23
Психологиялық қолдау
депрессия, мазасыздық және себепсіз қорқыныш
белгілері болған кезде науқастың толық физикалық белсенділігіне кедергі
келтіруі мүмкін кеңес беру мен кері байланысты қамтиды. Мінез-құлықты
өзгерту стратегиясы және өзін-өзі күтуге көңіл бөлу өкпені қалпына
келтірудің маңызды компоненттері болып табылады. Стратегиялар мақсат қою
және мәселелерді шешу, шешім қабылдау, емдеуді ұстану және күнделікті
жаттығулар мен дене белсенділігін сақтауды қамтиды [23].
Темекі шегудің зияны мен темекіден бас тартудың қажеттілігі туралы,
жұмысты дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі, салауатты өмір салтын ұстану,
оның ішінде рационалды тамақтану туралы кеңес беру керек. Тыныс алудың
арнайы әдістерін, сондай-ақ физикалық энергияны сақтау қағидаларын үйрену
пайдалы. Емдеу туралы, оның ішінде препараттарды дұрыс қолдану туралы
түсініктеме қажет. Осы мәселелердің барлығы пульмонологиялық науқастарға
арналған денсаулық сақтау және превентивті медицина мектептерінің оқу
бағдарламаларында қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: