Өзін таныту тренингі. Бұл мінез-құлықтық психотерапия әдістерінің бірі, өзіне деген сенімділікті арттыру тренингтеріне жақын келеді және Сэлтердің (Salter A.) шартты-рефлексторлық терапия негізінде пайда болған. Автор тұлға бойындағы өзіне деген сенімсіздік, өзін-өзі тежеу – бұл оқыту, үйрету процесінде оларды келеңсіз мінез-құлықтары үшін жазалауда пайда болады деген болжам жасаған. Өзіне деген сенімділік – бұл адамның өз ниетін, қажеттілігін, махабатын, наразылығын, ашуын білдіре алу мен сын айта білу білігі. Тұлға бойындағы сенімділікті қалыптастуры үшін мыналар ұсынылады:
1) өзін сенімсіз сезінетін және көңілінде қорқыныш сезімін ұялататын әлеуметтік жағдаяттар тізімін жасау;
2) сенімсіздік тудыратын жағдаяттарды қиындық дәрежесіне сәйкес бөліп, оларды шешуге негіз болатын жолдарын, нұсқаларын қарастыру;
3) әрбір жағдаят бойынша өзін сенімді ұстауға, қорқынышты жоюға негіз болатын альтернативті мінез-құлық реакцияларын анықтау;
4) өзіне сенімділікті ұялататын мінез-құлықтарды бойында қалыптастыруға жаттығу;
5) мінез-құлқындағы өзгерістерді қиындық дәрежесіне сай рөл таңдап басқа адаммен бірге немесе айна алдында жаттығу, өз бойында қалыптастыруға тырысу;
6) әлеуметтік контактіде үрей мен қорқынышты жеңуге бағытталған эпизодтарды және оны шешу жолдарын қарастырып, тәжірибеде қолданып, өз бойына қалыптастыру, бекіту.
Өзін таныту тренингі көбіне невроз, психопатияға шалдыққан науқастарды емдеуге, мінез-құлқында түрлі кемшіліктері бар жасөспірімдерге жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |