе ақыл енбейді» деп дінің де білімнің де жетілуі де, сөз тарихын зерделеп, иманды ата-бабаларымыздың жақсы істерінен ғибадат алып, амалға алудан бастаңдар деп насихаттайды. Ал Міржақып атамыз қазіргі таңдағы тарихат-сопылық жол, деп құр діннің сәзждесін алып, білімін ұмытқанын және қазақтың ендігі тарихат жолы шежіресі мен білімнен іздеуді; « Е Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих нет айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп,не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады.» деп дінің ендігі ұрпақтарға жүретін жолын, бағытын, мектебін де өздеріңнен іздеңдер деп түсіндіріп кетіпті. Кешегі кеңес үкіметінде де тарихта өз орнын ойып ала білген Ғаби Мүсірепов атмыз да; «Абайға табынбайтын адам-ақылға табынбайтын адам!..Ал Абай бой түзеймін дейтін адам үшін адамдық қасиеттің бірден-бір белгісі-ойланудың, ой өсірудің құралы! Абай «сөз сарасын» қадірлеген ұлттың және сол ұлтың өкілі екендігін мақтан тұтқысы келетін азаматардың рухани бойтұмары..» Ал ендігі біздердің бұрынғы аталарымыздан ерекшелік, жаңадан қалыптасқан салтымыз, дінімізде де «намазхандық» артықшылығымыздың өзі, ғылым-білімге, тарихымызды меңгеруге, тарихаттан хабар алып, сөз даналары болған иманды кісілерімізге жалғанып, құлшылығымыздың кемшіліктерін көрсететін, тарихат жолына деген мұқтаждықтың жоқтығына не себеп болды? Әрине қоғамда даналықтық орнын атақ дәреже, тақпен, дүниемен өлшеген қауымның іс басына келіп, жалпы ғылымда да, дінде де, тәкәпарлықтың пайда болуымен екені де сөзсіз. Осындай ел басшыларының тәкәпарлығының салдарынан, бұрынғы бабаларымыз меңгерген ілімнің, ендігі білімге айналған сипаттағы, мектептік бағыттағы ұлттық тарихатымыздың ілімдік сипаты туралы айтпасақ та болады. Ал тарихатымыз бен мағрипатымыздың білімге айналған бұл салада, тарихшы, философ ағайындарымыз да, ғалымдарымыз, жазушыларымыз да еңбек етіп, мыңдаған кітаптардың жарық көріп жатқаны оқушы қауымға анық жағдай. Мұндай тарихи оқиғалардан пайда болған және бұрынғы дінде үздік болған баларымыздың рухани шығармашылық еңбектері, құпия жан сырлары біздер үшін мағрипат яғни діл білімі болып, енді осындай ұлтық құндылықтармыз ділдік білім арқылы іліміне де оңай жалғануға болатынын, діннің негізгі құлшылық сыры және ұлттың негізгі меңгеруге тиісті, ақиреттен хабар алу, тіл білімінің дін сынағы, ұлтымыздың аталардан қалған аманат рухани жүгі болып есептеледі. Сондықтан да, қазақ халқының басқа ислам елдерінен айырмашылығымыз да, дайын мағрипат біліміз бар және тарихат ілімін де тікелей иманды кісілерімізге жалғану арқылы, меңгерген ілімдерін уахи, аянмен көріп, білімдік кітаптарына, аруақтық қуатарына жалғану арқылы зерделеп, зертей аламыз. Демек, дініміз мағрипаттан, білім-ғылымды меңгеруден Абай атамыздың ойшылдық ұстанымын, философиясынан бағдар алудан басталуы керек! Абай атамыздың еңбегі дінің философиясы болса, Шәкәрім атамыздың еңбегінің жалғасы және ғылыми теология болып табылады. Білімсіз иман келмейді, деп ескертеді пайғамбарымыз. Олай болса білімсіз, дін ілімін, араптарға, арғы бетегі қызылбастық елдерге еліктеп, тарихи оқиғалардың пайдалы зиянды жақтарын өлшеп, сөзбен таразыламай және намаздарын да тегіс өлшемей алып, орындауға тырысқанан мүлде адасамыз және