Юриспруденция кафедрасы



бет26/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

Талқылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік аппарат ұғымына сипаттама беріңіз?

  2. Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы дегенді қалай түсінесіз.

  3. Мемлекеттік аппараттың қызметі қандай принциптермен реттеледі?

  4. Мемлекеттік органдардың түрлеріне тоқталыңыз, олардың атқаратын қызметтері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


    1. 11\-",';''
    Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  2. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.



6-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
Мақсаты: Мемлекеттің типологиясы, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері туралы мағлұмат беру.
Жоспар:

  1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері.

  2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

1.Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері. Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеғттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процессі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы, мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданылатынын көрсетуге тиіс.
Мемлекет пен құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы: Рим құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империясын франктер басып алып өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византия императоры Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, айтқан құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір – біріне сәйкес болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин мемлекет пен үстем таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінеді: құлиеленушілік, феодалдық, бужуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.
Мемлекеттің негізгі мақсаты – бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті – бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осылай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан таптың құрылуымен байланысты анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекет алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан – таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде мемлекет де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттері марксизм құлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бұл мемлекеттерде құлиеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді. Мемлекеттері туғызған басқа жағдай – географиялық жағдайлармен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде – Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс – өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияға марксизм құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық- қоғамдық формацияиен тығыз байланыста дамуға тиісті. Бұлардан басқа марксизмге өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан құлиеленушілік қоғам арасындағы, құлиеленушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазиялық және социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ, бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типіне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың ХХ ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек қана социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап, нарықтық экономикалық елдерге айналып, демократиялық қоғам құру саясатына көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жоқ (Куба, Солтүстік Корея, Қытай, Вьетнам).
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де болу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияны сыңар жақ түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің экономикалық базисін зерттеген де оған қоса қоғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет – ғұрыптарын, әр топтың саналары мен құқықтарының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты – жеке адамның, бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбегін қарым – қатынастарын жақсы білу – мемлекетке мінездеме беруүшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат – сол топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті бізде цивилизациялық әдіс деп атайды. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара қолданды деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен, цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана – сезімі жоғары деңгейде болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет