Ятрогенияның дамуындағы науқастың мінез-құлқының маңызы
Клиникалық қателер
Қателерді қалай азайтуға болады?
Қорытынды
Ятрогендік аурулар
(грекше iatros дәрігер + genes шығару, құрастыру;) –медициналық қызметкерлердің деонтологиялық қателіктерінің – қате, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда болатын психогендік бұзылыстар.
Дәрігердің сөзі немесе ісінің әсерінен пайда болатын пациенттің денсаулығының бұзылыстары дәрігерлерге ертеден белгілі. Дегенмен, «ятрогения» термині, 1925 жылы немістің психиатры О. Бумке «Дәрігер жан күйзелістерінің себебі ретінде» атты еңбегін жариялағаннан кейін, кеңінен тарап кетті.
1970 жылы халықаралық аурулардың классификациясы шықты. МКБ-10 бойынша, ятрогения – бұл алдын-алу, диагностикалық, емдік шаралар кезіндегі ағзаның функцияларының бұзылуына, қалыпты қозғалыстың шектеуіне, мүгедектікке немесе өлімге алып келетін дәрігерлік қателерді атаймыз.
Профессор С. Я. Долецкий, ятрогенияның классификациясын ұсынды: Қарым-қатынас кезіндегі ятрогения Алиментар-лық ятрогения Медикамен-тоздық Манипуля-циялық Наркозды-реанимация-лық Хирургиялық Сәулелік Қарым-қатынас кезіндегі ятрогения – деонтологияны сақтамағандықтан
Алиментарлық – науқастардың дұрыс тамақтанбауынан болады
Медикаментоздық – дәрілердің жанама әсерінен пайда болатын (аллергия, шок, асқ. жарасы, т.б.)
Манипуляциялық – инвазиялы диагностикалық әдістерді көп қолданғаннан пайда болатын (биопсия, эндоскопия)
Наркозды-реанимациялық – медицинаның осы саласында жиі кездесетін асқынулар (тыныс пен жүректің тоқтауы, мидың бұзылыстары)
Хирургиялық – ота жасау кезіндегі жіберілген қателіктер
Сәулелік – рентген және лазер сәулелерінің, радиоизотоптары-ның жоғары мөлшерде жіберілгендегі ағзаға патологиялық әсері