адасқанымзға да елге келген рухани сынақтар ашық белгілер де жеткілікті екені де даусыз. Сондықтан біздер үшін, енді Ясауи бабамыздың 3-түрлі сәни дәптері құранның толық түсіндірмесі, тура жолдың нақты қағидасы бар екенін ғалымдарымыз да, жалпы ойшыл, діншіл қауымымыз да білмейміз. Және қазіргі бар білгеніміздің өзін, қалай, қай жерінен бастап меңгеруді, тағы да ұмытып қалғанбыз. Пайғамбарымыздың жоғарыдағы өсиетін негізге алсақ, білім әуелі адамның ділінде, яғни әйелзатының қанында, яғни ана үнінде, сүтінде, екінші ана тілі еркектің қанында сөз қорында, ұрығында, нәсілдік белгісінде, белінде аталар аманаты өсиеттерін меңгеруінде деп ескертеді. Аталарымыз діл туралы; «Қызылбастан (парсылардан) қыз алсаң үн жоғалар, үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар» деп ескертіп, пайғамбар өсиетін де тәпсірлеген екен. «Әлмисақ» куәлігі дегеніміз, еркектің көкірегіндегі ұжданымен байланысты яғни жүрегіндегі, қанындағы 11-жұлдызды айтады. Ал үн-уәде болып, яғни «Діл» байлығы, әйелдеріміздің, қыздарымыздың қанындағы 11-жұлдыз болып есептеледі.Сондықтан рухани негізде; екі жарты бір бүтін болу, неке арқылы 22-санды «хажды» береді. Сөз қуаттылығымен еркектердің 11-түрі, үн қуаттылығымен әйелдердің 11-түрі болу керек! Ал, еркектердің рухының 11-түрлі жыныстық қуатпен байланысты болып, 11-санды түріне пайғамбарымыздың өзі жататынын білдірген Айша анамыздан қалған өсиет те бар. Олай болса хаж- некенің, адамзаттың жарығының ақ бастауының таза бұлағы болып, ата және анамызбен кіндікпен, табанмен жалғану, ақ табанға айналу дінде; «аяқ-талдыру», аяқтандыру, көліктендіру яғни сенім қуатын, ар сауытын қалыптастыру деген астарлы мағынаны беріп тұрғаны сөзсіз. Және енді бұндай құлшылық істерді 11-санды сопылар таспихы белгі беріп, 11+11=22+11=33 сандарының жүйесінен, біздердегі масхаб білімі қарастырмағанымен, бәрібір иманды кісілеріміз, әулие –әмбилер жолын ұстап, яғни тарихат, мағрипат білімнен жалғанып қана иманымызды бекітіп толықтыра алады екенбіз. Адамзатқа берілген басты қасиет еркіндік, ол ақылдың азаттығы. Сондықтан ақылды азат қылып, мейлі пайғамбар, әулие, ғалым айтты десе де, ғылымына күмән келтіріп, тек рухани негіз жаратқаннан түскен киелі кітаптармен салыстырып барып, иманды ақылмен өлшеп қана келтіре алуымыз, жүреке сіңіру арқылы зейнетелетініміз де ақиқат. Олай болса, сөз білімін жетік меңгеріп; ойшылдық, шешендік, сәуегейлік, абыздық данышпандық арқылы ғана, сондай қасиеттерді меңгерген, өз ұлтыңның иман келтіріп, жер бетінде нақты белгісі қалып, хикметімен үлгі болған, халықтың біртұтас мойындаған кісілерімізден, хакимдерімізден, даналарымыздан яғни әулие-әмбилерден үлгі алып, жақсылығына, өсиеттеріне, аманаттарына табына білу арқылы ғана, жаратқанның нығметіне жетеміз. Ал енді исламда, тек арап елдеріне ғана белгілі болған, білімдерді меңгеріп және құранды арап тілін меңгеру арқылы даналыққа, тақуалыққа жетуге болады дегендер үшін; «Пайғамбарымыздан; «Кісі істеген күнәсінің салдарынан ризықтан мақұрым болады. Тағдырды тілек қана тоқтады, өмірді ата-анаға істеген жақсылық қана ұзартады (Сәубаннан 29-өсиет) Бір ұлттың үмметтің ішінде, өзіңді дүниеге келтіруге себепші болған, негізінен әке-шеше деп атап, ал сенің әке-шешеңді өмірге әкелуге себепші болған, шежіремен жандық байланыстағы, әулие-әмбилер яғни жанаттағы бүкіл адамдар, біздер үшін қашанда ата-ана болып есептеледі. Сондықтан құрандағы, пайғамбар өсиетеріндегі ата-ана ұғымын өлілер мен тірілер арасындағы байланыс, көпір есебінде түсіндіріледі. Және өзгермейтін мықты сөз болып саналады. Мысалға, әрбір сөздің оң солы және астарын білу үшін, теріс қарай да оқлылатынын ескерген жөн. Сонымен; Алла, ата, ана, қазақ т,б осындай көптеген атуалар қалай оқылса да мағынасын өзгерпейтін сөздерге жатып және кейбір сөздердің теріс қарай оқылғанда да мағынасы белгілі бір қуактты белгілейтіндері де бар. Ондайларға Ат-Та, Ас-Са, Қа-Ақ, Ар-Ра, Ек-Ке, Ен-Не, т,б үш, төрт таңбалы да көптеген атаулар; Хау-Уах, уақ, Ғұн-Нұғ,Нұх, Сақ-Қас, Лам-Мал, Ман-Нам, Лама-Амал, Намаз-Заман т,б бар екені даусыз. Сонымен бірге Құрандағы барлық сүре атаулары да көркем есім, Алланың аттары яғни мықты сөздер тобы, періштелері болып саналады. Ал, адам баласы періште болып туылғанмен, періште болып күнәсіз ер жетуі мүмкін емес, сондықтан біліп, білмей істеген күнәлардан толық тазарып, тәубеге келмейінше құраннан ризық, насихат-кітап алу тағы да мүмкін емес, және «тіл+ек»- тек ана тілімен «егіліп», ата-анаға яғни әке-шешеңнің, руыңның, ұлтыңның ата-анасына жақсылық жасамай, Алла Тағалаға жақындау мүмкін емес,- деген пайғамбарымыздан аят-өсиепен; «Атаны сыйлау Алланы сыйлау. Атаның алдында күнә іс істеу, Алла алдында күнәкәр болумен бірдей.» (529-өсиет) Енді қазіргі таңдағы Ата-жолы, дегенді халыққа жиренішті етіп, бүкіл әулиелер өткен сара жолымызды, тарихымыздан өскелең ұрпақтарымызды түңілдірумен және осындай пайғамбарымыз өсиетеріне, Құранның 31-ші сүресіне қарсы шығарған, шерік қатып, яғни сөзде шектен шығып ортақ қосу амалына жатпай ма екен? Аталар өткен рухани жолымыз, Шежіре-Аманат тағдыр сөзі болып, рухпен Адам атадан келіп, адам тіршілігінде иманға айналып, кісі-кітап болып қалыптасады да, әрбір пенде сол аманат кітабын оқып, тазартып өмір сүру барысында кейін амантын, өз орнына ақиретке қайтып беру керек. Ал бұндай әулиелеріміз меңгерген жан ғылымы да болашақта дәлелденетін тарихаттық, мағрипаттық масхаб білімнен жоғары тұрған иман келтіруге байланысты діннің де бір құпиясы екені сөзсіз. Бұл құпия сырды Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан.» деп, өзге елден сөзді, хажын іздемей, әуелі ұлтыңа тән, ділдік рухани амантты қайтаруды, дін саудасын ескертіп кетіпті. Бұл құпияны да пайғамбарымыз: «Аманатты уақытында қайтару пенденің несібесін арттырады, ал оған қиянат ету жамандыққа, мұқтаждыққа алып келеді.» (323) өсиетпен имандылықтың сопылық, яғни қазіргі таңдағы білімге айналған таихаттық, мағрипаттық негізгі дін, діл амалын да көрсетіп кетіпті. Ал, ділдің яғни жандағы құпия білімнің, ана тілін жетік меңгермей, және ата аманаты уәдесін, сөзін, намаздармен амалдарға айналдырмай, заманға қарай өлшенетін тақуалықтың да қалыптасуы мүмкін емес. Масхаб білімі ұсынған мыңдаған жыл өтіп, тозған, діл білімі, бұл тұрғыда, қазіргі заман тақуалық, білім, ілімділікті қалыптастыруға да жеткіліксіз екенін білген жөн. Ал, негізнен ділдің тазарып, серіктік бейнесінің, алтаудың қалыптасуы да адамның басы мүшелерінің тазалығымен, және шашының түр-түсімен айқын көрнісін береді. Әйелдің басы еркектен, қабырғасынан, яғни ұрық суынан жаралып, ерге қайта өткізу негізгі аманаты болса, ал еркек басы құдайдан аманат. Сондықтан әйелдің сәждесі ерекпен ара қатынасымен нәтижеленсе, еркек сәзждесі құдай патшалығынан алған үлесімен елшілігімен нәтижелену шарт. Олай болса, намаздарымыз амалдармен, яғни салт-дәстүрімізбен, ұлттық ерекшелігімізбен орындалып, тән және сөз амалдарын қалыптастырып, рухани сүнетелу болып табылады. Халқымыздың рухани санасын қалыптастыру дегеніміз де, осыдай жағдайлардың құлшылық тұтастығынан ғана пайда болады. Және дін құлшылығы да, ұлтық негізде, мешіт дін рәсімдерін орындау орындары мен, мәдениет құзырлы орындарының бір мәмілеге келіп, ата-салт дініміздің рәсімдік сипатын толық мойындау арқылы орындалу керек. Ал, енді рухын тазартып, жанды өсіруге бағытталған құлшылық істері де, әрбір пендеге жеке-жеке шамасы, қабілеті, діни, рухани сауаттылығы арқылы орындалатын жаратқанмен екі арадағы құпия болған, мысалға ораза ұстау сияқты дәрежеде құпия байланыспен орындалатын амалға, яғни көктегі жеті жолдың бірін көріп, жалғанып, жекелей алған жобаға жатады. Бұл намаздарды Абай атамыз; «Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» Ал бастапқы үшеуі дегенімізде, Құранға дейінгі түскен, үш кітаптардың пайғамбарлары меңгерген шариғаттық ұстанымдарымен және соңғы төрттің де өз жеміс беру үшін де, алдыңғы екі кітапты да қамтыған Інжілді толық меңгеріп, Ғиса пайғамбарымыздың әскерлеріне жалғанбайынша және ұлттық ерекшелік әдет-ғұрыппен, негізгі шежіре тарихымызға жалғанумен, яғни тарихатпен тығыз байланысты екені де даусыз. Ислам әлемінің ең басты қателігі және қазақ муфтият, масһаб дін ғалымдарының дінге жасаған ашықтай қастандығы да, осы имандылықтың алғашқы екінші бөлігін, үш сүюдің философиялық, жан сырлық білімдерін меңгермей, ілімін мүлде жоғалтуымен халықты діннің ескі бастауы «кинизм» әдетіне әкелумен көрінеді. Бұл жағдайды пайғамбарымыз ерекше тапсырып, өсиет қалдырған: «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (құранға дейінгі дін ұстанымдарын) әдет-ғұрпына сүйем бе, сүйем, кез бе, кез (қолмен-інжіл, аяқпен байланысты-тәурат ілесіңдер, Ыбырайым жолы) ілесіңдер тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер,» деді. Біз: «Уа, Алланың елшісі! Яһудилер (Тәураттықтар) мен христяндардың (ғұрыптарын) айтып тұрсыз ба?»,-деп сұраған едік, Ол: «Басқа кімдер болушы еді?»-деп айтты». (1378-3456; Әбу Сағидтан) Тәуратпен Інжіл амалдарын және Зәбур өсиетімен, бақсылық, емшілік істерімен тұтастай толық орындаған қазақтың әулие-әмбилерінен, ата-бабамыздың әдет-ғұрпынан артық дін ұстанымын әлемде кездестіру де қиын шығар. Рухани егінді жетілдіру үшін еңбек етіп; «Атаңа не қылсаң алдыңа сол зейнет болып келер», «Бейнет түбі зейнет» деген аталарымыз. Осындай діннің негізгі жанды сүннетеу қағидасымен, пайғамбар көрсеткен және көзін көрген сахабардың да, өмірден өткенен кейін ұмыт болып, діннің тек араптарға түсірілгенін ғана бөлшегін алып, дінді аздыратынын алдын ала ескерту алған пайғамбарымыз түркінің ұрпағы болған; Арыстан баба арқылы құрма мұғзижасымен, масхаб ұстанымдарын жетілдіріп, бірлеген дінді түркі жеріне алып келіп, түп негізге қосып, зікір амалдарын көрсетіп, сол уақыттарда ислам діннің, тура жолдың қазығы, 40-қақпалы Сайрамда қағылғанын ұмыттыруға, жан-беріп жан алысқан, ақпараттық дәрежедегі дін соғысын өз бауырларымыз, қазағымыздың қолымен де атқарылуда. Бұндай зұлымдықтан шығудың бірден-бір амалы; қазақ халқының намаздар мен амалдар ерекшелігін және ділі де, діні де ойшылдық, философиялық көркем сөздерінің де ақ бастау бұлағы; Ясауи бабамызды зерттеп, зерделеу үшін Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегін жеткілікті түсінуіміз шарт. Ал, мұндай күрделі діл білімінің ақ-қарасын айыру үшін де, Құранды қазақ тілінде аударма арқылы сөз астарларын зертеп және міндетті түрде сандық мәндегі ғылымдық насихатын да меңгеру керек болады. Ендігі замандарда барлық рухани шатақ та, адасуда құраннан пайда болатынын, және Раббымыздың «Құранды теріске, өзіне зиянға алатындар бар» деген ескертуіне мән қойып, діншілер, философтар зертегендеріміз де аз. Дін ғалымдарының құранды арап тілінде оқымаса, ойлау жүйесі, ділің дамып, сана өспейді деген, надандық пәтуалары, парыздық ұғым болып әбден бекігені соншалық, арап тілін меңгермеген дінші емес,- деген ұстанымды үкімет, ел басқару және зиялы қауымда қолдайтыны хақ. Ал шындығында солай ма? Құран, жаратқаннан арап тілінде түсіргендіктен және сүйікті пайғамбарымызда сол ұлттан болып табылғандықтан, арап тілін құрмет тұтып, құранды қастерлемейтін қазақ баласы да аз болар. Бірақ, бәріміз құранды арапша оқығанмен, ана тілі қанымен берілген араптардан артық меңгеріп, және пайғамбармен бірге болған сахабалардан артық білімді болып кете аламыз ба? Және құран араптардың өзінде де тұрмыстық тіл, және құран тілі болып, екіге бөлініп, құран тілін кез келген арап баласы меңгере алмайтынын тағы да ескерген де жөн болар. Құранды араптардың өзі теріске алып, зұлымдыққа түсіп жатқанына арап еліндегі «көктем» оқиғасы да жеткілікті дәлел емесе пе? Егер, діл тек ана қанымен ғана жетіліп, сондықтан әке рухынан келетін сөз бойынша ойшылдығымыз, жаннан бөлек жағдайда, арап тілін бейнелеушіге айналу мүмкін бе? Әрбір ұлттың ана тілі жер ана рухымен тікелей байланыста болып, ол ұлт үшін ана судың тілі ал, өзге тіл, оттың тілі болып саналатынын да ескерген жөн. Аталарымыз «Бір тілің су, бір тілің от, екі тілде сөйледің адам, байқамай діліңді бұзып алма, адам!» деп ескертіпті. Арап тілі, құран тілі, арап ұлты үшін көк суының негізі болып, ал біздер үшін, құран тілі рухтың тілі, оттың тілі болып саналады. Құран тілі жалпы адамзатқа да ортақ көк суы болған, яғни жарыққа айналған, әлемге құлшылық ортақ рухты тазалауға оңай, рухани тіл болып саналады. Сондықтан 30-парамен, яғни негізгі түсірілген кітаптармен де, бүкіл адамзаттың Нух пайғамбарымызға дейінгі өткен нәсілдерге жалғануға болатын құпия сыры тағы да бар. Ал от пен су тілінің арасын жалғауға, жаратушымыз 22-түрлі ағашты және 11-түрлі көке жалғанатын қөркем сөз ағашын да жаратқан құпия сыры да бар. Барлық негізгі көкке жалғанатын ағаштың саны 33 болып, оның 29-шысы қаж, яғни Ыбрайым жолының ағашы болып есептелді. Енді осы 33-санның біліміның 30-ы, Құран аяттарымен беріліп, ал қалған 3-парасын, 10-кітабын қайдан аламыз? Және Мұхаммед пайғамбарымыздың, Құранына 47-санына жалғану үшін ол да жеткіліксіз екені де хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет